Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ
Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
3738 материал табылды

Үкімет • 16 Қазан, 2025

Қанат Бозымбаев Оңтүстік Кореяда өткен роуд-шоуда Alatau City жобасын таныстырды

Сеул қаласында өткен «Alatau Rise With Kazakhstan» инвестициялық форумында Қазақстан тарапынан бірқатар маңызды бастамалар жария етіліп, ҚР Премьер-министрі Қанат Бозымбаев  жаңа Alatau City жобасын таныстырды. Форумға Қазақстан тарапынан Caspian Group компаниясының төрағасы Юрий Цхай және жобаның инвестициялық серіктесі – Alatau City Bank акционері Вячеслав Ким қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға • 16 Қазан, 2025

Астанада медицина қызметкерлерінің еңбекақысы уақытылы төленбеген

Астана қаласы Алматы ауданының прокуратурасы денсаулық сақтау ұйымдарындағы тексеріс барысында медицина қызметкерлерінің еңбекақысы мен әлеуметтік төлемдері уақытылы берілмегенін анықтады. Нәтижесінде 90 миллион теңгеден асатын берешек өтеліп, ақ халаттылардың құқықтары қорғалған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Хоккей • 16 Қазан, 2025

Бүгін «Барыс» пен ресейлік «Авангард» командасы кездеседі

Бүгін Астанада Құрлықтық хоккей лигасының кезекті туры аясында «Барыс» пен «Авангард» командаларының тартысты ойыны өтеді. Ойын елорда уақытымен сағат 19:30-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Спорт • 16 Қазан, 2025

Дастан Сәтбаев әлемнің ең үздік жас футболшылары қатарына енді

Әлемге әйгілі Британдық The Guardian биылғы жылы 2008 жылы дүниеге келген ең талантты жас футболшылардың жаңа тізімін ұсынды. Сол беделді рейтингке алғаш рет қазақстандық ойыншы – алматылық «Қайраттың» шабуылшысы Дастан Сәтбаев енді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 16 Қазан, 2025

Биыл көпбалалы отбасылар мен аналарға 450 млрд теңгеге жуық жәрдемақы төленді

Биыл жыл басынан бері орта есеппен көп балалы отбасыларға, сондай-ақ күміс, алтын алқалы аналарға берілетін жәрдемақы 847,7 мың отбасыны қамтыды. Олардың ішінде көпбалалы отбасылар – шамамен 604,5 мың, ал награда алған аналар – 243,2 мың адам. Жалпы төлем сомасы 449,8 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үкімет • 15 Қазан, 2025

Олжас Бектенов есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық штаб отырысын өткізді

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық штабтың отырысы өтті. Онда мемлекеттік органдардың үйлесімді іс-әрекеттері мен жаңа стратегияларды қамтитын 2026–2028 жылдарға арналған кешенді жоспар талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға • 15 Қазан, 2025

Алматы облысында болған жол апатынан 2 адам қаза тапты

Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбада Алматы облысы, Жалпақсай ауылында болған ірі жол апатының кадрлары жарияланды. Алдын ала деректерге сәйкес, апатқа қатысқан көліктердің бірін небәрі 13 жастағы жасөспірім жүргізген. Ол алған жарақаттарымен емханаға жеткізілген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Теннис • 15 Қазан, 2025

Анна Данилина Қытайдағы WTA 500 турнирін жеңіспен бастады

Қазақстанның үздік жұп ойыншысы, әлемнің 13-ракеткасы Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге Нинбо қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінде алғашқы айналымда жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елорда • 15 Қазан, 2025

Елордаға LRT-ның тағы екі жылжымалы құрамы жеткізілді

Астана қаласында жеңіл рельсті көлік (LRT) желісін іске қосуға дайындық жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр. Сол жоспардың аясында қалаға тағы екі жылжымалы құрам жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға • 15 Қазан, 2025

Астанада Қоғамдық кеңестердің IV Республикалық мәжілісі өтті

Астанада XII Азаматтық форум аясында Қоғамдық кеңестердің IV Республикалық мәжілісі ұйымдастырылды. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, өңірлік және республикалық қоғамдық кеңестердің мүшелері, сарапшылар, халықаралық серіктестер мен азаматтық сектор өкілдері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.