Мерей ҚАЙНАРҰЛЫ
Мерей ҚАЙНАРҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
1229 материал табылды

Мәдениет • 02 Наурыз, 2023

Оралхан Бөкейдің музей-үйі мемлекет меншігіне берілді

1 наурыз Оралхан оқырмандары үшін қуанышты күн. Жиырма жылдай жабық тұрған Оралхан Бөкейдің Шыңғыстайдағы музей-үйі мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 01 Наурыз, 2023

Қар құрсауында қалып қойсаңыз...

Көктем туа таулы жерде көшкін жүрерін білмейді емес, біледі ел. Біле тұра тағылық құрып, тау-тас аралап кететіндер көп. Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері қайсыбіріне тұсау болады?! Сонда да ескерту жұмыстарын жүргізіп-ақ жатыр.

Аймақтар • 01 Наурыз, 2023

Сырмақ таққан көлік

Бір суреттің көркемдігіне ғана таңдай қағып өте шығуға болады. Енді бір сурет бар, көз сүрінетіндей көркемдік таппайсыз, бірақ айтар ойы, мазмұны терең. Сөйлеп тұрады. Тек, көре біліңіз, түсініңіз...

Сайлау • 01 Наурыз, 2023

Сайлауға қатысты семинар-кеңес

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері Константин Петров пен Сәбила Мұстафина Парламент Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізу бойынша семинар өткізу үшін Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарына барды.

Халық • 21 Ақпан, 2023

Қарттар үйінің қамқорлығы

Түн ұйқысын төрт бөліп, әлди айтқан анасын, я болмаса, асқар тау әкесін қарттар үйіне қалай ғана қияды деп ойлайтынбыз. Сөйтсек, тас қабырғаға ата-анасын тасжүректіктен ғана емес, амалсыздан да өткізетіндер бар екен. Бұған жақында Самар ауылындағы қарттар үйіндегі қариялардың халін сұрай барғанда көз жеткіздік.

Аймақтар • 20 Ақпан, 2023

Ауқымды жобадан үміткерлер

Өткен жұмада Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Шығыс Қазақстан облысына барып, онда кәсіпкерлермен, қауымдастықтармен, өңір тұрғындарымен кездесулер өткізді. Сондай-ақ облыс аудандарында фермалар мен шаруа қожалықтарын аралады, Ауқымды жоба (Солтүстік Қазақстан облысы тәжірибесі бойынша фермалар салу үшін жеңілдікпен қаржыландыру) пулына енгізу үшін үміткер жобалармен танысты.

Өнер • 20 Ақпан, 2023

Шалқар шабыт

Жақында күйші Шалқар Ырысханұлымен емен-жарқын әңгімелесіп отырып, «жүр­ген соң бауырында күнде көріп, таулардың биіктігі байқалмайды» деген өлең жолдары еске түспесі бар ма. Әрине, ұлт руха­ниятының жоғын жоқтап, барын түгендеп жүргенін білеміз. Бірақ тоқсаныншы жыл­дардың алағай-бұлағай кезінде Өске­менде «Жас тұлпар» ұйымын құрып, қазақ­тың тілін, мәдениетін, ән-күйін асқақ­татқанынан хабарымыз жоқ екен.

Төтенше жағдай • 19 Ақпан, 2023

Су басу қаупі бар ауылдар

Өңірде көктемгі тасқынның алдын алу шаралары барынша қадағаланып, елді мекендерге белсенді мониторинг жүргізіліп жатыр. Осы бағыттағы жұмыстың нәтижесінде Глубокое ауданында су басу қаупі жоғары 15 ауыл анықталды.

Қоғам • 15 Ақпан, 2023

Қыстың қызығы – сырғанақ

Биылғы қыс ауыл-ауылды ақ көрпеге орады. Ал анау әудем жердегі төбешік басында балалар асыр сала ойнап, сырғанақ теуіп жүр. Беттері алаулаған олардың ойын қызығына кіргені соншалық, ауа райының қытымыр мінезін де елер емес.

Аймақтар • 14 Ақпан, 2023

Тау тұрпатты тұлпарлар

Тұлпар дүбірі естілсе, елең ететін ел болғанымызбен, түрікменнің ақалтекесі, ағылшынның сәйгүлігі секілді жылқы тұқымын асылдандырып жүрміз бе деген ой әркімді мазалар еді.