
Қоғам • 22 Қаңтар, 2024
Ақылыңды арттыратын Aqyl Battle
Кейінгі кездері «есте сақтау қабілетім нашарлап кетті» деген сөзді көп естиміз. Технология дамыған сайын қарапайым істің өзін мұңға айналдырып алатын болдық. Оның бәрі адам капиталының сапасын түсіріп, тіпті жад жұмысының төмендеуіне алып келді. Бірақ технология бұған да шешім тапты. Айболат Құлатай ойын арқылы ми гимнастикасын жасатқызатын қазақ тіліндегі зияткерлік ойын жасап шығарған.
Әлем • 21 Қаңтар, 2024
Жапония алғаш рет Айға ғарыш кемесін қондырды. Күншығыс елі – жердің табиғи серігіне модулін аялдатқан әлемдегі бесінші мемлекет.
Сұхбат • 19 Қаңтар, 2024
Ақпараттық қауіпсіздік және онлайн кеңістік
Қазір ақпараттық инфрақұрылымды ғана емес, азаматтардың жеке деректерін қорғау да маңызды. Кейінгі кезде еліміздің аса маңызды нысандарына 163 миллион кибершабуыл жасалған. Аталған өзекті мәселе жөнінде ақпараттық қауіпсіздік туралы зерттеулер жүргізіп жүрген маман, саяси ғылымдар докторы Гүлмира Сұлтанбаевамен тілдескен едік.
Ғылым • 19 Қаңтар, 2024
Қарағандыдан шыққан жас ғалымдар паркинсон ауруына шипа болатын дәрі-дәрмек жасап шығарды.
Ғылым • 18 Қаңтар, 2024
Қ.Сәтбаев университетінің жас ғалымы Есбол Шаймардан қауіпті экотоксикант – полихлорбифенилді тиімді залалсыздандыруға арналған катализатор әзірледі.
Технология • 16 Қаңтар, 2024
Былтыр ел ішіндегі 251 ауылға интернет қосылып, 1 463 ауылда интернет сапасын жақсарту жұмысы жүргізілді. Сөйтіп, интернет сапасы 14,4 пайызға жақсарды. Цифрлық даму министрлігінің жоспары бойынша 2027 жылға дейін тағы 250 ауыл интернетпен қамтылуы керек.
Технология • 15 Қаңтар, 2024
Қара жұмысқа құлтемір жарап тұр
Бір ғасыр бұрын пайда болып, өмірімізге бірте-бірте енген роботтар біз өмір сүріп жатқан заманға әбден еті үйреніп қалғандай. Естіп, көріп жүргеннен кейін біз де оларға үйренісіп, таңырқамайтын болдық. Дегенмен құлтемір өнеркәсібі, құлтемір бизнесі қазақ қоғамына әлі де жат. Көру мен есту – бір бөлек, кәсіпке пайдалану тіптен бөлек. Ал Мұхаммеджан Дүзенов қоғам арасындағы қалып пен қорқынышты бұзып, роботтарды кәсіпке айналдырған. Оның роботтары 3 адам бір жыл істейтін жұмысты жалғыз өзі бір айда атқара алады.
Қоғам • 11 Қаңтар, 2024
Отандық стартап – қырғыз нарығында
«EasyTap» – бөлшек сауда саласындағы сағаттап жұмыс істейтін жұмысшыларды табатын онлайн-сервис. Ел ішіндегі ерекше жоба Қырғызстанда да іске қосылып, 1 мыңнан астам үміткер тіркелген.
Жануарлар • 10 Қаңтар, 2024
«Табиғат жасырынбақ ойнауға құштар» дейді көне грек философы Гераклит. Расымен де, ғаламда құпия көп. Ғылым мен технология қарыштап дамып жатса да, табиғат кейбір сырын аша қоймады. Соның бірі – Атлант мұхитындағы Сейбл аралы. Ғаламның құпия, ең нәзік аралына айналған бұл шағын мекенде көрер көзге ештеңе де жоқ. Тек абсолютті жалғыздық бар. Санаулы ғана өсімдік, жабайы жылқылар, сусыған құм мен «өлі кемелер» жалғыздыққа үн қосып тұр.
Оқиға • 08 Қаңтар, 2024
Цифрлық ғаламға жан бітірген швейцария ғалымы, информатика маманы Никлаус Вирт 89 жасында қайтыс болды.