
Экспорт • 30 Тамыз, 2024
Экспорттық әлеуеттің бес үрдісі
Экономикалық зерттеулер институты биылғы бірінші жартыжылдықтағы ТОП-5 үрдісті тізбелеп шығыпты. Өңірдегі ахуалдың әлі тұрақтала алмай тұрғаны біздің де экспорттық саясатымызға дүркін-дүркін әсерін тигізіп жатыр.
Банк • 30 Тамыз, 2024
Бизнестің банктерге сенімі артып келеді
2024 жылдың маусым айының соңындағы жағдай бойынша ел банктеріндегі бизнестің салымы 15,8 трлн теңгеге жетті. Бұл өткен аймен салыстырғанда 4,5%-ға артық.
Өндіріс • 29 Тамыз, 2024
Ақмола облысының Ақмол ауылында орналасқан «Capital projects ltd» ЖШС жылына 20 мың тонна қуаттылықпен тауық етін өндіріп келе жатыр. Кәсіпорынның «Курочка ряба» брендімен шығаратын өнімдері тұтынушылардың ауқымды сұранысына ие. Мемлекеттік қолдаудың көмегімен жақын арада өндіріс қуатын 30 мың тоннаға дейін арттыру жоспарланып отыр.
Өндіріс • 28 Тамыз, 2024
Елімізде қала негізін құраушы ірі кәсіпорындар төңірегінде «Шағын және орта бизнес белдеуін» құру бойынша жұмыс басталды. Өнеркәсіп алпауыттарының өз өңірлерінен шыққан жеткізуші кәсіпорындармен серіктестігі бұған дейін де байқалатын, бірақ ерікті форматта еді. Енді бұл кәсіби түрде қолға алынғалы отыр. Елішілік құндылықтарды дамыту бағдарламасы, әсіресе моноқалаларда шағын және орта кәсіпкерліктің түтінін түзу ұшыруды көздейді.
Қаржы • 23 Тамыз, 2024
Көптен бері қаржылық ортада талқыланып, бірқатар қарама-қайшы көзқарастың туындауына себеп болған жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін (ЖТСМ) төмендету мәселесі ақыры шешімін тапты. Жақында ғана Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банк жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерлерін айқындау туралы бірлескен қаулыны бекітті.
Аймақтар • 20 Тамыз, 2024
Жетісудың даму әлеуетін байыптады
Үкімет басшысы Олжас Бектенов Жетісу облысына сапармен барып, Мемлекет басшысының өңірге қатысты әлеуметтік-экономикалық даму жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысымен танысты. Сапар аясында аймақтың агроөнеркәсіп кешені (АӨК), өңдеу өнеркәсібі және туризмді дамыту мәселелерін бағдарлап, экономикаға қосатын үлесін арттыру үшін шағын және орта бизнесті (ШОБ) қолдау шаралары бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.
Кәсіпкер • 17 Тамыз, 2024
Кәсіпорындар арасында жүргізілген сауалнамада белгілі болғандай, биыл екінші тоқсанда құрылыстан басқа барлық салада дайын өнімге сұраныс артқан. Cату көрсеткішінің орташа рентабельділігі жалпы экономикада 23,8%-ға дейін өсті. Мұндай өсім барлық салада бар. Мәселен, ең жоғары рентабельділік тау-кен өндіру өнеркәсібі саласында (38,5%), ал ең төмені ауыл шаруашылығында (14,0%) байқалды.
Ипотека • 17 Тамыз, 2024
Ипотека 2024: Банктердегі қарыз нұсқалары
Биыл жазға таман азаматтардың тұрғын үй салу және сатып алу үшін ресімдеген банктік қарызының көлемі 5,7 трлн теңгеге жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 12,5%-ға артық. Бес жыл ішінде көрсеткіш 3,7 есе, онжылдықта 5,5 есе өсті. Елімізде 21 банктің 11-і ипотека береді: 10 коммерциялық банк және тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бойынша жұмыс істейтін мемлекеттік «Отбасы банкі».
Аймақтар • 17 Тамыз, 2024
Қалпына келтіру жұмысының барысы
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар үшін салынып жатқан үйлер құрылысының барысымен танысты.
Үкімет • 17 Тамыз, 2024
Егін жинау науқанына ерекше бақылау қажет
Үкімет басшысы Олжас Бектенов егін жинау науқанына дайындық мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Жиында Ауыл шаруашылығы министрі, Экология және табиғи ресурстар, Энергетика вице-министрлері, сондай-ақ Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарының әкімдері тыңдалды.