
Экономика • 16 Қазан, 2023
Орталық Азиядағы E-Commerce – игерілмеген алқап
Еларалық сауда айналымында электронды коммерцияның үлесі басым бола бастады. Қазір Орталық Азияда Е-Сommerce бойынша еліміз жетекші орынға ие. 2022 жылдың қорытындысына сәйкес нарық көлемі шамамен 4 млрд долларды немесе бөлшек тауар айналымында жалпы көлемінің 12,5 пайызын құраған. Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанованың айтуынша, Орталық Азияның үлкен өнеркәсіптік, сауда-логистикалық, зияткерлік, кадрлық және ғылыми-цифрлық әлеуеті бар. Бұл жақын болашақта ОА елдерінің өзара тауар айналымын 15 млрд долларға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.
Банк • 12 Қазан, 2023
Халықаралық агенттіктер бағасы
Қазақстанның банк секторы соңғы бірнеше жылда айтарлықтай даму мен өсім көрсетті. 2020 жылдан бері бүкіл әлемде жалғасып келе жатқан дағдарыс толқындары да салаға кері әсерін тигізген жоқ: отандық қаржы институттары реформалар, бірігу және шоғырландыру бойынша қажетті рәсімдерді жүргізе отырып, барлық сын-қатерге дер кезінде тұрақты түрде тойтарыс берді деп есептейді сала сарапшылары.
Экономика • 03 Қазан, 2023
Қоғамдық тамақтану нарығындағы өзгерістер
«The Business Research Company» деректері бойынша 2022 жылы қоғамдық тамақтандырудың әлемдік нарығының көлемі 2 855 млрд доллар болды. Егер оның орташа жылдық өсу қарқыны 5,8%-ды құрайтын болса, 2027 жылға қарай 3 790 млрд долларға жетеді деп күтіліп отыр. Айта кетейік, жылдам қызмет көрсететін мейрамханалар фастфуд мейрамханаларды, пиццерияларды, кофеханаларды, фуд-тректерді, фуд-корттарды және өзіне-өзі қызмет көрсету дүкендерін қамтиды. Олар келушілерге жылдам, сапалы қызмет көрсетуге маманданады және тағамды сол жерде отырып ішіп-жеуге немесе алып кетуге болады.
Қаржы • 03 Қазан, 2023
Құн салығының мөлшері арта ма?
Жаңа Салық кодексін әзірлеу аясында қосымша құн салығы (ҚҚС) мөлшерлемесін көтеру мәселесі қызу талқыланып жатыр. Ұлттық экономика министрлігінің жоспары бойынша ҚҚС мөлшерлемесі қазіргі 12 пайыздан 16 пайызға көтерілуге тиіс. Министрлік ұсынылып отырған мөлшерлеменің ұлғаюы бюджетке 2,4 трлн теңге түсіреді, сондай-ақ көрші елдерден жеткізілетін тауарлармен салыстырғанда отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттырады деп санайды. Алайда сарапшылар қауымы бұл уәжбен келіспейтін сыңайлы.
Саясат • 26 Қыркүйек, 2023
Елімізде «Иннопром. Қазақстан» атауымен халықаралық өнеркәсіптік көрмесі басталды. Аумағы атшаптырым – 12 мың шаршы метрді алатын алып көрме кешенінде Қазақстан мен Ресейден бөлек тағы бірнеше елдің өнеркәсіп және сауда саласындағы жобалары қойылмақ. Көрме аясында бірқатар жиын жоспарланған, соның ішінде транспорт, авиация, энергетика, көлік құрастыру, химиялық өнеркәсіп және металлургия тақырыптары бойынша кең ауқымды пікірталастар мен жиындар ұйымдастырылады. Алғашқы күні Қазақстан, Қырғызстан, Беларусь және Ресей елдерінің үкімет басшылары пленарлық сессияға қатысып, күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге назар аударды.
Саясат • 20 Қыркүйек, 2023
«Mastercard»-пен келісім жасалды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ-қа сапары аясында қол жеткізілген ерекше келісімдердің бірі – «Mastercard»-тың Қазақстан нарығына кіруі болды. Мемлекет басшысы «Mastercard» компаниясының атқарушы вице-президенті Никола Вилламен кездесуде қаржы секторын, IT саласын дамыту, сондай-ақ шағын және орта бизнестің цифрлық құзыретін арттыру бағыттарындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.
Инвестиция • 19 Қыркүйек, 2023
Экономикалық зерттеулер институтының мәліметінше, биыл қаңтар-шілде аралығында Қазақстанда негізгі капиталға инвестициялар көлемі 8,1 трлн теңгеге жетіпті. Өсу қарқыны – 12,4 пайыз. Ақпан айында өсу қарқыны максималды белгіге жетіп (19,2 пайыз), кейін бұл көрсеткіш баяулады.
Қаржы • 18 Қыркүйек, 2023
Сақтандыру саласындағы өзгерістер
Елімізде алғаш рет сақтандыру форумы өткізілді. Форум «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ-ның 20 жылдығына арналған. Форумға 11 сақтандыру төлемдеріне кепілдік берудің халықаралық жүйесінің (Канада, Германия, Испания, Малайзия, Тайвань, Индонезия, Кения, Сингапур, Армения, Румыния, Эстония) өкілдері, халықаралық сарапшылар және сақтандыру нарығының өкілдері қатысты.
Экономика • 13 Қыркүйек, 2023
Қате декларацияны қалай түзетеміз?
Жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңінің аяқталуына 1 күн ғана қалды. 250.00 нысанды активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектордың қызметкерлері, оның ішінде директорлар кеңесінің мүшелері, сондай-ақ олардың жұбайлары ұсынады.
Қоғам • 12 Қыркүйек, 2023
Тамыздың қорытындысы бойынша инфляция 13 пайыз болып, жыл басымен салыстырғанда (20 пайыз) біршама баяулағанына қарамастан тауарлар мен қызметтер әлі де қымбат. Jusan Analytics дерегі бойынша ел тұрғындары тапқан табысының 60-70 пайызын күнделікті шығындарына жұмсауға мәжбүр. Әрине, күнделікті шығын санаты да әр алуан. Біреу үшін ол тамақтану, киім кию болса, біреулер жалақысының басым бөлігімен несиесін жабады, қарызын өтейді.