
Қылмыс • 21 Ақпан, 2024
Әйел құқына қатысты қылмыс екі есе азайған
Елімізде 1999 жылы, яғни осыдан тура 25 жыл бұрын әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі жеке қызмет құрылды. Мақсаты әйелдердің конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін заңсыз қолсұғушылықтардан қорғау, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесуге бағытталды.
Саясат • 20 Ақпан, 2024
Қазақстан – Өзбекстан: Байланыстың ортақ нәтижесі
Қазақ пен өзбек қарым-қатынасын жақындататын ортақ құндылық көп. Өйткені екі елдің салт-дәстүрі, мәдениеті, тілі, діні ұқсас. Бүгінде тарихы тамырлас халықтардың мызғымас достығы мемлекеттерді бір мақсат пен мүдде жолына тоғыстырып отыр. Тату көрші, сенімді серіктестікке негізделген берік қарым-қатынастың арқасында бауырлас елдердің арасындағы ортақ келісім де көбейіп келеді.
Қоғам • 15 Ақпан, 2024
Кәсіби этиканы жүйелеу ұсынылды
Елордада Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйытқы болуымен өткен дөңгелек үстелде журналистика саласында қордаланған мәселелер талқыланып, алда атқарылуға тиіс маңызды мәселелерге назар аударылды. Әсіресе ақпарат айдынына ауадай қажет білікті кадрларды даярлаудан бастап, салаға қажетті жүйені өзгертудің өзектілігі қаузалды.
Айбын • 14 Ақпан, 2024
«Жас ұланның» қаһармандық сабағы
Бауыржан Момышұлы атындағы Алматыдағы «Жас ұлан» республикалық мектебінде тәрбиеленушілер генерал-лейтенант Бақытжан Ертаевпен кездесті.
Қоғам • 22 Қаңтар, 2024
Елордада Президенттік орталық пен Парламентаризм институты ұйымдастырған дөңгелек үстелде депутаттар мен сарапшылар Мемлекет басшысының «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында айтылған идеялар мен бастамаларын іс жүзінде қалай іске асыру керектігін талқылады.
Қоғам • 11 Қаңтар, 2024
Ұлттық тіл моделі және инновация
Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы жұмысымен танысып, сарапшы мамандардың креативті индустрияны дамыту перспективалары туралы ұсыныстарына құлақ түрді. Кездесуде депутаттарға орталық әзірлеген қазақ тілін оқыту мақсатындағы ғылыми-әдістемелік өнімдер мен ана тілімізді цифрлық дамыту бағытындағы ІТ жобалар таныстырылды.
Елорда • 09 Қаңтар, 2024
Сенат депутаттары Бибігүл Жексенбай мен Геннадий Шиповских елордадағы жылыжайға барып, жұмысымен танысты. Осындағы кездесулерде саланың өзекті мәселелері талқыға салынды. Сенаторларға жылыжайдың жалпы ауданы 2,4 гектарды құрайтыны және қазіргі заманғы техникамен жабдықталғаны туралы айтылды. Кәсіпорында 40 тоннаға жуық қызанақ және 50 тоннадан астам қияр өндіріледі.
Көрме • 03 Қаңтар, 2024
Жақында елордада танымал түрік суретшісі Исмаил Ажардың «Естелік» атты алғашқы көрмесі ашылды. Түркияның Қазақстандағы елшілігі ұйымдастырған көрмеге дипломатиялық миссиялардың өкілдері, суретшілер мен көптеген өнерсүйер қауым қатысып, қылқалам шеберінің туындыларын тамашалады.
Елорда • 31 Желтоқсан, 2023
Елорда төрінде өткен «Жаңа жыл республика төрінде» атты Президент шыршасы әдеттегідей балаларға ерекше көңіл күй сыйлады. Ертегі әлеміне толы кешке еліміздің әр өңірінен 100 бала қатысты. Олардың барлығы – спорттық жарыстарда үздік шығып, оқуда озат атанған үлгілі оқушылар. Балалар мультфильм кейіпкерлері мен Желаяқ, Таусоғар, Көлтауысар секілді қазақ ертегілерінің қаһармандарымен бірге жарқыраған жаңа жылдық шыршаны айнала билеп, ойын-сауық бағдарламасын тамашалады.
Әскер • 19 Желтоқсан, 2023
Ұлттық ұланда әскери борышын өтеп жүрген сарбаздар қатарында өнерімен және қабілетімен көптен озған дарындылар жетерлік. Солардың бірі – полиглот Бағжан Болатұлы.