Салық • 25 Қыркүйек, 2025
Жаңа Салық кодексі әкімшілік жүктемені азайтады
Ел кәсіпкерлеріне жаңа жеңілдік дайындалып жатыр. Апта соңына дейін «Ашық НҚА» порталында арнайы салық режімін пайдалана алатын және осы жеңілдік жүрмейтін кәсіп түрлерінің тізімі шығады. Бұл туралы Астанада өткен жаңа Салық кодексін түсіндіру семинарында Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді.
Үкімет • 24 Қыркүйек, 2025
Маңызды міндеттер – Үкімет назарында
Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында егін жинау науқанының барысына тоқталып, оның уақтылы әрі сапалы өтуін қамтамасыз етуді тапсырды. Қазір еліміздің барлық өңірінде егін жинау жұмысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Ал оңтүстікте орақ науқаны аяқталуға жақын.
Сараптама • 24 Қыркүйек, 2025
Депозитті ерте ашудың қандай артықшылығы бар?
Тұрғын үй сарапшысы Мақсат Рахимовтың жауабы:
Өндіріс • 23 Қыркүйек, 2025
Елімізде құрылыс және жөндеу саласында импорттық өнімге тәуелділікті азайту мақсатында отандық зауыттар іске қосылып жатыр. Дегенмен толыққанды өндірісті дамыту үшін бірқатар кедергі бар. Астана маңында орналасқан бояу өндіретін «BMP Astana» зауыты бірқатар түйткілмен бетпе-бет келіп отыр.
ЖОЛДАУ • 19 Қыркүйек, 2025
«Alatau City»: цифрлық қалаға нақты қадам
Алматы облысында елдегі алғашқы цифрлық қала – «Alatau City» құрылысы жүріп жатыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда қаланы іскерлік пен инновацияның орталығына айналдыруды міндеттеді. Қазірдің өзінде қалада 18 ірі жоба қолға алынған. Оның ішінде құны 81 млрд теңге болатын «PepsiCo» зауыты, 43 млрд теңгелік «Eastcomtrans» логистикалық орталығы бар. Бұлар жүздеген жаңа жұмыс орнын ашып, аймақ экономикасына серпін береді.
Экономика • 16 Қыркүйек, 2025
Ілгерілеу стратегиясының мүмкіндігі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел экономикасын әртараптандыруға жаңа серпін беру қажеттігін атап өтті. Кейінгі жылдары өңдеуші өнеркәсіптің жалпы қосылған құны екі есе өсіп, 17 трлн теңгеге жуықтаған. Дегенмен оның ІЖӨ-дегі үлесі небәрі 12,4% болып отыр. Президент бұл жеткіліксіз екенін айтып, әртараптандыру қарқынын арттыруды тапсырды.
Футбол • 11 Қыркүйек, 2025
Еліміз «Қайрат» – «Реал» матчынан қанша пайда тапты?
Алматыда өткен «Қайрат» пен мадридтік «Реал» арасындағы кездесу ел тарихындағы ең ірі спорттық оқиғалардың біріне айналды. Бұл қаржы Алматы экономикасына зор серпін беріп, қызмет көрсету саласын жандандыра түсті.
ЖОЛДАУ • 11 Қыркүйек, 2025
Жаңа инвестициялық кезең: Өңірлердің жауапкершілігі артады
Еліміздің инвестициялық саясаты жаңа кезеңге қадам басқалы тұр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында өңдеу өнеркәсібі мен өңірлерге көбірек қаржы тарту қажеттігін айтып, Үкіметке инвестициялық жүйені түбегейлі жаңғыртуды тапсырды. «Дүниежүзінде инвестицияға талас күшейіп барады. Жаңа инвестициялық кезеңді бастау қажет», деді Президент.
Технология • 10 Қыркүйек, 2025
ЖИ мобильді аударымдарды талдап жатыр
Қаржы министрлігі бүгінде цифрландыру бойынша ең озық мемлекеттік органның бірі. Салық қауіпсіздігі сарапшысы Дмитрий Казанцевтің айтуынша осы министрлік есептілікті алғашқылардың бірі болып электронды форматқа көшірген еді. Соның арқасында салықтық үдерістің жылдамдығы да, сапасы да едәуір артты.
Несие • 10 Қыркүйек, 2025
Кредит төлей алмасам не болады?
Заңгер Рауан Есбергеннің жауабы: – Сіздің қарызыңыз – тек сіздің жеке жауапкершілігіңіз. Яғни қарызыңыз үшін ата-анаңыздың, бауырларыңыздың немесе басқа туыстарыңыздың шоттарын жабуға, мүлкін тартып алуға немесе жалақысын ұстап қалуға банктің ешқандай құқығы жоқ.