
Аймақтар • 24 Сәуір, 2024
Құмар Ақсақаловтың орынбасары қызметінен кетті
Ерлан Махмұтұлы Спанов өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты Қостанай облысы әкімінің орынбасары қызметінен босатылды. Бұл туралы Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Сәуір, 2024
Щучинскте аулада жерленген баланың денесі табылды
Щучинскте полицейлер жеке үйдің ауласынан кішкентай баланың мәйітін тапты, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 19 Сәуір, 2024
Маңғыстауда жоғалып кеткен ер адамның денесі бір айдан соң табылды
Маңғыстау облысының Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылында бір ай бұрын жоғалып кеткен ер адам өлі күйінде табылды. Бұл туралы Lider.kz еріктілері хабарлады, деп жазады Egemen.kz. Полиция департаменті бұл ақпаратты растаған.
Табиғат • 19 Сәуір, 2024
Биыл өрік гүлдемеді: Алматылықтар алаңдаулы
Биыл Алматыда жергілікті «сакура» - өрік гүлдемеген. Қазір сәуір айы жартысынан ауса да, қала тұрғындары жайнап, жайқалған жеміс ағаштарын әлі байқамаған, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Сәуір, 2024
ШҚО еріктілері «Киелі мекен» апталығына белсенді қатысып жатыр
«Киелі мекен» апталығы аясында ШҚО-дағы мекемелер мен кәсіпорындардың ұжымдары, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, жастар мен тұрғындар тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыруда, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 18 Сәуір, 2024
Болат Өтемұратов Ақтөбе облысының тұрғындарына 10 млрд теңге бөлді
Болат Өтемұратов қоры көктемгі су тасқынынан зардап шеккен Ақтөбе облысының тұрғындарына кезекті 10 млрд теңге көлемінде ақшалай қаражат бөлетінін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 17 Сәуір, 2024
Қорғаныс министрлігінің ұшқыштары 9 адамды құтқарды
Ырғыз ауданында Қорғаныс министрлігінің ұшқыштары су тасқынынан зардап шеккен 9 адамды құтқарды. Олар интернет пен телефон байланысы жоқ, мұнарада болған, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Сәуір, 2024
Маңғыстауда «Қошқар ата» қорымы аумағында сенбілік өтті
Елімізде бастау алған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Ақшұқыр елді мекенінде орналасқан «Қошқар ата» қорымында тазалық жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Сәуір, 2024
Қостанай облысында көпір қирағалы тұр
Пайда болған жарықшақ салдарынан Науырзым аймағындағы Дәмді ауылының маңындағы көпірдің қирау қаупі бар. Осыған байланысты көпірдегі қозғалысты көліктің барлық түріне жабу туралы шешім қабылданды, деп жазады Egemen.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 15 Сәуір, 2024
Атырауда Жайықтан белгісіз біреудің мәйіті табылды
Атырауда Жайық өзенінің жағасынан белгісіз ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.