
Аймақтар • 09 Маусым, 2025
ШҚО-да орманда жоғалған зейнеткер табылды
Шығыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері мен төтенше жағдайлар қызметі орманда адасып кеткен қарт әйелді бір тәулік ішінде тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 07 Маусым, 2025
Қоршаған ортаны сақтау мақсатындағы меморандумға қол қойылды
Қоршаған ортаны қорғаудың дүниежүзілік күні аясында Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінде Өскемен қаласының ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарымен қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) туындаған кезде және экологиялық төтенше жағдайларға әрекет ету бойынша өзара іс-қимыл жөніндегі меморандумға қол қойды, деп жазады Egemen.kz.
Маман • 06 Маусым, 2025
Кейінгі жылдары жамбас сүйегінің үгілуі, тізедегі артроз секілді дерттер жаста да, кәріде де кездесетін болды. Оны емдеудің жолы – эндопротездеу, яғни эндоскопиялық тәсілмен операция жасап, науқастарға титаннан протез салу. Эндоскопиялық әдіспен протездеу облыстың екі ауруханасында жүргізіледі.
Экология • 05 Маусым, 2025
Заңсыз балық аулаушыларға 10 млн теңге айыппұл салынды
16 сәуір мен 30 мамыр аралығында Зайсан-Ертіс бассейнінде көктемгі уылдырық шашу кезеңінде балық қорларын қорғауға бағытталған «Уылдырық шашу-2025» акциясы өткізілді. Осы маңызды кезеңде Зайсан-Ертіс өңіраралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының қызметкерлері су айдындарында бақылауды күшейтіп, балықты заңсыз аулаудың алдын алуға және олардың табиғи мекен ету ортасын сақтауға күш салды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мереке • 03 Маусым, 2025
Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында және жазғы демалыстың басталуына орай, Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті қала сыртындағы лагерьлердің бірінде балаларға арналған ерекше мереке өткізді. Бұл іс-шара жас қатысушылар үшін ұмытылмас сыйға айналып, шаттық пен қауіпсіздік, мейірімді көңіл күйге толы атмосферада өтті.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 03 Маусым, 2025
Елімізде 12 мың омарташы тіркелсе, оның 60 пайызы шығыстың үлесінде. Сондықтан да шығар, күні кеше Өскеменнің іргесінде «Шығыстың үздік омарташысы» байқауы ұйымдастырылды. Мұнда ара бағудың қыр-сыры мен бал шайқаудың әдіс-тәсілдері айтылды.
Қоғам • 31 Мамыр, 2025
Өскеменде ерекше балаларға арналған әлеуметтік орталық ашылды
Ерекше балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін «DEMEY» Ресурстық орталығының салтанатты ашылуы болды. Оған облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 30 Мамыр, 2025
ШҚО-да жолдарға жануарлардың суреті қойылды
«Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шарасында Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының, әсіресе жабайы және үй жануарларымен соқтығысуға байланысты оқиғалардың алдын алу мақсатында қосымша шаралар қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 30 Мамыр, 2025
2 мыңнан астам жұмыс орнын ұсынады
Өскемен қаласының орталық алаңында өткен «Шығыс маманы» атты бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде мемлекеттік мекемелер мен жекелеген компаниялар оқу орнын тәмамдап жатқан түлектерге, жұмыссыз азаматтарға жұмыс орындарын ұсынды.
Аймақтар • 29 Мамыр, 2025
Күршім ауданында «Жасыл ел» еңбек жасақтарының XXI маусымы ашылды. Биыл облыс бойынша мыңға жуық жастар қала мен ауылды көркейтуге атсалыспақ.