Мәселе • 05 Қазан, 2024
Жеткіншекті жетектеп, TikTok, қайда барасың?
Қазір жасы да, кәрісі де қол телефонға телмірген заман. Жылап, аяққа оралған баланың қолына смартфон ұстата салу әр ата-ананың әдетіне айналды. Бесіктен белі шықпаған сәбилердің өзі телефонның сенсорлы бетін сипап жіберіп, бірден Youtube, TikTok секілді қосымшаларды аша қоятынына тіпті де таңғалмайтын болдық. Күнделікті өмірде көріп жүрген осы жайттар балаларымыздың интернетке, әлеуметтік желілерге деген тәуелділігінің қандай деңгейге жеткенін айқын аңғартса керек.