Музей • 06 Наурыз, 2023
Оралханның шаңырағы мемлекетке берілді
Бөркімізді аспанға атып қуандық. Күні кеше ондаған жыл жабық тұрған Оралхан Бөкейдің Шыңғыстайдағы музей-үйі мемлекет қарамағына берілді. Естеріңізге салсақ, бұл мәселе «Egemen Qazaqstan» газетінде жазушының қарындасы Ғалия Бөкеймен болған сұхбатымызда қозғалған-тұғын.
Мәдениет • 02 Наурыз, 2023
Оралхан Бөкейдің музей-үйі мемлекет меншігіне берілді
1 наурыз Оралхан оқырмандары үшін қуанышты күн. Жиырма жылдай жабық тұрған Оралхан Бөкейдің Шыңғыстайдағы музей-үйі мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 01 Наурыз, 2023
Қар құрсауында қалып қойсаңыз...
Көктем туа таулы жерде көшкін жүрерін білмейді емес, біледі ел. Біле тұра тағылық құрып, тау-тас аралап кететіндер көп. Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері қайсыбіріне тұсау болады?! Сонда да ескерту жұмыстарын жүргізіп-ақ жатыр.
Халық • 21 Ақпан, 2023
Түн ұйқысын төрт бөліп, әлди айтқан анасын, я болмаса, асқар тау әкесін қарттар үйіне қалай ғана қияды деп ойлайтынбыз. Сөйтсек, тас қабырғаға ата-анасын тасжүректіктен ғана емес, амалсыздан да өткізетіндер бар екен. Бұған жақында Самар ауылындағы қарттар үйіндегі қариялардың халін сұрай барғанда көз жеткіздік.
Аймақтар • 20 Ақпан, 2023
Өткен жұмада Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Шығыс Қазақстан облысына барып, онда кәсіпкерлермен, қауымдастықтармен, өңір тұрғындарымен кездесулер өткізді. Сондай-ақ облыс аудандарында фермалар мен шаруа қожалықтарын аралады, Ауқымды жоба (Солтүстік Қазақстан облысы тәжірибесі бойынша фермалар салу үшін жеңілдікпен қаржыландыру) пулына енгізу үшін үміткер жобалармен танысты.
Төтенше жағдай • 19 Ақпан, 2023
Өңірде көктемгі тасқынның алдын алу шаралары барынша қадағаланып, елді мекендерге белсенді мониторинг жүргізіліп жатыр. Осы бағыттағы жұмыстың нәтижесінде Глубокое ауданында су басу қаупі жоғары 15 ауыл анықталды.
Қоғам • 15 Ақпан, 2023
Биылғы қыс ауыл-ауылды ақ көрпеге орады. Ал анау әудем жердегі төбешік басында балалар асыр сала ойнап, сырғанақ теуіп жүр. Беттері алаулаған олардың ойын қызығына кіргені соншалық, ауа райының қытымыр мінезін де елер емес.
Аймақтар • 14 Ақпан, 2023
Тұлпар дүбірі естілсе, елең ететін ел болғанымызбен, түрікменнің ақалтекесі, ағылшынның сәйгүлігі секілді жылқы тұқымын асылдандырып жүрміз бе деген ой әркімді мазалар еді.
Театр • 08 Ақпан, 2023
«Қара пима» көрерменге ой салды
«Қара пима» психологиялық драмасының шымылдығы жабыла бергенде көрермен орындарынан тұрып, ұзақ қол соқты. Шіркін дедім іштей, осы қойылымды ішкілікке салынған азаматтар келіп көрсе ғой. Түйсік болса, ес жиып, ел қатарына қосылар ма еді? Әйтпесе, ащы судың жетегінде отбасын ойран етіп жүргендер қаншама?
Аймақтар • 07 Ақпан, 2023
Тарбағатай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында тұңғыш рет қарсақ фототұзаққа түсті. Қарсақ болғанда да, аппақ. Жүндері үлпілдеп тұр. Белден асып келіп, бейнекамераның дәл алдына шоқиып отыра қалысқан. Бір қарасаң, қасқыр ма дерсің. Бірақ бұлар – түлкі туысына жататын жыртқыш.