Жолдасбек КӨШЕРБАЙҰЛЫ
Жолдасбек КӨШЕРБАЙҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
2533 материал табылды

Аймақтар • 02 Тамыз, 2022

Су үстінде лотос гүлдеді

Тылсым табиғаттың таңғажайып сәті көп. Жыл сайын осы мезгілде Атырау облысындағы Қиғаш өзенінің сағасында лотос гүлдейтін аумақ бар. Лотостың гүлде­генін тамашалауға келетіндер саны көбейеді.

Медицина • 01 Тамыз, 2022

«Артель» сыйлаған аппарат

Тыныс алуы қиындап, оттегі аппаратына таңылған сырқаттар бар. Атыраулық 6 жасар Раяна Құбышева туғаннан оттегі аппаратына тәуелділіктен әлі арылған жоқ.

Білім • 29 Шілде, 2022

Мектеп түлектеріне – білім гранты

Атырау облысында жалпы білім беретін 200 мектеп бар. Биыл орта мектепті 5 999 түлек бітірді. Өңірдегі кадр тапшылығын жою үшін түлектердің маман­дық таңдауына, жоғары білім алуына қандай көмек көрсетіледі?

Аймақтар • 28 Шілде, 2022

Атырау мұнай өңдеу зауыты жұмысын тоқтатты

Сәрсенбіде, 27 шілдеде Атырау облысында қатты жел соғып, нөсер жауды. Табиғаттың тосын құбылысынан кейін байырғы кәсіпорының бірі – Атырау мұнай өңдеу зауыты жұмысын тоқтатты. Бұған электр энергиясының өшуі себеп болған. Ал зауыттағы алау қондырғысынан ауаға қара түтін будақтады.

Коронавирус • 28 Шілде, 2022

Вакцина алмағандар ауырып жатыр

Атырау облысында шілде басталғалы коронавирус инфекциясын жұқтырушылар саны көбейіп барады. Об­лыс­тық денсаулық сақтау бас­­қармасының басшысы Асхан Байдуәлиевтің мәлі­ме­тін­ше, бұған вакциналау мен ре­вакциналау қарқынының төмендегені әсер етіп отыр.

Аймақтар • 28 Шілде, 2022

Отыздыққа енген елді мекендер

Өткен жылы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Үздік 30 ауыл» жобасы қолға алынған еді. Еліміздегі үздік отыздың қатарына Атырау облысынан екі ауыл еніп отыр.

Таным • 27 Шілде, 2022

Сары жезден жасалған самаурын

Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің жәдігерлер қорында самаурынның сан алуан түрі бар. Қазір мұнда осы бұйымның 30-дан астамы сақтаулы тұр. Оның бірнешеуі музейдің «Этнография» экспозициялық залына қойылған.

Аймақтар • 27 Шілде, 2022

Кәсіп ашуға әркімнің бар таласы

Әлеуметтік желіде 360-қа жуық атыраулық кәсіпкердің жобасы мемлекеттен бизнеске берілетін қайтарымсыз қаржыны ұтпағаны жөнінде ақпарат тарады. Қолдаудан құр қалғандардың ішінде кәсіп бастамақ болған мүмкіндігі шектеулі жан да бар. Олар облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Нұрбол Жаңабековтің атына шағым түсірді.

Қазақстан • 27 Шілде, 2022

Субсидиядан шеттетілген сала

Атырау облысы экономикасының басым бағыты – мұнай-газ өнеркәсібі болғанымен, өзге салаларды да өркендетуге бетбұрыс жасалып отыр. Әсіресе балық шаруашылығына кәсіпкерлер тарапынан қызығушылық байқалады. Қазір осы салада тіркелген 19 балық шаруашылығында 614 адамға тұрақты жұмыс орны ашылған. Ал көктемгі және күзгі балық аулау маусымында 3 217 адам жұмыс істейді.

Тарих • 26 Шілде, 2022

Қорғандар бүккен құпия

Қазақ даласының тылсымы әлі толық ашылған жоқ. Талай сыр мен құпияны бүгіп жатқан қорған көп. Елдің батыс қиырындағы Атырау облысының Қызылқоға, Құрманғазы, Махамбет аудандарында көне тарихтан сыр шертетін көм­белер табылып жатыр.