
Спорт • 09 Сәуір, 2023
Волейболдар «Павлодар» ерлер клубы өз тарихында алғаш рет ел чемпионатының жеңімпазы атанды. Финалда Қазақстанның былтырғы үздігі – «Атырауды» жеңіп, жеңіс тойын тойлады.
Қоғам • 07 Сәуір, 2023
Балық – таусылмайтын байлық емес
Биылдан бастап әуесқой балықшылар үшін біраз жеңілдік жасалғанын көріп отырмыз. Алайда заң жеңілдегенімен, жергілікті өзен-көлдерде кейінгі жылдары балықтың азая түскенін байқауға болады. Бұған Кереку өңірінде браконьер балықшылардың жиі бой көрсетуі мен Ертіс өзені бойында суқұзғынның қаптап кетуі айтарлықтай әсер етіп отыр. Тек осы жылдың басынан бері аймақта балық аулау ережелерін бұзғаны үшін 59 азамат жауапқа тартылып, сомасы 1 млн теңгенің айыппұлын төлеген.
Аймақтар • 04 Сәуір, 2023
Ақкөл-Жайылмаға қауіп төніп тұр
Өлеңті өзенінің Ақмола және Павлодар облыстары шектесетін аумағында жеке кәсіпкер бөгет тұрғызып, өзен арнасын жауып тастаған. Көктемде келетін мол судың ырыздығы Павлодар жаққа өтпесе, Екібастұздағы Ақкөл-Жайылма өңірі мен Ақтоғай ауданының қырдағы ауылдары жазда тіршілік нәрінсіз қалып, жайылымдар мен шабындықтар адам айтқысыз экологиялық апатқа ұшырауы мүмкін.
Медицина • 03 Сәуір, 2023
Елімізде соңғы бес жылда аутизмі бар балалардың саны екі есеге артқан. Кеше Павлодар қаласында «Қазақстан халқына» қорының «Қамқорлық қоры» және «Samruk-Kazyna Trust» қорларының ұйытқы болуымен аутизмге шалдыққан және басқа да менталды кемістігі бар балаларды оңалтуға арналған орталық ашылды. Бұған қоса бірқатар медициналық мекемеге шала туған нәрестелерге офтальмологиялық скрининг жүргізу және ретинопатиясын емдеуге арналған жабдықтар тарту етілді.
Аймақтар • 02 Сәуір, 2023
Тоғызқұмалақ – Ертіс-Баян өңірінде кеңінен таралған ойын. Әсіресе оқушылар арасында аса танымал. Жуықта Екібастұзда өткен турнирде 100-ден астам спортшы бас қосты.
Қоғам • 31 Наурыз, 2023
Павлодарда жаңа портал іске қосылды
Керекуде ақпарат кеңістігіне өз алдына өрелі мақсат-міндеттерді межелей келген «AIQARA.KZ» ақпараттық порталы ашылды. Ана тіліміздегі сапалы сараптамалық мақалалар мен бейне подкастар ұсынатын ақпарат құралы ұлттың үні, қоғамның шамшырағы болуды көздеп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 30 Наурыз, 2023
Екібастұздық оқушылар шетелдік мультфильмдерді қазақша сөйлете бастады. Балалар дубляждаған «Бэймакс» ғылыми фантастикалық мультсериалының алғашқы бөлімін Youtube платформасында жарты жыл ішінде 57 мыңнан аса адам көрген. Бұдан шабыттанған жергілікті үйірме республикалық «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасына қатысып, ұтып алған грантқа дубляж студиясын ашты.
Музей • 30 Наурыз, 2023
Керекудегі Ertis музейінде Қаныш Сәтбаевтан қалған баға жетпес мұра – жер бетіндегі пайдалы қазбалардың үлгілерінен тұратын бай коллекция бар. 2019 жылы музей ашылған уақытта Торайғыров университеті академиктің бұл геологиялық коллекциясын сыйға тартқан.
Мәселе • 30 Наурыз, 2023
Соңғы жылдары Керекудің әкім қаралары қансорғыш жәндіктерге қарсы күреске айрықша көңіл аударып, оған өңірлік деңгейде маңыз берілетін болған. Мамырдың ортасын ала қанаттанып ала қоятын шіркейдің жолына ештеңе де бөгет бола алмайды. Қыбырлаған жан-жануарға жаудай тиетін бұл жәндіктен Ертістің бойын ен жайлаған елді мекендер қатты зардап шегеді.
Шаруашылық • 29 Наурыз, 2023
Керекулік диқандар да далаға қарай бастады. Техникасы мен тырмасын сайлап, жер төсіне соқа салуға асығулы. Мамандар биыл өңірде егістік жерлердің көлемі 1,6 млн гектарға жететінін, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 пайызға артық екенін айтады. Дәнді дақылдар мен мал азығы және картоп танаптары кеңейтіледі.