Жолдасбек КӨШЕРБАЙҰЛЫ
Жолдасбек КӨШЕРБАЙҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
2370 материал табылды

Аймақтар • 28 Қыркүйек, 2021

Атырауда 220 мыңнан астам адам онлайн санақтан өтті

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы Атырау облыстық департаментінің басшысы Галя Мұханғалиева мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Экология • 21 Қыркүйек, 2021

Заңсыз бөгеттің зардабы

Ойыл өзенінің Атырау облысындағы бөлігі құрғап жатыр. Өйткені оған су келмейді. Оның себебі неде? Бірнеше жылдан бері бұл мәселе әсіресе Қызылқоға ауданының тұрғындарын алаңдатып отыр.

Коронавирус • 19 Қыркүйек, 2021

Ахуал тұрақталғандай, алайда...

Атырауда коронавирус инфекциясын жұқтыру дерегі саябырсығанмен, өңір әлі де «қызыл аймақтан» шықпай тұр. Қазіргі ахуал қандай? Қанша адам вакцина алды? Орталық коммуникациялар орталығының алаңында осы және өзге де сауалдарға жауап берген облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың айтуынша, былтырғы наурыздан бері 49 500 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған.

Руханият • 16 Қыркүйек, 2021

Талай ғасыр тұра берер әлі де

Атыраудың апайтөс даласы құнды тарихқа тұнып тұр. Қазыналы өңірдің топырағында жауға қарсы қол бастаған батырлар да, қазақтың шұрайлы тілімен өрнекті сөз өрген ақындар мен жыраулар да, тіпті тылсымы жұмбақ сан ғажайып қасиетімен жұрт жадында жатталған әулиелер де мәңгілікке тыныстап жатыр. Тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығының басшысы Мұхамбетқали Кипиевтің айтуынша, Елбасы – Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақа­ласынан кейін Қазақстанның киелі жерлер географиясының картасына 7 нысан енген. Сондай-ақ жергілікті маңызы бар нысандар тізімінде 20 нысан бар. Апта басында «Egemen Qazaqstan» мен «Казахстанская правда» газеттері ұйымдастырған «Атамекен» экспедициясы сол нысандардың бүгінгі жай-күйімен танысты.

Аймақтар • 15 Қыркүйек, 2021

Алыстан келген ағайын

Қазақ «Елге ел қосылса – құт» дей­ді. Тағдырдың жазуымен әлемнің әр бұрышына тарыдай шашырап кет­кен алыстағы ағайынның тарихи Отанына оралғанынан артық қуаныш бар ма?

Спорт • 10 Қыркүйек, 2021

Күміс жүлдегерлерге – пәтер мен көлік

Атырау облысынан Токиода өткен Паралимпиадаға алты дзюдошы, бір таэквондошы мен бір жүзуші қатысты. Оның үшеуі – парадзюдошылар Әнуар Сариев, Теміржан Дәулет пен Зарина Байбатина Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды.

TOKYO2020 • 08 Қыркүйек, 2021

Атырауда Паралимпиаданың күміс жүлдегерлеріне көлік пен пәтер берілді

Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов Токиода өткен Паралимпиада ойындарында өнер көрсеткен спортшылармен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 06 Қыркүйек, 2021

Құмға толған каналдар

Қойнауы «қара алтынға» толы Атыраудағы көкейкесті мәселенің бірі – сумен қамту. Мәселен, өңір тұрғындары мейір қандыратын мөлдір сумен әлі толық қамтылған жоқ. Ал төрт түлікті суару үшін салынған суару-суландыру каналдары жарты ғасырдан бері жөнделмеген. Каналдардың түбіне топырақ толып, қамыс өсіп кеткен.

Аймақтар • 03 Қыркүйек, 2021

Бизнес нысандары тәртіпке бағынбайды

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Атырау қаласы мен жеті аудан әкімінің өкімімен құрылған 64 мобильді топ күн сайын рейдтік іс-шара өткізеді. Мәселен, 1 қаңтардан 23 тамызға дейінгі аралықта 11 866 рейдтік тексеру өткізіп, 48 764 нысанды қамтыған. 

Аймақтар • 02 Қыркүйек, 2021

Жол картасы саланы жақсарта ма?

Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың төрағалығымен өткен конкурстық комиссияның шешімімен 150 түлек облыс әкімінің грантымен жоғары оқу орындарында тегін оқиды. Биыл мектеп бітіріп, білім грантын иеленгендердің дені – болашақ педагогтер мен дәрігерлер.