Әли БИТӨРЕ
Әли БИТӨРЕ«Egemen Qazaqstan»
2666 материал табылды

Спорт • 07 Наурыз, 2022

Тұңғыштар

Бүгінде әлемдік ареналарда өнер көрсетіп жүрген қазақ қыздарының спортта қол жеткізген жетістіктері ерекше. Тәуелсіздіктен кейінгі жылдары дербес мемлекет ретінде жерлестеріміз Олимпиада, әлем, Азия чемпионаттары секілді ірі-ірі байрақты додаларда жиі бой көрсетіп, дүние жүзінің дүлдүл спортшыларымен иық тірестіріп, ел абыройын лайықты түрде қорғап жүр.

Спорт • 07 Наурыз, 2022

Морозовтардың мерейі үстем

Бұл күндері Норвегияның Хамар қала­сында конькимен жүгіруден әлем чемпионаты өтіп жатыр. Спортшылар көпсайыс бойынша жүлделерді сарапқа салады.

Спорт • 07 Наурыз, 2022

Әлем кубогында топ жарды

Спорттық гимнастикадан Қатар аста­­насы Дохада мәресіне жеткен ке­зекті Әлем кубогы жарысында қазақ­­стандық гимнасшылар Нариман Құр­­банов пен Милад Карими жеңіс тұғырынан көрінді.

Хоккей • 07 Наурыз, 2022

«Барыс» тағы жеңілді

Гагарин кубогы жолындағы плей-офф бәсекесінде бақ сынап жатқан елорданың «Барысы» бұл жолы да «Металлургтен» айласын асыра алмады. «Барыс Аренада» өткен үшінші кездесуде қонақтар 5:3 есебімен же­ңіске жетті.

Теннис • 07 Наурыз, 2022

Қазақстан – «Дэвис кубогының» финалында

Теннистен Қазақстан ерлер құрамасы биылғы «Дэвис кубогының» іріктеу кезеңінде Норвегиямен шеберлік байқасып, қарсыластарынан басым түсті. Осылайша, жерлестеріміз қатарынан үшінші жыл Мадридте (Испания) өтетін жарыстың финалында өнер көрсету мүмкіндігіне ие болды.

Спорт • 04 Наурыз, 2022

Паралимпиадаға қатыспайды

Халықаралық Паралимпиада коми­тетінің (ХПК) шешімі бойынша бүгін Бейжіңде (Қытай) жалауы желбірейтін 2022 жылғы Паралимпия ойындарына Ресей мен Беларусьтің параспортшылары қатыспайтын болды.

Бокс • 04 Наурыз, 2022

Чемпионатты жеңіспен бастады

Бокстан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатына қа­тысып жатқан Қазақстан құрама­сының боксшылары байрақты доданы жеңіспен бастады.

Спорт • 04 Наурыз, 2022

Финалға жолдама алды

Бұл күндері Қатар астанасы – Дохада спорттық гимнастикадан Әлем кубогы кезеңі өтіп жатыр. Алғашқы іріктеу кезеңінің нәтижесі бойынша екі қазақстандық спортшы жарыстың финалына жолдама алды.

Спорт • 04 Наурыз, 2022

Big Drama Show: Жекпе-жек уақыты нақтыланды

Кәсіпқой бокстағы Қазақстанның шоқжұлдызы, орта салмақтағы IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) дәл осы салмақ дәрежесіндегі WBA Super белбеуінің иегері жапониялық Риота Муратамен (16-2, 13 КО) өтетін жекпе-жектің ресми күні белгілі болды. Орта салмақтың үш белбеуі үшін болатын айқас 9 сәуірде Жапонияның Сайтама қаласындағы 37 мың жанкүйер сыятын Saitama Super Arena спорт кешенінде өтеді.

Футбол • 04 Наурыз, 2022

«Тобыл» – Суперкубок иегері

Қазақстанда 2022 жылғы футбол маусымының шымылдығы түрілді. Жылдың алғашқы ойынында былтырғы ел чемпионы «Тобыл» мен Қазақстан кубогының иегері Қайрат» командалары кездесіп, OLIMPBET-Суперкубогын сарапқа салды. Елордадағы «Астана Арена» стадионында өткен тартысты матчта қостанайлық команда қатарынан екінші жыл қос құлақты кубокты жеңіп алды.