
Қаржы • 26 Қараша, 2024
Заңсыз активтің қайтарылуы қай деңгейде?
Кейінгі жылдары қазынадан ұрланған қаражатты шетел асырып, өзге елде зәулім сарай тұрғызудан алдына қара салмағандардың мәселесі майшаммен қарала бастады. Өйткені әлеуметтік әділдікті қалпына келтірудің басым бағыты қайтарылған активтерді халық игіліне жарату болып отыр. Осы бағыттағы жұмыстың белсенді іске бастағанына екі жылдан асты. Содан бері құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар, түрлі министрліктер мен ұлттық банктердің бірлескен кешенді жұмысы нәтижесінде шамамен 1,7 трлн теңге қазынамызға қайта түскен.
Экономика • 26 Қараша, 2024
Мұнай секторындағы ахуал талқыланды
Кеше Мәжіліс төрағасының орынбасары Альберт Раудың төрағалығымен Үкімет сағаты өтті. Жиында мұнай саласын дамыту қызметі мен келешегі туралы баяндама жасаған Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевке депутаттар тарапынан қойылған сауал да көп болды.
Қоғам • 22 Қараша, 2024
Жазушы Шәрбану Бейсенованың «Сүзгенің соңғы күндері» және «Бозоқ аруы» атты шығармалары түрік оқырмандарына жол тартты. Кітап таныстырылымын Түркия Республикасының Қазақстандағы елшілігі және Юнус Эмре түрік мәдениет орталығы бірігіп ұйымдастырды.
Айбын • 21 Қараша, 2024
Бүгінде байтақ еліміздің әрбір өңірінен келген жастар Отан алдындағы жауапкершілікті сезініп, азаматтық борыштарын адал атқарып жүр. Солардың бірі – биыл ІІМ Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6679 әскери бөліміне шақырылған егіз сарбаз.
Айбын • 08 Қараша, 2024
Шекара шебінде қызмет ету – жоғары жауапкершілік. Әсіресе геосаяси ахуал күн сайын қиындап, қылмыскерлердің көші жиілеп тұрған тұста қылт еткен қимыл-қозғалыс күдік пен секем туғызады. Мұндай сәтте елге төнетін қауіппен ең алғаш болып бетпе-бет келетін шекарашылардың сын сағатта ақыл-ойы мен физикалық дайындығы сыр бермегені абзал.
Экономика • 15 Қазан, 2024
Тұрақты даму еңбек нарығына тәуелді
Кеше Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында көпті толғандырып жүрген халықтың әлеуметтік ахуалы талқыға салынды. Оның ішінде депутаттар жұмыспен қамтудың жай-күйінен бастап шетелде құлпынай теріп жүрген отандастардың мәселесіне дейін көтеріп, сөз бен істің арасындағы арақашықтықты жақындату қажеттігін алға тартты.
Қоғам • 13 Қыркүйек, 2024
Жақында елордадағы Байқоңыр ауданының Ә.Жангелдин көшесінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметін атқару кезінде патрульдік топ бастығы Ермахан Төребеков қансырап жатқан адамға алғашқы көмек көрсеткен.
Отбасы • 13 Қыркүйек, 2024
Атажұртты асқақтатқан түрік отбасы
Елімізде өтіп жатқан көшпелілер ойындарын тамашалау үшін Анкарадан автобуспен шыққан түрік отбасы Түркия елшілігінде болды.
Айбын • 06 Қыркүйек, 2024
Әскери ғылым – аса көп талқыланбайтын, көптің қызығушылығын тудыра бермейтін бағыт. Ілуде біреу ғана болмаса, екінің бірі әскерде жүріп ғылымға бет бұрмайды. Десе де «қалауын тапса, қар жанатыны» секілді, ізденген мұратына жетері анық. Ұлттық ұлан академиясындағы Жалпы білім беру пәндері кафедрасы бастығының орынбасары, майор Бақыт Қалиев – әскер сапындағы әлеуметтік ғылымдар магистрі.
Айбын • 23 Тамыз, 2024
Жауынгерлік дайындық пысықталды
Құқықтық тәртіп әскерінің радиациялық химиялық және биологиялық қорғау мамандарының арасында алғаш рет өткізіліп отырған ведомствоаралық полигондық жұмыс аяқталды.