Мерей ҚАЙНАРҰЛЫ
Мерей ҚАЙНАРҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
1046 материал табылды

Қоғам • 01 Мамыр, 2021

Өскеменде Қанипа ұстаздың атына көше берілді

Өскемендегі Амурская көшесіне ұстаз, КСРО және Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Қанипа Бітібаеваның есімі берілді, деп хабарлайды Egemen.kz

Аймақтар • 01 Мамыр, 2021

Қайырлы істің қайыры бар

«Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» деген Абай. Шығыстың азаматтары ұлт пен ұлысына қарамастан, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарысып, көпшілікке көмектесіп жүр. Қайырлы істі үнсіз-ақ жасап жүр еді, Ұлан ауданы, Қасым Қайсенов кентіндегі Мұса баба мешітінің имамы Зауытбек Сайлауұлы қос азаматқа алғысын білдірді.

Таным • 01 Мамыр, 2021

Сарымсақты жотасында барыс жортып жүр

Катонқарағай ауылының тұсында қар барысы фототұзаққа ілінді. Сирек кездесетін аң-құста«рды анықтау үшін былтыр Сарымсақты жотасына Ұлттық парктің инспекторлары фототұзақ құрған. Аршаты жақта бір емес, бірнеше рет фотоға түскен, деп хабарлайды Egemen.kz

Аймақтар • 29 Сәуір, 2021

Қарағайдың өскіндері отырғызылады

«Атадан мал қалғанша, тал қалсын» демеп пе еді қазақ?! Тал деге­нің ертең орманға айналады. Ал орман – та­биғаттың өкпесі іс­пет­ті. Ықылым заманнан бері көктем шыға Шы­ғыс Қазақстанда ағаш отырғызу дәстүрі үзілген емес. «Семей ор­­маны» резерваты фи­­лиалдарында да әдет­­тегідей орманды қал­­пына келтіру жұ­мыс­тары басталып жатыр.

Қоғам • 29 Сәуір, 2021

Бірегей медициналық орталық

Семейде онкологиялық ауруларды диагностикалау және емдеу үшін ядролық ме­ди­цина орталығы ашылды. Қатерлі ісік аурулары мен басқа да патология­лар­ды ерте кезеңдерде анық­тауға және оны сәтті ем­деу­ге мүмкіндік беретін ма­ңызды­ медициналық ме­ке­менің­ іске қосылуы бір­­қа­тар мердігердің жа­уапсыздығынан қайта-қайта кейінге қалдырылып келген еді. Жауапсыз мер­ді­герлер жұмысты мер­зі­­­мінде аяқтамағаны өз алды­на, науқастардың кө­­­мек­­ке мұқтаждығын да ес­­­кер­меген.

Аймақтар • 28 Сәуір, 2021

Жоғары оқу орнында «EduWeek EKTU-2021» академиялық апталығы өтті

Университеттің білім беру инновацияларын көпшілікке таныстыру үшін жыл сайын сәуірде «EduWeek EKTU-2021» академиялық апталығы өтеді.

Аймақтар • 28 Сәуір, 2021

ШҚО-да ірі есірткі арнасы жойылды

Полиция қызметкерлері Шығыста және Алматы облысында әрекет еткен ірі есірткі желісін жоя отырып, кең ауқымды арнайы операция өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға • 28 Сәуір, 2021

Қарулардың көнесі Алтай мен Риддерде

Қарулардың көнесі Риддер мен Алтайда екен ғой. Халықтан қа­ру сатып алу акциясы кезінде құқық қорғаушыларға 1889 жылғы тегіс ұң­ғылы мылтық және 1900 жылы шыға­рыл­ған тапанша тап­сы­рылған.

Саясат • 28 Сәуір, 2021

Заңсыз аңшылық тыйылмай тұр...

«Не ішем, не жеймін?» демейтін мынау заманда аңшылық деген – азық табу емес, еріккеннің ермегі сияқты. Рұқсатпен ауласа бірсәрі, ешбір құжатсыз аю-маралды атып алатындар аз емес. Көктем шыға балықтың уылдырық шашу кезін біле тұра, қасақана ау құратындар да жетіп артылады. Соңғы уақытта қаскөйлікке қатысты орын алған әр оқиғаға тоқталып көрейік.

Қоғам • 27 Сәуір, 2021

Қабырғасы қақыраған құрылысқа кім жауапты?

Өскеменде «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынған тоғыз қабатты үйдің қабырғасы тағы қақырап кетті. Шұрық-тесік көшенің Ертіске еңкейген тұсында орналасқан бұл үй «Қазақстандық ипотекалық компаниясы» мен «Бәйтерек Девелопмент» АҚ мұрындық болуымен бой көтерген еді.