Мұрат ҚАПАНҰЛЫ
Мұрат ҚАПАНҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
639 материал табылды

Қоғам • 22 Ақпан, 2023

«Дос-Мұқасанның» сапары

Аты аңызға айналған ансамбльдің құрылу тарихы Ертіс-Баян өңірімен тығыз байланысты. Өнер иелері гастрольдік сапарларында ансамбль құрметіне орнатылған мүсіндік композицияда болып, жергілікті студенттермен бірге аллея­да серуендеді.

Руханият • 21 Ақпан, 2023

«Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті»

Жаратушы жер бетіне жіберген әр пенденің көңіл түкпіріне адам болудың қасиеттерін шегелеп береді деседі. Ақын Абай айтпақшы, «ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» – осы үш қасиет жұмыр басты тіршілік иесінің өмір бойы ұмтылатын миссиясы болуға тиіс. Қаламсап – өмірді қалай бағыттасаң, ғұмырдың түтіні солай түзіледі емес пе. Жер бетінде адам болып туу жеткіліксіз.

Спорт • 21 Ақпан, 2023

Мұз үстіндегі сайыс

Усолка өзенінде автокөліктердің сайысы өтті. Арнайы жабдықталған темір тұлпарлар мұз үстіндегі жылдамдықтарын сынаса, қала жұрты кіл мықтылар жиналған автошоудың қызығына кенелді.

Кәсіпкер • 20 Ақпан, 2023

Кәсіпкерлерге көмек

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы жергілікті бизнес субъектілерінің жеке және жүйелік мәселелерін шешуге, өнімдерін өзге нарықтарға шығаруға көмектесуді негізгі мақсат етіп отыр. Кәсіп бастаған азаматтардың біліктілігін, бәсекеге қабілеттілігін арттыру да негізге алынды.

Аймақтар • 20 Ақпан, 2023

Керекуде жылу қымбаттады

Павлодар қаласының тұрғындары жыл басынан орталықтандырылған жылу тарифінің өсіп шыға келгеніне наразылық танытып отыр. Қаңтар айынан бастап коммуналдық төлемдер бойынша есептелген төлемақы құны жеке тұтынушылар үшін 10-нан 30 пайызға дейін қымбаттаған.

Экология • 19 Ақпан, 2023

Күл-қоқысты кәдеге жарату қай жағынан да тиімді

Павлодардың онкология­лық аурулар бойынша республикада көш бастауына қолайсыз экологиялық жағдай әсер етіп отырғанын мектептегі бала да біледі. Бұл өңірде адам өмірі үшін аса қауіпті өнеркәсіптік қал­дықтарды жою мен қай­та өңдеу саласы кенжелеп тұр. Бір ғана Павлодардың алюминий зауытында қож үйін­ділерінің көлемі бү­гін­де 100 млн тоннадан асып жығылады. Оның құ­ра­мындағы алюминий оксиді 20 пайызды құрағанның өзін­де тау-тау үйілген қо­қыс­тан 20 млн тонна бок­сит­ті кен өндіруге болады екен.

Медицина • 16 Ақпан, 2023

Діңкелеткен дәрі-дәрмек

Диспансерлердің арнайы есебінде тұрған жергілікті жұрт өткен қаңтар айында өздеріне тиесілі тегін дәрі-дәрмекке қол жеткізе алмай жандары қысылған. Ақпараттық жүйеде техникалық ақаудың пайда болуы, логистиканың толыққанды жұмыс істемеуі салдарынан емханалар бұл уақытта бірқатар қиындыққа ұрынған сыңайлы.

Аймақтар • 15 Ақпан, 2023

Итке сырға не керек?

Кейінгі уақытта итке таланған бала көбейгеніне қарамастан, қаңғыбас иттердің құқығын қорғаумен әуреленіп жүрген әлдекімдердің «арқасында» бұралқы жануарлардың саны еселене түскен. Керекуде қалалы жерлер тұрмақ, ауылдардың өзінде тұрғындар балаларының өмірі үшін қауіптенетінін айтады. Ал облыс орталығындағы волонтерлер көше кезген жануарларды сырғалауға көшті.

Жоба • 13 Ақпан, 2023

Жұртты жарылқайтын жоба

Ауыл жұртының табысын арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» жобасының аясында Керекуде 300-ден аса жоба қаржыландырылады деп күтіліп отыр. Қазынадан бөлінген несие қаражаты алдағы айдан бастап шаруаларға үлестіріліп, тұрғындарға мал, техника, қажетті өндірістік құрал-жабдықтар сатып алуға, кәсібін кеңейтуге мүмкіндік сыйлайды.

Ауыл • 13 Ақпан, 2023

Өріс тарылса, өңір әл-ауқаты қалай өседі?

Ауылдағы мал баққан ағайынды жайылымның тапшылығы тығырыққа тіреп отыр. Мәселен, Павлодар, Успен, Шарбақты, Аққулы аудандарында бос жайылым, тағы алты өңірде шабындық жерлер жетіспейді. Ақсуға қарасты ауылдық аумақтарда да осындай мәселе өзекті болып отыр. Облысқа шамамен 139 мың гектар қосымша мал өрісі қажет.