Басылым • 25 Мамыр, 2024
Басқа басылымдардан: Әріптестік орнату ұсынылды
Сингапур мен Қазақстанның бірқатар компаниясына технология мен инновация, жаңартылған энергия көздері және биотехнология салаларында ынтымақтастық орнату ұсынылды.
Саясат • 25 Мамыр, 2024
Қазақстан - Сингапур: Серіктестік дамып келеді
Экватордың бойында жатқан Сингапур Республикасы – Астана қаласынан сәл ғана үлкен аралда орналасқан әрі мемлекет, әрі қала. Елдің аумағына негізгісінен бөлек тағы алпыстан астам арал кіреді. Осындай шағын ғана қала-мемлекет бүгінде әлемнің небір алпауыттарымен терезесі тең дәрежеде жан-жақты дамып келеді. Қазақстан мен Сингапур да отыз жылдан бері бірі Орталық, енді бірі Оңтүстік-Шығыс Азия өңірлерінде бір-біріне жетекші сауда және инвестициялық серіктес ретінде біраз жетістікке қол жеткізді.
Үкімет • 23 Мамыр, 2024
Дүниені бүлдіру оңай, бүтіндеу қиын
Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен палатаның жалпы отырысында адам саудасы, ат спорты бағытындағы қазақы жылқы түрін сақтап қалу, экологиялық таза көлік түрлерінің қоғамдағы беделін арттыру, биржа саудасы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлікті қолдау бойынша салықтық жеңілдіктер қарастыру, өзге де өзекті бірқатар заң жобасы талқыланып, тиісті шешімдері шығарылды.
Қоғам • 23 Мамыр, 2024
Облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының әлеуметтік мемлекеттік тапсырысы аясында Тараз қаласында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс мектебі» атты семинар өтті. Іс-шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыс бойынша департаменті басшысы бірінші орынбасарының міндетін атқарушы Қайрат Бәйгебаев, облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Ерболат Байболат қатысып, басқосудың маңыздылығына тоқталды.
Саясат • 21 Мамыр, 2024
Қырғызстан және Пәкістан: Дипломаттар Астанада кездеседі
Бұған Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында болған жаппай тәртіпсіздік оқиғасы себеп болып отыр. Шетелдіктердің қатысуымен болған төбелес соңы жаппай наразылыққа ұласып, көбіне пәкістандық студенттер зардап шеккен еді.
Әлем • 21 Мамыр, 2024
Иран президентінің қайғылы қазасы
Жексенбі күні Иран Ислам Республикасының президенті Ибрахим Раиси елдің Шығыс Әзербайжан провинциясының таулы-орманды аумағында тікұшақ апатынан қаза тапты. Бұл жөнінде ирандық IRNA ақпарат агенттігі жария етті. Ал ресми Тегеран президент қазасын растаған мәлімдемені іздестіру жұмыстары толық аяқталған соң ғана жасады. Көп ұзамай Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ибрахим Раисидің қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдап, осы елдің жоғары лидері Әли Хаменеи мен бірінші вице-президенті Мохаммад Мохберге және барша иран халқына көңіл айтты.
Тағзым • 20 Мамыр, 2024
Ераға тұрған үйге ескерткіш-тақта орнатылды
БАҚ саласындағы Президент сыйлығының тұңғыш лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ел газеті «Egemen Qazaqstan»-ды басқарған Ержұман Смайыл тұрған үйдің қабырғасына (Астана қаласындағы «Самал» шағын ауданы) ескерткіш-тақта қойылды. Журналистер қауымы Ераға атап кеткен Ержұман Смайылдың ұлт журналистикасындағы орны бөлек-тұғын.
Тұлға • 18 Мамыр, 2024
Ераға тұрған үйге ескерткіш-тақта орнатылды
БАҚ саласындағы Президент сыйлығының тұңғыш лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ел газеті «Egemen Qazaqstan»-ды басқарған Ержұман Смайыл тұрған үйдің қабырғасына (Астана қаласындағы «Самал» шағын ауданы) ескерткіш-тақта ілінді. Журналистер қауымы Ераға атап кеткен Ержұман Смайылдың ұлт журналистикасындағы орны бөлек-тұғын.
Саясат • 17 Мамыр, 2024
Өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелері
Астана қаласында Орталық Азия елдерінің Қауіпсіздік кеңесі хатшыларының алғашқы отырысы өтті. Жиынға Қазақстан тарапынан Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов қатысты.
Үкімет • 16 Мамыр, 2024
Заңдардың орындалуы қоғамдық бақылауға алынады
Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен палатаның жалпы отырысы өтіп, күн тәртібіне 10 мәселе шығарылды. Оның ішінде алдымен 2023 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы қаралса, зияткерлік меншік, тауарлардың шығарылған елін анықтау, қазақ-қырғыз шекарасында индустриялық сауда-логистикалық кешен жөніндегі және бірқатар халықаралық келісімді ратификациялауға бағытталған заң жобалары талқыланды.