
Қазақстан • 05 Тамыз, 2021
Интернетсіз цифрлану: Қызметті онлайн тұтыну көңілден шыға ма?
Смартфондағы интернет қарқыны көрсеткіші Е-ден H-қа әрең ауысатынын, тариф біткеннің тиімсіз, ақша сорғышқа айналғанын, ауылдардың әлі 2000 жылдардың арғы жағында қалып кеткенін былай қоя тұрсақ, бізде қызметтерді онлайн тұтыну өсіп жатыр екен. Жаппай цифрландыру басталғалы әпелтек-тәпелтек күйімізде такси, тамақ, ойын-сауық – барлығын телефон арқылы төлей бастадық. Ара-тұра қалтамызға ақша салмайтынымызды айтып мақтанып та аламыз.
Экономика • 05 Тамыз, 2021
Бір қуантып, бір мұңайтқан сала
2020 жылы елдегі еңбек өнімділігі төмендеп кетті. Қатаң шектеулер мекемелер мен кәсіпорындар жұмысын тоқтатып тастады. Қала шекараларына блок-бекеттердің қойылуы біраз азаматтың жұмысына баруын шектеді. Соның салдарынан еңбек үлесі азайды. Бірақ дәл осындай тығырықтан құрылыс саласы қырын сындырмай аман шықты.
Экономика • 03 Тамыз, 2021
Қазақстан тамыз айында ОПЕК+ келісімі аясында мұнай өндірісін арттыратын болды. Келер айда өндіріс көлемі тәулігіне 1,491 млн баррельге дейін жетпек. Тиісінше әр ай сайын квота тәулігіне 16 мың баррельге ұлғайып отырады.
Қазақстан • 26 Шілде, 2021
Маусым айында қазақстандықтар екінші деңгейлі банктер мен жекелеген банктік емес айырбастау пункттерінен жалпы салмағы 124,2 кило болатын 3 188 құйма сатып алыпты.
Экономика • 21 Шілде, 2021
Ұлттық валюта және экономикалық ахуал
Қаржы нарығындағы ахуал құбылып тұр. Бір тұрғыдан алғанда вакциналау қарқынының артуы, бизнес-процестердің пандемия зардаптарына бейімделуі жағдайдың оң бағыт ала бастағанын аңғартады. Алайда екінші тұрғыдан вирустың мутацияға ұшырап, түрлі штамдардың пайда болуы, адамзаттың әлі де болса COVID-19-бен белсенді күрес жүргізіп жатқаны тәуекелдерді арттыра түседі.
Экономика • 20 Шілде, 2021
Мұнай бағасы соңғы уақытта қайта өсе бастады. Қара алтын қазір барреліне 74-75 доллардан сатылып жатыр. Негізгі экспорттық әлеуетін мұнай құрайтын біз сияқты елдер үшін бұл жағымды құбылыс. Десе де мұнай бағасының көтерілуі теңгені неге күшейтпейді деген сауал да туындайды.
Экономика • 19 Шілде, 2021
Экономикалық байланыс әлсіремеуі тиіс
Орталық Азияның мүддесі бір, қарым-қатынасы берік болуы тиіс дегенді жиі айтамыз. Түбіміздің бір екендігі, геосаяси тұрғыда бір-бірімізге тәуелді екеніміз осылай айтуға да мәжбүрлейді. Соңғы кезде Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы қатынастарды алдыңғы орынға шығарғандаймыз. Дегенмен Орталық Азия елдерімен экономикалық байланыс та әлсіремеуі тиіс.
Технология • 16 Шілде, 2021
Елімізде «Модельдік цифрлы фабрикалар» жобасы іске асырылып жатыр. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметі бойынша, жоба төртінші өнеркәсіптік революция технологияларын енгізуді ынталандыру мақсатында қолға алынған.
Технология • 16 Шілде, 2021
Ozon сауда алаңына да жол ашылды
16 миллион клиенттік базасы бар, ай сайын 80 миллионнан астам пайдаланушы кіретін ресейлік Ozon платформасында енді қазақ кәсіпкерлері де өнімдерін саудалай алады. Маркетплейсте киім мен тағамнан бастап, балалар өнімдерінен косметикаға дейінгі 20 түрлі санаттағы тауарлар бар.
Қаржы • 14 Шілде, 2021
Finiko «бизнесіне» арбалғандар
Соңғы кезде қор нарығының игілігін пайдалану, инвестиция салып, көл-көсір пайдаға кенелуді жарнамалайтын компаниялар мен ұйымдар көбейіп кетті. Әрине, оның біразы заңды. Әйтсе де, арасында алаяқтар да жоқ емес. Солардың айтқанына арбалып, қолдағы бар ақшасынан айырылып, санын соғып қалғандар да аз болмай тұр.