Экономика • Кеше
Қарыз психологиясы: мұқтаждық па, әдет пе?
Елімізде қарызы бар азаматтардың саны 9 миллионға жуықтады. Бір адамның мойнында орта есеппен төрт несие бар. Осыған байланысты мемлекет халықтың шамадан тыс қарызға батуының алдын алуға бағытталған түрлі тетікті іске қосып жатыр.
Саясат • Кеше
Теміржол инфрақұрылымы жаңару жолында
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында теміржол саласын дамыту мәселесі қаралды. Жиында Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев, Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев, «Қазақстан темір жолы» басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов, сондай-ақ Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау Қарағанды, Абай және Жетісу облыстарының әкімдері баяндама жасады.
Саясат • 16 Маусым, 2026
Цифрландыру үдерісін жоғары бағалады
Премьер-министрі Олжас Бектенов Дүниежүзілік банктің цифрлық технологиялар және жасанды интеллект жөніндегі вице-президенті Сангбу Киммен кездесті.
Саясат • 16 Маусым, 2026
ЖИ саласындағы байланыс беки түседі
Премьер-министр Олжас Бектенов әлемдегі жетекші технологиялық компаниялардың бірі «NVIDIA» корпорациясының вице-президенті Рев Лебаредян және «Firebird» компаниясының негізін қалаушылар Размик Овакимян мен Александр Есаянмен кездесті. Кездесуге Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Бағдат Мусин, сондай-ақ АҚШ-тың еліміздегі Төтенше және өкілетті елшісі Джули Стаффт қатысты.
Құрылыс • 13 Маусым, 2026
Құрылыс қарқыны артты, баға төмендей ме?
1 шілдеден бастап елімізде ипотека рәсімдеу тәртібіне бірқатар өзгеріс енгізіледі. Жаңа талап тұрғын үй нарығына қалай әсер етеді? Жұрт күткендей пәтер бағасы төмендей ме, әлде баспаналы болуды армандаған азаматтардың жүгін ауырлата түсе ме? Құрылыс қарқыны артқанымен, баспанаға мұқтаж жандардың қатары әлі де азаймай отыр. Сондықтан тұрғын үйге қатысты жылт еткен жаңалық қоғамда үлкен қызығушылық тудыратыны анық. Десе де нарық заңдылығы ырыққа көне бермейтіні де рас.
Экономика • 12 Маусым, 2026
Халық табысын арттыру – өркендеу саясатының өзегі
Елімізде халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жаңа құжат қабылданды. Үкімет «2026-2029 жылдарға арналған халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспарды» бекітіп, алдағы төрт жылдағы негізгі басымдықты айқындады. Жаңа құжат азаматтардың табысын өсіріп, еңбек нарығын жаңғыртып, тұрмыс сапасын арттыруды көздейді. Үкіметте өткен брифингте Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Азамат Әмрин жоспардың негізгі бағыттарына тоқталды.
Саясат • 12 Маусым, 2026
«Қазақстан – Еуропалық Одақ»: Әріптестік нығая түседі
Премьер-министр Олжас Бектенов Еуропа елдерінің дипломатиялық миссияларының басшылары, ірі шетелдік бизнес-қауымдастықтар мен компаниялардың өкілдерінің қатысуымен «Қазақстан – Еуропалық Одақ» диалог платформасының 19-отырысын өткізді. Жиында инвестициялық ахуалдың өзекті мәселелері, техникалық стандарттар мен реттеуші тәсілдерді үйлестіру, кедендік әкімшілендіру, сондай-ақ геологиялық барлау мен аса маңызды минералдық ресурстар саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.
Өндіріс • 12 Маусым, 2026
Титан өндірісін өрістету талқыланды
Премьер-министр Олжас Бектенов «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Сильван Гелермен кездесті. Жүздесу барысында кәсіпорынның орнықты дамуы, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мен еліміздің жаһандық титан нарығындағы ұстанымын одан әрі нығайту мәселесі қаралды.
Экономика • 10 Маусым, 2026
Табыс артса, тұрмыс түзеле ме?
Ресми статистикаға сенсек, елімізде орташа жалақы көлемі артты. Сөйтсе де айлықтың шайлыққа жетпей қала беретіні несі екен? Оның себебі – иілместі иіп, бүгежекті бүгіп аларлық қауқары бар, иі қатты инфляция.
Экономика • 06 Маусым, 2026
Салық төлеуді кейінге қалдырғандар ұтты...
Биылғы 1 қаңтардан бастап елімізде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін қаражатқа жеке табыс салығы салынбайды. Жаңа Салық кодексіндегі бұл өзгеріс қызу талқыланған мәселеге айналды. Себебі кейінгі бірнеше жылда мыңдаған отандасымыз зейнетақы жинағындағы «артық ақшасын» тұрғын үй алуға, ипотека жабуға немесе емделуге пайдаланып, сол кезде 10 пайыз салық төлеген еді. Енді көпшіліктің көкейінде «бұрын төленген салық қайтарыла ма?» деген сұрақ тұр.