Сенат • 18 Қазан, 2023
Ұлттық мүдде: Қоғамға қажетті құндылық
Біздің ұлттық мүддеміз қандай? Ұлттық құндылықтарды дәріптеуге қаншалықты мән беріп жүрміз? Әділетті Қазақстан құру жолында елдік мәселелер қалай іске асырылып келеді? Сенат жанындағы «Ұлттық мүдде» диалог алаңында бас қосқан зиялы қауым, ұлт қайраткерлері мен жастар осы сұрақтар төңірегінде ой-пікірлерін білдіріп, елдіктің өзекті мәселелерін талқыға салды.
Саясат • 11 Қазан, 2023
Кездесу өзегі – дінаралық диалогті дамыту
Парламент Сенатының төрағасы – Съезд хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаев Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының ХХІ отырысына қатысу үшін елімізге келген дін лидерлерімен бірқатар екіжақты кездесу өткізді. Кездесулерде тараптар дінаралық және конфессияаралық диалогті одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.
Сенат • 09 Қазан, 2023
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының Орнықты даму саласындағы ұлттық мақсаттары мен міндеттерінің іске асырылуына мониторинг жүргізу жөніндегі парламенттік комиссияның екінші отырысы өтті. Кездесуде халықты сапалы медицинамен және біліммен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Пікір • 20 Қыркүйек, 2023
Күні кеше қазақ спортының жеңіс шежіресіне таңбаланатын тарихи белдесу өтті. Сербия астанасы Белградта өткен еркін күрестен әлем чемпионатында отандасымыз Ризабек Айтмұқан соңғы секундтарда әзербайжан балуанынан басым түсіп, жеңімпаз атанды. Тарихи дейтініміз, Ризабек – еркін күрестен әлемдік біріншілікте жеңіс тұғырына көтерілген тұңғыш қазақ. Бірақ...
Үкімет • 02 Қыркүйек, 2023
Реформаларды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету
Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Парламент Сенаты VIII шақырылымы II сессиясының алғашқы отырысы өтті. Мұнда сенаторлар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда белгілеп берген басымдықтарды талқылады. Сенат төрағасы Президент бастамалары мен реформаларын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету палатаның аса маңызды міндеті екенін атап өтті.
Елорда • 30 Тамыз, 2023
Адам құқы және заң құндылықтары
Астана қаласында «Конституцияның үстемдігі – мемлекеттік егемендіктің, тұрақты дамудың, заңдылық пен құқықтық тәртіптің, адам құқықтарын қорғаудың негізі» тақырыбында Конституциялық бақылау органдарының еуразиялық қауымдастығының I конгресі өтті.
Пікір • 21 Тамыз, 2023
Түркияға биылғы жазда тағы жол түсті. Бауырлас елге барған сайын көзге бірден түсетін бір ұлттық нақыш бар. Ол – Түркияның туы. Қызыл түстегі жарты ай мен жалғыз жұлдызды бөрі текті ер түріктің әр шаңырағынан ғана емес, көліктерінен, көшелерінен, әкімшілік ғимараттарынан, әрбір шағын дүкен мен үлкенді-кішілі кеме-қайықтарынан, тіпті теңізде басы қылтиған әр тау мен тастан да көруге болады. Көк теңіздің әр тұсында желбіреп тұрған түрік туы – «мына тас осы халықтікі, мынау тау осы мемлекеттікі» екенін үнсіз ұғындырып тұрғандай.
Саясат • 09 Шілде, 2023
Өткен аптада Жоғарғы соттың ұйытқы болуымен «Тәуелсіз сот төрелігіндегі сот әкімшілігі: әлемдік стандарттар мен үздік тәжірибелер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға қатысқан Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия және басқа елдердің судьялары мен сот әкімшіліктерінің өкілдері сот тиімділігін оңтайландыру, сот төрелігіне қол жеткізу құралдары мен жаңа технологиялар жөнінде ой-пікірлерін ортаға салды.
Қоғам • 05 Шілде, 2023
IACA сот әкімшілігінің қазақстандық моделіне жоғары баға берді
Өткен аптада Жоғарғы соттың ұйытқы болуымен «Тәуелсіз сот төрелігіндегі сот әкімшілігі: әлемдік стандарттар мен үздік тәжірибелер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға қатысқан Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия және басқа елдердің судьялары мен сот әкімшіліктерінің өкілдері сот тиімділігін оңтайландыру, сот төрелігіне қол жеткізу құралдары мен жаңа технологиялар жөнінде ой-пікірлерін ортаға салды.
Қоғам • 23 Маусым, 2023
Бүгін – Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мерекесі. Басты мақсаты халықтың сенімін ақтап, ұлтымыздың абыройын асыру болып саналатын бұл қызметтің арқалаған жүгі салмақты, жауапкершілігі де аз емес. Өйткені мемлекеттік қызметкер – әрбір өркениеттің өріне қадам бастаған мемлекеттің ең басты тірегі, оның идеясы мен саясатын алға апарушы.