Оқиға • 15 Қазан, 2025
Парламенттік реформа бойынша ұсыныстар eGov және e-Otinish арқылы қабылданады
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің айтуынша, ел азаматтары парламенттік реформаны талқылау мен оны жетілдіруге өз үлесін қоса алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 15 Қазан, 2025
Тұрмыстағы зомбылық пен қайталанатын құқық бұзушылықтарға қарсы жаңа шаралар енгізіледі
Қазақстанда құқық бұзушылықтардың жекелеген түрлерін болдырмау мақсатында жаңа профилактикалық жүйе енгізілмек. Заң жобасында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, балалардың қараусыз және панасыз қалуына жол бермеу, қоғамдық орындардағы мас күйінде жасалатын және қайталанатын құқық бұзушылықтарға қарсы шаралар қамтылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 15 Қазан, 2025
Жамбыл облыстық филармониясы Саарбрюккенде концерт берді
Қазақстан мен Германия арасындағы мәдени байланыстар өзара түсіністік пен сенімді арттыруда маңызды рөл атқарып келеді. Осы ынтымақтастықты одан әрі дамыту және қазақ халқының бай мәдени мұрасын Еуропада кеңінен дәріптеу мақсатында Қазақстан Республикасының Елшілігі Саарбрюккен қаласында мәдени іс-шаралар ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Еңбек • 15 Қазан, 2025
Жұмысынан айырылған 240,5 мың адамға алғаш рет төлем тағайындалды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, биылғы жылы жұмыссыз қалған азаматтарды қолдау мақсатында Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақы көлемі артып отыр. 2025 жылғы 1 қазанға дейін МӘСҚ есебінен 285,2 мың адам жұмыссыздық бойынша әлеуметтік төлем алған. Оның ішінде 240,5 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалған. Барлық төлемдердің жиынтық мөлшері 95 миллиард теңгеге жеткен, деп хабарлайды Egemen.kz,
Оқиға • 15 Қазан, 2025
Бибігүл Жексенбай этносаралық келісім және БАҚ этикасы туралы пікір білдірді
Алматыда өткен жиында ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бибігүл Жексенбай этносаралық келісімді нығайтуда бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін атап өтіп, журналистік этиканың қоғамдағы татулық пен ұлттық қауіпсіздік үшін маңызын айтты. Іс-шара барысында Бас редакторлар клубы мен ҚХА журналистер клубы арасында өзара әріптестік туралы Меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 15 Қазан, 2025
Мемлекет басшысы Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) президентін қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік спорттағы допинг проблемасымен күресетін жаһандық институт ретінде негізгі рөл атқаратынына назар аударды. Сондай-ақ Витольд Баньканың Астанаға сапары Қазақстан мен WADA арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуде маңызды қадам саналатынын жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 15 Қазан, 2025
Жас қазақстандықтар еліміздің беделін мақтан тұтады – зерттеу нәтижелері
British Council жүргізген «Қазақстанның болашақ ұрпағы» зерттеуінің нәтижелері жарияланды. Зерттеу жас қазақстандықтардың құндылықтарын, көзқарастары мен өмірлік ұстанымдарын тереңірек ашып көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 15 Қазан, 2025
Мексикада су тасқыны салдарынан 64 адам қаза тапты
Мексикада бірнеше күн бойы толассыз жауған нөсер жауын мен тропикалық дауылдардың салдарынан су тасқыны болды. Ел билігі 64 адамның мерт болғанын, тағы 65 тұрғынның хабарсыз кеткенін растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 14 Қазан, 2025
Елімізде теледидар мен радио уақытша өшіріледі
Қазақстанда 16 қазан күні таңғы 03:00-ден кешкі 17:00-ге дейін телерадио хабар таратуды уақытша тоқтатады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 14 Қазан, 2025
Күн бетінде тоғыз минуттық қуатты жарқыл болды
14 қазан күні түнде күн бетінде күшті рентгендік жарқыл байқалды. Бұл туралы Қолданбалы геофизика институты хабарлады. Мамандардың айтуынша, мұндай жарқылдар жерге жеткенде магниттік дауыл тудыруы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz TACC агенттігіне сілтеме жасап.