Мұрат ҚАПАНҰЛЫ
Мұрат ҚАПАНҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
610 материал табылды

Тағзым • 11 Желтоқсан, 2023

Қалижан ақынды еске алды

Кенесары хан­ды, Нау­рызбайды ма­дақтайтын «Ба­тыр Науан» атты поэма жа­зып, кейін осы шығар­масы үшін қуғын көр­ген ақын Қалижан Бек­хо­жиннің өмірі күреске то­лы.

Қоғам • 08 Желтоқсан, 2023

«Ашық жүрек» шапағаты

Мәшһүр Жүсіп атындағы орта мектеп­тің педагогі Дана Серімбаеваны бы­лайғы жұрт ерікті ретінде жақсы тани­ды. Еріктілер қозғалысының көш­бас­шысы өз мектебінде «Ашық жүрек» жасағын құрып, оқушылар мен ұстаздарды игі іске үнемі жұмылдырып жүргені.

Аймақтар • 07 Желтоқсан, 2023

Ертістегі тұқы тұқымдастарына жау ма?

Павлодар облысындағы өзен-көлдердің балық ресурсын арттыруға жергілікті деңгейде мән беріліп отырғаны байқалады. Биыл Ертіс өзені мен көлдерге 1,5 млн-дай тұқы шабақтары жіберілген. Дейтұрғанмен кейбір ғалымдар тұқы Ертіс өзені үшін байырғы балық түрі емес, оның санын арттыру ешбір пайда әкелмейді деген пікірде.

Аймақтар • 05 Желтоқсан, 2023

Алаяқтан арашалап алды

Керекулік учаскелік инспектор Мадияр Тұрсынбаев жуықта ерлі-зайыпты қарияларға араша түсіп, алғысқа бөленді. Сапасыз тауарды білместікпен сатып алған отбасы полицейдің пәрменімен ақшаларын кері қайтарып алған.

Аймақтар • 30 Қараша, 2023

Тұңғыш академиктің мектептегі мұрасы

Алматыдағы Қ.Сәтбаев атындағы университеттің геология кафедрасы Қаражар орта мектебіне құнды тарту жасады. Оқу ұйы­мына түрлі тау жынысы мен минералдар, ғылыми әдебиеттер беріліп, оқушылар тұңғыш ака­де­мик іздеп тапқан қазба бай­лықтармен кеңінен танысуға мүм­кіндік алды.

Өнер • 30 Қараша, 2023

Баянның шынайы әлемі

Екібастұздық мүсінші, мұғалім, Еуразия дизайнерлер одағының мүшесі Баян Қайнышева Г.Потанин атындағы өңірлік тарихи өлкетану музейінде тұңғыш рет жеке көрмесін өткізді. «Өнеріммен ұштасқан өмірім» атты көрмеге шебердің 60-тан аса туындысы қойылды.

Аймақтар • 28 Қараша, 2023

Ауыл полицейлері жаңа көлікке мінді

Павлодарлық тәртіп сақшыларының автопаркі жаңа 215 көлікпен толықты. Полиция қызметкерлерінің жұмысын жеделдете түсуге мүмкіндік беретін темір тұлпарлардың көбі ауылдық аумақтардағы инспекторларға бұйырып отыр.

Қылмыс • 21 Қараша, 2023

Адам ұрлаған төртеу

Ақсу қаласында адам ұрлады деп айыпталған төрт азаматқа қатысты сот үкімі шықты. Қылмыстық топ адамдарды бопсалаумен және ұрлықпен айналысқан. Жас жігіттер бұған дейін бір ер адамды ұрып-соғып, бұл іс-әрекеттерін түгел бейнежазбаға түсіріп алған. Бұл бейне­жазба желіде тарап, көпшіліктің ашу-ызасын тудыр­ған еді.

Аймақтар • 19 Қараша, 2023

Өңірлерді тоғыстырған дода

Облыстық «Шаңырақ» халық шығармашылығы және мәдени-сауық қызметі орталығының 20 жылдығына орай өңірде «Өнер додасы» байқауы ұйымдастырылды. Қалалар мен аудандардың арасындағы өнер бәсекесі бір айға созылып, финалдық кезеңдері қызықты өрбіді.

Аймақтар • 08 Қараша, 2023

Жаңа тариф: Монополистің дегені бола ма?

Екібастұз қаласындағы жылу монополисі тарифті бірден 149 пайызға көтеруге әрекеттеніп отыр. Орта есептегі тариф бойынша қазіргі күні 1 Гкал жылу 5 579,55 теңге тұрса, ал келер жылы бұл 13 911,98 теңгеге жетуі мүмкін. Мұндай жағдайда жеке тұтынушылар үшін жылу бағасы бірден 60 пайызға өссе, бюджеттік мекемелердегі тариф бірнеше есеге қымбаттамақ.