
Аймақтар • 27 Мамыр, 2021
Туризмнің тартымды нүктесіне айналады
Әрқайсымыздың бала қиялымызда аспан әлеміне саяхат жасап, ғарышқа жеткіміз келсе де, іс жүзінде ғарышкер атану санаулы адамның ғана қолынан келген. Дегенмен бүгінде бұл тылсым әлемге бір елі жақындауға керемет мүмкіндігіміз бар. Неге десеңіз, ғарышқа апарар төте жол қазақтың дарқан даласынан бастау алады, ал Байқоңыр сол жолдың «қақпасы» іспеттес. Бай тарихқа ие «Байқоңыр» ғарыш айлағы – аспан әлемімен жақындастыратын Жер шарындағы саусақпен санарлық нүктенің бірі. Қазір футурологтер жеке ғарыш айлақтары құрылып, ғарыштық туризм белсенді дамиды деген болжам айтады.
Спорт • 27 Мамыр, 2021
Қазақстандық пара таэквондошылар 24 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында Токиода жалауы желбірейтін Паралимпия ойындарына тағы 2 жолдама жеңіп алды.
Спорт • 27 Мамыр, 2021
Қазақстандық еркін күрес шеберлері Польшаның Закопане қаласында шымылдығы түрілетін халықаралық жарысқа қатысады.
Футбол • 27 Мамыр, 2021
Елордадағы Футбол үйінде 2021 жылғы Қазақстан кубогының топтық кезеңінің жеребесі тартылды.
Бокс • 26 Мамыр, 2021
Әуелі Үндістанда өтеді деп бекітіліп, кейіннен елдегі эпидемиялық жағдайдың нашарлығына байланысты Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласына ауыстырылған бокстан ересектер арасындағы Азия чемпионаты қазақстандық былғары қолғап шеберлері үшін сәтті бастала қойған жоқ.
Хоккей • 26 Мамыр, 2021
АҚШ-қа әліміз жетпеді, Германияны ұттық
Латвия астанасы – Ригада өтіп жатқан шайбалы хоккейден әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі ойындар бел ортасына жақындады. Үшінші тур бәсекелерінің қорытындысы бойынша, әзірге екі топта бір-бір құрама жеңілістің не екенін білмей келе жатқан. Қазақстан хоккейшілері де жеңісті жолын жалғастыра алмаған-тын. Бірақ келесі кездесуінде жеңіліссіз келе жатқан Германияны 3:2 есебімен тізе бүктірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 26 Мамыр, 2021
«Челсидің» чемпиондық құрамы қазір қайда жүр?
Биылғы Чемпиондар лигасының финалында «Манчестер Сити» мен «Челси» клубтары кездеседі. Нағыз ағылшын финалы болмақ.
Хоккей • 26 Мамыр, 2021
Балтық жағалауында өтіп жатқан шайбалы хоккейден әлем чемпионатының төртінші жарыс күні өз мәресіне жетті. Кезекті тур ойынын өткізген әлемнің 26 дүркін чемпионы – Канада қатарынан үшінші ойында жеңілді. Ал жаһандық доданы сәтті бастаған Ресей құрамасының Словакия хоккейшілеріне шамалары жетпеді.
Спорт • 25 Мамыр, 2021
Жеңілатлеттердің жолдамасы көбейді
Қазақстандық жеңілатлет Жанна Мамажанова ел қоржынына кезекті Токио Олимпиадасының жолдамасын салды.
Футбол • 25 Мамыр, 2021
«Астана» мен «Қайрат» тең тарқасты
Футболдан Қазақстан чемпионатының 13-туры аясында елорданың «Астанасы» өз алаңында Алматының «Қайратын» қабылдады. Біраз жылдан бері екі команда арасындағы кездесу – еліміздегі ең тартысты матч саналады. Тіпті жанкүйерлер бұл текетіреске «Ел классикосы» деп те айдар таққан.