Бану ӘДІЛЖАН
Бану ӘДІЛЖАН«Egemen Qazaqstan»
432 материал табылды

Сенат • 18 Қазан, 2023

Ұлттық мүдде: Қоғамға қажетті құндылық

Біздің ұлттық мүддеміз қандай? Ұлттық құндылықтарды дәріптеуге қаншалықты мән беріп жүрміз? Әділетті Қазақстан құру жолында елдік мәселелер қалай іске асырылып келеді? Сенат жанындағы «Ұлттық мүдде» диалог алаңында бас қосқан зиялы қауым, ұлт қайраткерлері мен жастар осы сұрақтар төңірегінде ой-пікірлерін білдіріп, елдіктің өзекті мәселелерін талқыға салды.

Сұхбат • 12 Қазан, 2023

Решиде ЮКСЕЛ: Мені төрге сүйреген «тұңғыш» деген түсінік

Решиде Юксел – әлемнің 40 мемлекетінен келген 200-ге жуық қандастың басын қосқан «Отандастар» форумына қатысушылардың бірі. Елдік мәселелер талқыланған алаңға Решиде ханымды арнайы іздеп барып, сұхбаттасқан едік. Оның себебі де жоқ емес.

Саясат • 11 Қазан, 2023

Кездесу өзегі – дінаралық диалогті дамыту

Парламент Сенатының төрағасы – Съезд хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаев Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының ХХІ отырысына қатысу үшін елімізге келген дін лидерлерімен бірқатар екіжақты кездесу өткізді. Кездесулерде тараптар дінаралық және конфессияаралық диалогті одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.

Сенат • 09 Қазан, 2023

Орнықты дамудың ортақ мақсаты

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төраға­лығы­мен Қазақстан Респуб­ли­ка­сының Орнықты даму саласындағы ұлттық мақ­саттары мен міндет­тері­нің іске асырылуына мониторинг жүргізу жөніндегі пар­ламенттік комиссияның екінші отырысы өтті. Кез­десу­де халықты сапалы медицинамен және біліммен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Пікір • 20 Қыркүйек, 2023

«Ту қайда?..»

Күні кеше қазақ спортының жеңіс шежіресіне таңбаланатын тарихи белдесу өтті. Сербия астанасы Белградта өткен еркін күрестен әлем чемпионатында отандасымыз Ризабек Айтмұқан соңғы секундтарда әзербайжан балуанынан басым түсіп, жеңімпаз атанды. Тарихи дейтініміз, Ризабек – еркін күрестен әлемдік біріншілікте жеңіс тұғырына көтерілген тұңғыш қазақ. Бірақ...

Үкімет • 02 Қыркүйек, 2023

Реформаларды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету

Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Парламент Сенаты VIII шақырылымы II сессиясының алғашқы отырысы өтті. Мұнда сенаторлар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда белгілеп берген басымдықтарды талқылады. Сенат төрағасы Президент бас­тамалары мен реформаларын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету палатаның аса маңызды міндеті екенін атап өтті.

Елорда • 30 Тамыз, 2023

Адам құқы және заң құндылықтары

Астана қаласында «Конс­ти­туцияның үстем­ді­гі – мем­­лекеттік еге­­мен­дік­тің, тұ­рақты даму­дың, заңдылық пен құ­қық­­­тық тәр­тіптің, адам құ­қық­тарын қорғаудың не­гізі» тақы­ры­бын­да Конс­титуциялық бақы­лау ор­ган­­дарының еуразия­лық­ қа­уым­дастығының I кон­гресі өтті.

Пікір • 21 Тамыз, 2023

Ту мен тұғыр

Түркияға биылғы жазда тағы жол түсті. Бауырлас елге барған сайын көзге бірден түсетін бір ұлттық нақыш бар. Ол – Түркияның туы. Қызыл түстегі жарты ай мен жалғыз жұлдызды бөрі текті ер түріктің әр шаңырағынан ғана емес, көліктерінен, көшелерінен, әкімшілік ғимараттарынан, әрбір шағын дүкен мен үлкенді-кішілі кеме-қайықтарынан, тіпті теңізде басы қылтиған әр тау мен тастан да көруге болады. Көк теңіздің әр тұсында желбіреп тұрған түрік туы – «мына тас осы халықтікі, мынау тау осы мемлекеттікі» екенін үнсіз ұғындырып тұрғандай.

Тарих • 17 Тамыз, 2023

«Бұл өлгендерге емес, тірілерге керек»

Сұм соғыстың зардабы тимеген отбасы қазақ жерінде кемде-кем болар. Көзі тірі майдангерлердің саны саусақпен санарлық. Шейіт кеткендері қаншама? Хабар-ошарсыз қалған боздақтар ше? Ресми деректерде Екінші дүниежүзілік соғыста майдан даласында 600 мыңнан астам отандасымыздың қаза тапқаны айтылады. Соның жартысына жуығы хабар-ошарсыз кеткендер қатарында.

Саясат • 09 Шілде, 2023

IACA берген жоғары баға

Өткен аптада Жоғарғы соттың ұйытқы болуымен «Тәуелсіз сот төрелігіндегі сот әкімшілігі: әлемдік стандарттар мен үздік тәжірибелер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға қатысқан Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия және басқа елдердің судьялары мен сот әкімшіліктерінің өкілдері сот тиімділігін оңтайландыру, сот төрелігіне қол жеткізу құралдары мен жаңа технологиялар жөнінде ой-пікірлерін ортаға салды.