
Экономика • 14 Тамыз, 2024
Әлеуметтік желіге кіре қалсаңыз, азаматтардың алаяққа алданған не болмаса алдана жаздаған оқиғаларынан аяқ алып жүргісіз. Алдап-арбаудың түрі көп қазір. Әлеуметтік инженерияны тәуір меңгерген хакерлер телефон соғуды сиретіп, енді WhatsApp желісін пайдалануға көшкен. Әуелде орысша жазып, «тауы шағылып» жатушы еді, қазір қазақша сөйлеуді де меңгеріп алыпты.
Қаржы • 07 Тамыз, 2024
Азаматтардың осы жылғы 1 қазанға дейін сатып алынған берешегі бойынша коллекторлық агенттіктер берешекті реттеу рәсімін өткізу туралы талап енгізілген сәттен бастап 20 күн ішінде (осы жылғы 1 қазан) өз борышкерлерін міндеттемені орындау талаптарын өзгертуге қатысты тиісті өтініш беру құқығы туралы хабардар етуге тиісті болады.
Экономика • 05 Тамыз, 2024
«ERG Green» қалдықты кәдеге жаратудың амалын тапты
Таяуда Ақтөбеге, одан әрі Хромтауға сапарлап, өңірдің экологиялық түйткілін тарқатуға қабілетті «Қазхром»ТҰК» АҚ филиалы – Дөң тау-кен байыту комбинатындағы «ERG Green» шлам қалдықтарын байыту фабрикасының жұмысымен танысудың сәті түсті. Әсілі, хром кенін өндірумен айналысатын Дөң тау-кен байыту комбинатының аты көпшілікке мәшһүр, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 02 Тамыз, 2024
Зейнетақы салымдарының кірісі өсті
2024 жылдың 6 айында азаматтардың таза инвестициялық кірісі 1,2 трлнтеңгеден асып түсті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 2,1 есе (немесе 638,4 млрд теңгеге) артық және жыл басынан бері 1,3 трлн теңге көлемінде аударылған жарналардың деңгейіне жуықтап қалды.
Экономика • 01 Тамыз, 2024
Экономикаға несие беру деңгейі өсті
Таяуда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) банк секторына қатысты соңғы деректерді жариялады. Назар салсақ, 2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша банк секторының активтері негізінен өтімді активтердің 5,8%-ға немесе 1,2 трлн теңгеге өсуі есебінен биыл маусымда 3,9%-ға немесе 2,1 трлн теңгеге ұлғайып, 55,3 трлн теңгені құраған. Ал экономикаға берілген кредит 2,0 пайызға, 30,1 трлн теңгеге дейін көбейіпті.
Инвестиция • 31 Шілде, 2024
Ауылға бағытталған қаржы көлемі азайды
Елімізде ауыл, орман және балық шаруашылығы саласының негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі биылғы қаңтар мен мамыр аралығында 197,9 млрд теңгені құрап отыр. Бұл – өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 26,7 пайызға төмен көрсеткіш. Бір жыл бұрын 34,6 пайызға жоғары көрсеткіш тіркелген еді.
Инвестиция • 31 Шілде, 2024
Биотехнология мен фармацевтиканың өрістеу мүмкіндігі
Мамандар биотехнология және фармацевтика секторына инвестиция құюды заманауи нарықтағы болашағы зор мүмкіндіктердің бірі деп бағалайды. Өйткені аталған екі сала инновациялардың қозғаушы күші саналады. Бұл сегменттегі компаниялар үнемі жаңа препараттарды, гендік терапияны және диагностикаға арналған құралдарды әзірлеп отырады. Түрлі емдеу әдісі мен жаңа технология ұсынып отыратын компаниялардың қаражат тарту қабілеті де анағұрлым жоғары болса керек.
Саясат • 30 Шілде, 2024
Премьер-министр Олжас Бектенов мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін арттыру арқылы елімізде өмір сүру сапасын жақсарту жөнінде кеңес өткізді. Жиында «Отбасының цифрлық картасын» одан әрі жетілдіру мәселелері қаралды, сондай-ақ «Әлеуметтік әмиян», «Мектепке дейінгі ұйымдарды ваучерлік қаржыландыру» жобалары көрсетілді.
Экономика • 24 Шілде, 2024
Қай маркетплейс қазынаға көп салық төледі
Ұлттық статистика бюросының ақпараты бойынша, 2023 жылдың қорытындысында бөлшек электронды коммерция нарығының көлемі 2,4 трлн теңге болды. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 24,3 пайызға жоғары көрсеткіш. Жалпы бөлшек саудадағы электронды коммерция үлесі рекордты 12,7 пайызға жеткен. Айта кету керек, бүкіл электронды коммерция айналымының 72,4 пайызы – маркетплейстерге тиесілі. Тек 27,6 пайызы ғана кәсіпорындардың жекелеген интернет-ресурсы арқылы іске асырылады екен. Демек маркетплейстер электронды сауда-саттық нарығын қалыптастырып отыр деп байлам жасай аламыз.
Экономика • 23 Шілде, 2024
Өрісі кеңейген өндіріс ошағы: Рудный металлургтер күнін қалай атап өтті?
Биыл «ERG» компаниясы құрамындағы «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ (ССКӨБ) қызметкерлері үшін қос мереке қатар келді – металлургтер күні және кәсіпорынның 70 жылдық мерейтойы. «ERG» атаулы мерекені өзіне қатысы бар кенді қалалардың барлығында жоғары дәрежеде атап өтті. Мейрам Ақтөбе, Ақсу, Павлодар және Рудныйда тойланды. Құрыш білекті мамандар еселі еңбегі үшін түрлі марапатқа ие болды. Саналы ғұмырын кәсіпорын игілігіне жұмсап келе жатқан еңбеккерлерге көлік пен пәтер де табыс етілді. Қастерлі мереке қарсаңында Рудный топырағына табанымыз тиіп, әдетте көп ісі көпшілікке беймағлұм кәсіп иелерінің жұмысымен тереңірек таныстық.