
Сауда • 21 Тамыз, 2024
Өнім қауіпсіздігін бақылау күшейтіледі
Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің төрағалығымен министрлік алаңында Техникалық реттеу және метрология мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Онда ұлттық техникалық регламенттерді, ЕАЭО техникалық регламенттерінің өтпелі ережелерін әзірлеуге, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ведомствоаралық өзара іс-қимылына қатысты негізгі мәселелер талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 21 Тамыз, 2024
БҚО-да жаңа шағын ауданға «Қазақстан халқына» қорының есімі берілді
Бүгін БҚО-дағы «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қаржысына салынған 100 жаңа үйдің кілтін салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. Тамыз айының басында тағы 14 үйдің кілті табысталған болатын. Осылайша Сырым ауданында 114 үй салынды: Өлеңті ауылында – 40, Жымпитыда – 48, Бұлдырты ауылында – 25 және Көздіқара ауылында 1 үй, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 21 Тамыз, 2024
1 қыркүйекте мұғалімдерге гүл сыйлауға бола ма
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев 1 қыркүйекте ұстаздарға сыйлық беру мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 21 Тамыз, 2024
Қытайда шахта апатынан жеті адам қаза тапты
Сычуань провинциясында (Оңтүстік-Батыс Қытай) көмір шахтасында болған апат салдарынан жеті кенші қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Президент • 21 Тамыз, 2024
Президент Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушыларды қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушылар Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзені қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәдениет • 21 Тамыз, 2024
Қазақстан студенті әлем чемпионатында бірден 7 жүлдеге ие болды
Алматыдағы Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк өнері колледжінің студенті Әлихан Нұржауов WCOPA2024 орындаушылық өнерден әлем чемпионатында бірден 7 жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 21 Тамыз, 2024
БҚО-да 50 тұрғын баспаналы болды
Мемлекет басшысының су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға тиісті көмек көрсету жөніндегі тапсырмасын орындау жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Көктемгі су тасқыны салдарынан баспанасы жарамсыз деп танылған Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Подстёпное ауылының 50 тұрғыны баспаналы болды. Жаңа үйлер демеушілер қаржысына салынды, деп хабарлайды Egemen.kz
Оқиға • 21 Тамыз, 2024
Головкин ҰОК бас хатшысы Жанар Утешеваны қызметінен босатты
Ұлттық Олимпиада комитеті ұйымның бас хатшысы Жанар Утешеваның өкілеттігіне қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 21 Тамыз, 2024
Әлем чемпионаты: Грек-рим күресінен балуандар екі күміс медаль еншіледі
Иорданияның Амман қаласында күрестен 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстанның екі балуаны күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 21 Тамыз, 2024
Алматыда қылмыс жасаған шетелдік азамат Польшадан экстрадицияланды
Қазақстан Бас прокуратурасының және Ішкі істер министрлігінің Интерпол қызметкерлері Қазақстанның Польша Республикасындағы елшілігінің көмегімен алкогольдік масаң күйде жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Польшадан Грузия азаматын экстрадициялады, деп хабарлайды Egemen.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.