
Аймақтар • 12 Ақпан, 2021
Вакцина салғандағы әсер қандай?
COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны Шығыс Қазақстанда қайта көбейіп барады. Соңғы тәулікте олардың қатары 75 адамға жетті. Ал ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздегендер ресейлік вакцинаны салғызып жатыр. Қазіргі уақытта 925 адам екпе алып үлгерген.
Өнер • 12 Ақпан, 2021
Халық мәдени кештерге сусап қалыпты. Санитарлық шектеу алынса, Шәмші туралы «Өмір-өзен» музыкалық қойылымының тұсаукесерінде ине шаншыр орын болмас еді.
Аймақтар • 11 Ақпан, 2021
Риддерде қар көшкіні бір туристі басып қалды
Тау мінезі қателікті кешірмейді. Өскеменнен Риддерге шаңғы тебуге барған саяхатшылардың бірі оқыста көз жұмды. Олар Үлбі өзенінің өр жағындағы таудан сырғанап келе жатқанда, кенет көшкі жүріп, шаңғышының бірін басып қалған.
Аймақтар • 11 Ақпан, 2021
ШҚО-да «Жол қозғалысын ұйымдастыру» бағдарламасы жүзеге асып жатыр
Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті мен Шығыс Қазақстан облысының полиция Департаменті арасында меморандумға қол қойылды. Мұндай ынтымақтастықтың арқасында қазіргі заманға сай, білікті де білімді мамандарды даярлауға, оларды жұмыспен қамтуға бар жағдай жасалмақ.
Аймақтар • 11 Ақпан, 2021
Жұрттың санасында «полицей жазалайды, айыппұл салады» дегендей түсінік қалыптасып қалғаны рас. Сондықтан да әнеугүні әлеуметтік желіде қарияның сөмкесін көтеріп бара жатқан полицейдің фотосы жұрттың жылы пікіріне ие болған.
Аймақтар • 09 Ақпан, 2021
Өскеменде полицейге шабуыл жасады
Өскемендегі патрульдік полиция қызметкерлеріне «102» арнасынан түнгі уақытта тыныштықты бұзған азаматтарға шара қолдану бойынша шақырту түскен. Өкінішке орай, жедел жеткен полицейлердің бірі жарақат алған.
Қоғам • 09 Ақпан, 2021
Депутаттарға айыппұл салынбай ма?
Індеттің беті қайтар емес. Кешегі тәулікте тіркелген мәліметке сүйенсек, өңірде 63 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған. Сол үшін де бірқатар шектеу шаралары әлі жалғасып келеді. Бірақ санитарлық дәрігер енгізген ережелерге бағынбай жүргендер де бар. Ережені елемегендердің ішінде депутаттар да, әкім-қаралар да кездеседі.
Оқиға • 09 Ақпан, 2021
Ұшақ амалсыздан тас жолға қонды
Өскеменнен Зайсанға бағыт алған АН-2 санитарлық авиация ұшағы шұғыл қонуға мәжбүр болды. Анықталғандай, Өскемен – Алматы тас жолының 23-нші шақырымына жеткенде қозғалтқышы істен шыққан.
Тәуелсіздік • 09 Ақпан, 2021
Өскемендегі облыстық театр ғимаратында Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойының басталуына арналған салтанатты іс-шара өтті.
Оқиға • 08 Ақпан, 2021
Өзге мемлекеттердің төлқұжатын иеленгендер көп
Қос азаматтық анықталған жағдайда, Қазақстанның құқық қорғау орындары Қазақстан Республикасы азаматтығынан айырылғанын тіркейді. Егер Қазақстан Республикасы азаматтығынан айырылған соң да құжаттарды пайдаланып жүрсе, оған 100 АЕК көлемінде айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Ал өзге елдің азаматтығын алған соң 30 күн ішінде қазақстандық құжатын өткізбеген тұлғанің ісі сотқа жолданып, 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыпқа тартылады немесе сот шешімімен ел аумағынан шығарылады.