
Әйел әлемі • 27 Наурыз, 2023
Осы бір талдырмаш, қайсар қыздың талайдың қолайына келмеген ауыр қылмыстық істерді ұршықша иіріп әкететіні бөлімдегі әріптестеріне кейде сиқырдай көрінетіні рас. Қылмыс әлеміндегі қаншама құпияны ашу үшін есепсіз тер төгілетінін былайғы жұрт қайдан білсін. Замира Исакованың міндеті – ақ пен қараның, кінәлі мен жазықсыздың ара-жігін ажырату.
Бизнес • 27 Наурыз, 2023
Күркетауық еті өндірісінің келешегіне қауіп төніп тұр. Мемлекеттік қолдау мен субсидия тоқтап қалса, 150 адамды жұмыспен қамтып отырған павлодарлық кәсіпорын жабылып тынуы ғажап емес. Субсидия төлеудің жаңа шарттары фабрикаға жылма-жыл бөлініп келген демеуқаржыны екі есе азайтқан. Ал Ауыл шаруашылығы министрлігі алдағы уақытта оны тіпті тоқтатып тастауды жоспарлап отырған көрінеді.
Денсаулық • 26 Наурыз, 2023
Павлодарлық ақ желеңділер жаңа туған сәбидің өмірін сақтап қалды. Шақалақтың асқорыту және ішек мүшелері анасының құрсағында жатқанда толыққанды жетілмей, туған сәтте денсаулығынан ауытқулар байқалған.
Сайлау • 20 Наурыз, 2023
Аумақтық сайлау комиссиясының мәліметіне сүйенсек, бұл күні Павлодар облысы бойынша 512 мыңнан астам азамат дауыс беру құқығына ие болған. Мәжіліс депутаттығына өңірден он бір үміткер дауысқа түссе, облыс мәслихатына жеті партияның өкілдері кандидаттарын ұсынды.
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Биыл отау құрғандарына 60 жыл толғалы отырған Қадыр Арынов пен Батыр ана Қаламшаш Арынова Көктөбе ауылындағы сайлау учаскесіне елдің алды болып келіп, дауыс берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Павлодарда жасөспірім алғаш рет дауыс берді
18 жасқа толған Павлодар тұрғыны Арай Темірболат алғаш рет сайлау учаскесінде өз таңдауын жасап, Мәжіліс пен мәслихаттарға үміткерлерге дауыс берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Наурыз, 2023
Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6679 әскери бөлімінің жеке құрамы алғашқылардың бірі болып дауыс берді. Әскери бөлімдегі сайлау учаскесі ашыла сала, Отан алдындағы борышын өтеп жүрген барлық қатардағы жауынгерлер дауыс беруге саппен келді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Павлодар облысында 512 мыңнан астам азамат өз таңдауын жасайды
Мәжіліс депутаттығына Павлодар облысынан 11 үміткер дауысқа түседі. Облыстағы 512 мыңнан астам тұрғын сағат 07.00-де жұмыстарын бастаған сайлау учаскелерінде өз таңдауын жасауға ағылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 17 Наурыз, 2023
Кереку қызылшасының бәсі жоғары
2019 жылы Алматыдағы Көксу қант зауытының мамандары Керекудің егіс танаптарында өніп шыққан қант қызылшасының қанттылығы 18-20 пайызды көрсеткенін байқап, таңданыстарын білдіргені есімізде. Сөйтсек, оңтүстікте жиналатын өнімдегі қант деңгейі 15 пайыздан аспайды екен. Бүгінде жергілікті аграрлық ғалымдар мен фермерлер өңірде қызылшадан қант өндіретін зауыттың салынуын асыға күтіп жүр.
Аймақтар • 15 Наурыз, 2023
Кәсіпке бағдарлайтын бірегей жоба
№2 Майқайың орта мектебінде жоғары сынып оқушыларын заманға сай кәсіпке бағдарлауға және білімдерін жетілдіруге арналған «Jaryq foundation» жобасы өрісін жая түсті. Дені SMM, мобилография, киберспорт, роботтехника сияқты сұранысқа ие мамандықтардан тұратын кешенді жобаға өңірдегі кез келген зейінді бала қатыса алады.