
Бизнес • 15 Мамыр, 2023
Астанада Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі және Қазақстан машина жасаушылар одағының ұйымдастыруымен ONDEU EXPO өңдеу өнеркәсібінің халықаралық көрмесі ашылды. Көрмеге Аустрия, Германия, Израиль, Италия, Канада, Қытай, Түркия, Франция және Швейцарияны қоса алғанда әлемнің 17 елінен 250-ден аса делегат қатысты.
Үкімет • 12 Мамыр, 2023
Машина жасау саласы: Жаңа технологиясыз жаңару қиын
Біздегі машина жасау кәсіпорындарының тең жартысынан астамы өткен ғасырдың 1960-1970 жылдары орнатылған ескі құрылғылармен жұмыс істеп келеді. Мұндай жағдайда бәсекеге қабілетті өнім шығару, ішкі нарықты қамтамасыз ету, экспорттық тауар дайындау туралы айтудың да қисыны жоқ. Сондықтан отандық кәсіпорындарға сапалы модернизация жасалып, жаңа инновациялар енгізілуге тиіс. Түйткілдер қатарында кәсіпорындарымызды шикізатпен қамтамасыз ету де бар. Осы және өзге де мәселелер Қазақстан машина жасаушыларының XI форумында айтылып талқыланды.
Шаруашылық • 12 Мамыр, 2023
«TortTulik» – мал баққандардың мобильді қосымшасы
Елімізде 1 маусымнан бастап малшыларға арналған «TortTulik» мобильді қосымшасы іске қосылады. Жобаны Ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК-тегі экономикалық саясатты талдау орталығымен бірлесіп әзірледі.
Қаржы • 12 Мамыр, 2023
Биыл қаңтар-ақпан айларында ақша аудару жүйелері (ААЖ) арқылы шетелден түскен қаражат көлемі 53,4 млрд теңгеге жетті, бұл 2022 жылдың қаңтар-ақпанымен салыстырғанда бірден 69,1%-ға артық. Бұған дейін осы кезеңдегі ақша аударымдарының көлемі үш жыл қатарынан төмендеген еді.
Депозит • 12 Мамыр, 2023
Биыл көктемге қарай отандық банктердегі жеке тұлғалардың депозиттері 16,7 трлн теңгені құрады. Жыл басынан бері көрсеткіш 1,2%, бір айда 0,4%-ға төмендеді (көрсеткіштердің төмендеуі қатарынан екінші айға созылды).
Банк • 12 Мамыр, 2023
Соңғы кезде мемлекеттен қаржылай көмек алған екінші деңгейлі банктерге қатысты мәселе күшейе түсті. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің хабарлауынша, қазір мемлекет қолдауын алған деп алты банктің аты аталып отыр. 2017 жылы қаржылық орнықтылықты көтеру бағдарламасына қатысқан «Еуразиялық банк», «Банк ЦентрКредит», Jusan Bank (көмек АТФБанк пен «Цеснабанкке» көрсетілген), «Нұрбанк», Halyk Bank және Bank RBK, бәрі жиылып жалпы сомасы 700,5 млрд теңге алған. Ұлттық Банктің отандық тұрақтылық қоры жылдық 4 пайыздық мөлшерлемемен 15 жылға шығарылған банк акцияларына айырбасталатын реттелген облигацияларды сатып алды. Сондай-ақ акционерлер тікелей қолма-қол ақшаны енгізу арқылы – 401,5 млрд теңге, банктегі операциялық пайданы сақтау арқылы 977,3 млрд теңге көлемінде қосымша капиталдандыруды жүзеге асырған.
Қаржы • 11 Мамыр, 2023
Қаржы институтының қатары көбейеді
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, екі микроқаржы ұйымы екінші деңгейлі банк атануға ниетті болып отыр.
Шаруашылық • 11 Мамыр, 2023
Көктемгі егінді қаржыландыруға бағытталған «Кең дала» бағдарламасы аясында фермерлерге 133,8 млрд теңге берілді. Тағы 6,2 млрд теңгенің өтінімдері қаржыландыру сатысында тұр. Бағдарламаның жалпы бюджеті 140 млрд теңгені құрады. Бұған дейінгі жылдары қаржы тек наурыздан кейін беріліп келсе, биыл алғаш рет қаңтарда басталды.
Инфографика • 11 Мамыр, 2023
Қордағы азық қанша уақытқа жетеді?
2023 жылғы наурыз-сәуір айларының қорытындысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 0,6%-ға өскен. Атап айтқанда, баға наурыз айында – 0,4%-ға, сәуірде 0,2%-ға көтерілді. Қарақұмық, күнбағыс майы, құс еті, жұмыртқа, қант бағасын ұстап тұру және төмендету бойынша динамика тұрақты. Алайда маусымаралық кезеңнің соңында дәстүрлі түрде жеміс-көкөніс өнімдерінің бағасы өседі. Осы мәселелер Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте талқыланды.
Қоғам • 11 Мамыр, 2023
Автокөлікті «кедендік тазартудан» өткізу қажет пе?
Елімізде 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген көлік құралдарын заңдастыру үшін негізгі орындауы тиіс шарттардың бірі – осындай автокөліктерді кедендік «тазартудан өткізу». Мемлекеттік кірістер комитеті Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен әкелінген автокөліктерді «кедендік тазарудан» өткізу қажет пе деген сұраққа жауап берді.