Мерей ҚАЙНАРҰЛЫ
Мерей ҚАЙНАРҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
130 материал табылды

Өндіріс • 18 Сәуір, 2025

Трансформатор стансалары Өскеменде әзірленеді

Үйді-үйлерді электр қуат көзімен қамту стансалары Өскемендегі «Кэмонт» зауытында жасалады. Атшаптырым аумақты алып жатқан өндіріс ошағында трансформатор стансаларынан бөлек «ақылды электр шамдар», заманауи орындықтар мен жол бойына арналған дәретханалар да құрастырыла бастаған. Атқарылып жатқан жұмысқа қарасақ, тарихы терең зауыттың болашағы да жарқын көрінеді.

Мектеп • 16 Сәуір, 2025

Жаңа Бұқтырмада мектеп ашылды

Осыдан төрт жыл бұрын Алтай ауданына қарасты Жаңа Бұқтырма кентінің тұрғындары редакциямызға хабарласып, жалғыз қазақ мектебінің оқушылары тозығы жеткен балабақша ғимаратында оқып жүргенін айтқан еді. Барып мәселені көзбен көрдік, газет бетінде қаузадық. Бұдан соң жергілікті басшылық дереу қолға алып, дайындық жұмыстарына кіріскен. Құрылыс уақтылы аяқталып, күні кеше Жаңа Бұқтырмада жаңа қазақ мектебі ашылды.

Көрме • 15 Сәуір, 2025

Таспадағы тарих

Марқакөл өңірінің тумасы, ардагер фото­тіл­ші Қалиғұмар Қабдешевтің 85 жасқа толу мерейтойына орай Алматы­дағы Ұлттық кітапханада жеке көрмесі өтіп, «Бүгінгі фотосурет – ертең­гі тарих» атты фотоальбомының тұсауы кесілді.

Мирас • 11 Сәуір, 2025

Дәстүрді жаңғыртқан ісмер

Ертеректе төрімізде жататын алашаны, тұсымыз­дағы тұскиізді кейінгі жылдары музейден көретін болғанбыз. Керексіз болып, қора-қопсыда жатқанын да сан байқағанбыз. Осымен жүн сабап, текемет баса­тын ісмердің өнері іске алғысыз болып қалады деген­дей пікірлер де оқтын-оқтын айтылып қалатын. Шындығында олай емес еді. Ұмыт болып бара жатқан қаншама дәстүріміз қайта жаңғырды. Бозанбай ауы­лын­дағы Шәкерман Ошан киіз үйдің жабдығынан бас­тап, үйдің ішіндегі алаша-сырмаққа дейін өзі басады.

Өндіріс • 09 Сәуір, 2025

Жаңбырлатып суару машинасын шығарады

Алтай ауданының Серебрянка қаласында «Su Bereke» маркалы жаң­бырлатып суару маши­насын жасайтын жаңа зауыт іске қосылды. Ауыл шаруашылығына қажетті бұл машиналарды жасау жобасының құны 6 млрд теңгені құрап отыр. Жоба аудан эко­но­микасына ғана емес, өңір­дің ауыл шаруашы­лығы са­ла­сына тың серпін бермек.

Байқау • 03 Сәуір, 2025

«Өскемен аруы» анықталды

Мәреге он ару шығып, міне-міне үздігі анықталады дегенше көрермендер мен жанкүйерлер тағат таппаған. Қала әкімдігінің қолдауымен өтіп жатқан «Өскемен аруы-2025» байқауы екі аптаға созылып, 30 наурыз күні қорытындысы шықты. Әрине, қазылар үшін ақылына көркі сай аруды анықтау оңайға соқпаған.

Өнер • 02 Сәуір, 2025

Қолдан көлік құрастырған

Суретші әрі дизайнер Талғат Рүстемұлының арманы – отандық көлік шы­ғару. Айтуынша, елімізде инженерлік жағынан білімді де талантты аза­­­мат­тар аз емес. Тек қолдау керек. Ол өзі жуықта жол талғамайтын көлік құрас­тыра бастапты. Көліктің қаңқасы шетелдік болғанымен, ұсақ-түйек әр детальді қолдан жонып, қиялына қарай дизайнын жасап жатыр.

Аймақтар • 29 Наурыз, 2025

Алтай мен Сауыр баурайында әуежай құрылысы басталды

Былтыр Шығыста Бұқтырма су қоймасына көпір салынып, халықтың елу жылдан бергі арманы орындалған. Енді, міне, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезекті тапсырмасымен Катонқарағай мен Зайсанда халықаралық әуежай құрылысы бас­талды. Күні кеше Көлік министрі Марат Қарабаев Шығысқа жұмыс сапарымен келіп, құрылыс жұмыстарымен танысты.

Аймақтар • 28 Наурыз, 2025

Балықшылар бәсекесі

Күнтізбеде көктем болғаны­мен, Алтайдың елі бөріктерін әлі шеше қойған жоқ. Таулы аудан­дардағы қардың көбесі де сөгілмеген. Сірескен күйі жатыр. Оны айтып отырғаным, Бұқтырма суқоймасында мұз ойып, балық аулаудан сайыс өтті десем, біреу сенер, біреу сенбес. Иә, Самар ауданында өткен «Бұқтырма балықшы – 2025» фестивалінде 450-ден астам балықшы бақ сынасты.

Дәстүр • 20 Наурыз, 2025

Құсбегі Айзере

Бозала таңнан тіршілігі қайнап жататын Бозанбай ауылы көгінен қай заманда да қыран құстың саңқылы кетпеген берекелі де мере­келі мекен. Бүркітшілердің жыл сайынғы дәстүрлі додасы да осы ауылдың төңірегіндегі төбеде өтеді. Сол сайыстар­дан кіш­кентай Айзере бірде-бір рет қалып көрген емес. Құсын кө­те­­ріп нөпір халықтың ортасында жүреді. Бүркітті сәнге бақ­пай­­ды, сайысқа баптайды. Ең бастысы, ата дәстүрді жалғап келеді.