Қымбат ТОҚТАМҰРАТ
Қымбат ТОҚТАМҰРАТ«Egemen Qazaqstan»
166 материал табылды

Қаржы • 04 Қазан, 2021

Шенеуніктердің шетелдік банктердегі шоты қанша?

Биылғы қаңтар айынан бастап, елімізде жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңі өткені белгілі. Декларациялау кезінде мемлекеттік қызметкерлердің шетелде қанша банктік шоттары, жылжымайтын мүліктері мен көліктері бары есептелген. Декларацияны ұсынған 497 мың жеке тұлғаның 440-ында шетелдік банктерде жеке шоты бар, 58 шетелдік банктегі жинақталған қаржының жалпы сомасы – 691 млрд теңге. Бұл туралы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ұйымдастырылған брифингте айтып берді.

Экономика • 29 Қыркүйек, 2021

Таңбалау мен қадағалау

Еліміз Еуразиялық экономи­калық одақ аумағында бірқатар тауарды таңбалауды енгіз­ге­ні белгілі. Мамандардың пі­­кі­­рінше, тауарларды таң­ба­лау­дың артықшылығы көп. Бұл бір жағынан цифр­лы экономиканы дамытуға ық­пал етсе, екінші жағынан «кө­лең­келі» экономиканың үлесін қыс­қартып, нарықтағы заңсыз әрі сапасыз өнімнің айналымын азайтады.

Қаржы • 27 Қыркүйек, 2021

Қолма-қол ақшаны қолданатындар азайды

Әлемді шарпыған пандемия елге көп нәрсені үйретті. Былтырғы зерттеудің нәтижесі ел тұрғындарының цифрлық сауаттылығы әлдеқайда артқанын, бұрын ешқандай банк картасын ұстап көрмеген бірталай азамат жеке есеп шот ашып, қолына карта ұстағанын көрсетті. Естеріңізде болса, былтыр Google іздеу жүйесі Қазақстанда 2020 жылы ең көп сұралған мәліметтер тізімін жа­рия­лады. Сонда пайдаланушылар IBAN, БСН (БИН), БЖТ (бірыңғай жиынтық төлем) деген сөзді көп іздеген. Мұның өзі көп жайтты аңғартса керек.

Экономика • 27 Қыркүйек, 2021

«Самұрық-Қазына» АҚ: Маңғыстау облысы – инвестиция құю ісінде басымдыққа ие өңір

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған кеңес өтіп, онда «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев баянда­ма жа­сады.

Экономика • 27 Қыркүйек, 2021

«Самұрық-Қазына» қорының 2021 жылының І жарты жылдығындағы қаржылық көрсеткіштері

Биылғы жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындылары бойынша «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобында қаржылық көрсеткіштер 2021 жылдың бірінші жартысына белгіленген жоспардан тыс орындалып, 2020 жылдың көрсеткіштерінен асып жығылды.

Бизнес • 23 Қыркүйек, 2021

Табысын жасырғандар айыппұл төлейді

2021 жылдың 1 қаңтарынан елімізде жалпыға бірдей деклара­циялаудың бірінші кезеңі басталғаны белгілі. Алғашқы кезеңде декларацияны қағаз түрінде ұсыну мерзімі биылғы 15 шілдеде аяқталса, электронды нұсқадағысы 15 қыркүйекке дейін жал­ғасты. Бірақ мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге декларацияны тапсыру мерзімі ұзартылды.

Саясат • 13 Қыркүйек, 2021

Экономикалық дамудың басты тетігі

Мемлекеттік қаржыны бақылайтын жоғары орган – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің құрылғанына 25 жыл толып отыр. Осыған орай Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Жаңа тарихи шындық жағдайындағы мемлекеттік аудит жүйесі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Экономика • 02 Тамыз, 2021

Тауар айналымында өсім бар

Коронадағдарысқа қарамастан, еліміздің өзге мемлекеттермен тауар айналымы өскені байқалды. Қазақстанның Орталық Азия мемлекеттерімен осы саладағы көрсеткіші жылына 35%-ға артқан, экспорт көлемі де үш есе ұлғайған.

Экономика • 30 Шілде, 2021

Ashyq-қа қосылуға көмектесетін пункттер ашылды

Еліміздегі кәсіпкерлер Ashyq жобасына белсене қосылып жатыр. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының хабарлауынша, өңірдегі филиалдарда бизнесмендерге QR-код алып беруге көмектесетін пункт­­­тер ашылды.

Қоғам • 29 Шілде, 2021

Жеңіл табыс – күмәнді мәміле

Нарық заманының қыспағы ма, қазір жеңіл жолмен қомақты қаржыға кенелгісі келетіндер көбейді. Жанды қинамай, көл-көсір байлыққа ие болғысы келгендер күмәнді ұйымдар құрған қақпанға түсіп те жатыр. Бірақ тауы шағылып, беті қайтып жатқан адамдар көрінбейді. Біріншісінің тұзағынан шықса, екіншісіне ұрынып жатады. Тек былтырдың өзінде он мыңдаған адам қаржы пирамидасына алданып қалған. Уәкілетті органдар 2020 жылы жалған қаржы ұйымдарына қарсы 217 қылмыстық іс қозғап, оның 116-сын сотқа жөнелткен.

Яндекс.Метрика