Қоғам • 18 Тамыз, 2023
Жасөспірімді жазалаудан алар сабақ қайсы?
Шығысты ғана емес, күллі қазақ елін дүрліктірген қыздардың төбелесіне қатысты сот үкімі күшіне енді. Естеріңізге сала кетейік, Өскемендегі ADK сауда үйінің әжетханасында құрдастарын аяусыз соққыға жыққан қыздардың видеосы қоғамдық резонанс тудырған. Алайда тергеуге алынғандардың үшеуіне ғана айып тағылды. Оның екеуін үш жылға бас бостандықтарынан айырса, үшінші қызға бір жыл бас бостандығын шектеу жазасы кесілген.
Шаруашылық • 17 Тамыз, 2023
Жыл он екі ай күтіп-баптап отырған бұғының былқылдап тұрған мүйізін жаздың үш айында кесіп, кәдеге жаратпаса, сүйектеніп кетеді. Сол үшін де бұғышылар табиғаттың берген байлығын уақтылы пайдаға асыруға тырысады.
Аймақтар • 16 Тамыз, 2023
Қаңыраған ғимарат, қамкөңіл халық
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев аудан-ауданды аралап, халықтың әлеуметтік жағдайымен танысып жүр. Өткен апталарда Зайсан, Тарбағатайға жұмыс сапарымен барса, бұл жолы Ұлан ауданына ат басын бұрды. Бірқатар әлеуметтік нысанды аралап, халықпен кездесті.
Қоғам • 14 Тамыз, 2023
Қыздар төбелесі: сот үкімі күшіне енді
Шығысты ғана емес, күллі қазақ елін дүрліктірген қыздардың төбелесіне қатысты сот үкімі күшіне енді.
Аймақтар • 14 Тамыз, 2023
«Қонақжай отбасы» тіл үйретеді
Қазақтың тілін үйреніп, әдет-ғұрып, салт-санасын бойларына сіңіру үшін Шығыс Қазақстандағы орыс ұлтының бір топ баласы жазғы каникулда Катонқарағайдың ауылдарында өткізді. Ала жаздай ауылда жүрмесе де, бір айға жуық ауылдың ауасымен тыныстап, қазақ тілін үйренген болды.
Абай • 14 Тамыз, 2023
Өскеменде таң бозынан кітапхана аулаларында хакімнің өлеңіне жазылған әуезді әндер орындалып, кітап көрмелері ұйымдастырылды. Ал этноауылдағы дәулетті қазақ үйінде негізгі іс-шара өтті.
Қоғам • 10 Тамыз, 2023
Әнеубір жылдары Өскеменнің іргесіне Боран ауылынан қопарыла қоныс аударған тұрғындармен тілдескенбіз. Сондағы «неге көшіп келдіңіздер?» деген сұрағымызға мүдірместен «масадан қаштық» демесі бар ма? Ауылдың мазасын қашырған ол не деген маса деп, Күршім ауданындағы Боран ауылына бір емес, екі рет бардық.
Табиғат • 09 Тамыз, 2023
Жаз шықса болды, Алтайдың асқарына, ну орман, өзен-көліне көпшіліктің аңсары ауады да тұрады. Олай деп отырғаным, алыс-жақыннан жыл сайын ат арытып келіп жатқан турист көп. Жуықта ғана туристер үшін Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде жаңартылған «Орман жолдары» туристік маршруты ашылды.
Аймақтар • 01 Тамыз, 2023
Әне-міне дегенше күз, іле-шала қыс келеді. Ал былтырғы қыстан сан рет сынып, қылаяғы өрт шыққан Риддер жылу-электр стансасы биыл толық жөнделе ме? Жуырда «Amanat» партиясының партиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Майра Айсина жұмыс сапармен Батыс Алтайға барып, қазандықтағы жөндеу жұмыстарын көріп қайтты.
Мәдениет • 01 Тамыз, 2023
Әлихан Бөкейханның портреті бес қабатты үйдің қабырғасынан менмұндалағанда, Өскеменнің өңі өзгеріп салғандай болды. Әрі-бері өткендер «анау Әлихан ғой» десті мақтанышпен. Облыс орталығындағы үйлердің қасбетіне айналдырған жарты айдың ішінде осындай муралдың бесеуі салынған.