
Аймақтар • 28 Ақпан, 2024
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша тұрғызылатын 1 200 орындық білім ұясы үшін шамамен 3-3,5 гектар жер қажет. Павлодардағы зағиптар қоғамының тігін цехы орналасқан аумақ құрылыс үшін ең қолайлы орын саналып отыр.
Аймақтар • 27 Ақпан, 2024
43 елді мекенді су басу қаупі бар
Биыл қыстай түскен қар мен ақпанда жауған жаңбыр Ертіс –Баян өңірінде су тасқыны қаупінің жоғары болатынын аңғартқандай. «Қазгидромет» мекемесінің мамандары қардың жамылғысы өткен жылмен салыстырғанда 55 пайызға, топырақтың тоңдануы 8 пайызға жоғары екенін айтады. Облыс бойынша 43 елді мекен төтенше жағдайлар қызметінің айрықша бақылауына алынды.
Аймақтар • 26 Ақпан, 2024
Жаман індет Бесқауғадағы жылқыға да жетті
Қарағанды облысының бірнеше аулына тарап үлгерген эпизоотиялық лимфангит біздің өңірге де жеткендей. Осы аптада Екібастұздың ауылдық аймағында қауіпті індетті жұқтырған жылқы шаруашылығы карантинге жабылды.
Тағайындау • 26 Ақпан, 2024
Павлодар облысы ақпарат және қоғамдық даму басқармасының басшысы тағайындалды
Павлодар облысы әкімінің өкімімен Сейдуманов Әлнұр Серікұлы өңірлік ақпарат және қоғамдық даму басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 25 Ақпан, 2024
Айтыс пен поэзия өнерінде сөздің сүбелісін, өлеңнің өрнектісін, ойдың ордалысын бойына жиған ақын Аспанбек Шұғатайдың «Баян. Мен. Таулар» кітабының тұсауы кесілді.
Аймақтар • 22 Ақпан, 2024
Орманды жайтартқыштар қорғайды
Павлодар мамаңдары ормандарда жайтартқыш орнатып, өрттің алдын алуды мақсат етіп отыр. Өткен жылы облыста 207 орман өрті тіркеліп, тілсіз жау 3 905 гектар жердің жасыл жамылғысын жайпап өткен.
Аймақтар • 22 Ақпан, 2024
Майқайыңның жалғыз құбыры жарылды
Кеше түнде Екібастұздан Майқайың кентіне су жеткізетін магистралдық құбыр жарылды. Соған байланысты 9 мыңның үстінде халық тұратын Майқайың кентінде су қысымы төмендеп кетті. Ал құбырға жалғанған «Богатыр-Көмір» АҚ-да су беру мүлде тоқтатылды.
Театр • 20 Ақпан, 2024
Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыка-драма театры биылғы жылдың алғашқы премьерасын ұсынды. Премьераның атауы – «Кербұғы». Оралхан Бөкейдің аттас әңгімесінің желісімен қойылып отыр.
Аймақтар • 20 Ақпан, 2024
Майқайың фабрикасының тоқтауына не себеп?
«Майқайыңалтын» АҚ-ға қарасты кен байыту фабрикасы 1 сәуірге дейін жұмысын тоқтатады. Фабриканың уақытша кідіруіне қалдық қоймадағы шикізаттың таусылуы себеп болған. Ал алтын кенішіндегі жұмыс апат күнінен бері қаңтарылып тұр.
Мектеп • 18 Ақпан, 2024
Керекудегі ауылдардың бірінде 120 оқушыға лайықталған жаңа білім беру ұясы ашылды. Мектеп заманауи жабдықтармен, STEM-зертханамен, IT, роботтехника және 3D-модельдеу сыныптарымен жабдықталған.