Оқиға • 03 Қыркүйек, 2025
Алматыдағы заңсыз құрылыстар Бас прокурордың бақылауына алынуы тиіс – депутат
Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Берік Асыловтың атына Алматыдағы заңсыз құрылыс, тау жоталарының қырқылуы және табиғи логтардың көмілуіне қатысты депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 03 Қыркүйек, 2025
Қытай ғалымдары ғарышқа арналған кір жуғыш машина жасап шығарды
Қытай зерттеушілері астронавттарға арналған шағын кір жуғыш машина ойлап тапты. Салмағы небәрі 12 келі болатын құрылғы ультраұсақ тұман мен озон технологиясын қолданып, бір циклде бар-жоғы 400 миллилитр суды пайдалана отырып киімді тазартады, деп хабарлайды Egemen.kz South China Morning Post басылымына сілтеме жасап.
Оқиға • 03 Қыркүйек, 2025
Қорғаныс министрі әскери оқу орындарына жаңа міндеттер жүктеді
Қорғаныс министрі, авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов әскери оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы мен курсанттарға арнап сөз сөйлеп, жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. Ол әскери білім берудің маңыздылығына тоқталып, саланың алдында тұрған басты міндеттерді атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 03 Қыркүйек, 2025
16 жасқа толмаған балаларға энергетикалық сусын сатуға тыйым салынады
Ұлыбритания үкіметі 16 жасқа дейінгі балаларға құрамында литріне 150 миллиграмнан артық кофеині бар энергетикалық сусындарды сатуға шектеу қоюды көздейді, деп хабарлайды Egemen.kz Report.az-ға сілтеме жасап.
Білім • 03 Қыркүйек, 2025
Маңғыстауда жаңа оқу жылы қарсаңында 5 мектеп ашылды
1 қыркүйек – Білім күні қарсаңында Маңғыстау облысында бес жаңа мектеп пайдалануға берілді. Оның төртеуі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылған «Келешек мектеп» ұлттық жобасы аясында салынса, біреуі демеушілердің қолдауымен бой көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 03 Қыркүйек, 2025
Агроөнеркәсіп кешені қалай дамып жатыр
Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауда аграрлық ғылымды дамыту және инновацияларды енгізу маңызды бағыттардың бірі. Осы мақсатта Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы (ҰАТО) базасында білім, ғылым және бизнесті біріктіретін вертикалды интеграцияланған агротехнологиялық хаб құрылып жатыр. Бүгінде оның құрамына 33 ұйым – университеттер, ғылыми-зерттеу институттары және тәжірибелік шаруашылықтар кіреді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 03 Қыркүйек, 2025
Депутат әлеуметтік қызмет көрсету жүйесіне аудит жүргізуді ұсынды
Қазақстан Халық партиясы Фракциясы мүгедектігі бар азаматтарға көрсетілетін әлеуметтік қолдау жүйесіндегі күрделі мәселелерді қайта көтерді. Депутат Кенжеғұл Сейтжанның айтуынша, мемлекет қомақты қаржы бөліп отырғанына қарамастан, арнайы портал арқылы берілетін тауарлар мен қызметтер адамдарға емес, делдалдарға пайда әкеліп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 03 Қыркүйек, 2025
«Эгмонт» тобы Қазақстан реформаларын жоғары бағалады
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов «Эгмонт» қаржылық барлау бөлімшелері тобының атқарушы хатшысы Жером Бомонмен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 03 Қыркүйек, 2025
Қазақстан мен Армения көші-қон саласында әріптестікті күшейтті
Мәжіліс Қазақстан мен Армения үкіметтері арасында 2024 жылғы 15 сәуірде Ереванда қол қойылған көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады. Құжат екі елдің құзырлы органдары арасындағы өзара іс-қимылды реттеп, көші-қон саласындағы әріптестікті нығайтуға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
ЖОЛДАУ • 03 Қыркүйек, 2025
Жолдау 2024: Қайта өңдеу саласында екі мың кәсіпорын жұмыс істейді
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, агроөнеркәсіп кешеніндегі қайта өңделген өнімнің үлесі 70%-ға жеткізілуі тиіс. Оны орындау мақсатында мемлекеттік қолдаудың кешенді шаралары іске асырылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.