
Футбол • 23 Қыркүйек, 2022
Топ бастады жігіттер «томағасын» сыпырып
Қаншама сәтсіздік, қаншама сүреңсіз ойын, уыста тұрып соңғы секундтарда сусып кеткен жеңістер, жанкүйерлердің күйініші... Ел футболындағы осынша сұрғылт күндерді сыпырып тастап, біздің жігіттер жеңіске жетті! Ұлттар лигасының «С» тобында ұтымды ұпай жинаған құрамамыз топ бастады!
Футбол • 22 Қыркүйек, 2022
Беларусь қақпасына жеңіс голын соға аламыз ба?
Бүгін футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасы турнирі аясындағы бесінші тур ойынын елордада Беларусь құрамасымен өткізеді. Екі ел құрамаларының арғы-бергі тарихына үңілер болсақ, бүгінге дейін Қазақстан мен Беларусь құрамалары ресми матчтарда бес мәрте кездесіп, өкінішке қарай, 4 рет жеңіліп, 1 мәрте тең түскен екенбіз. Ал бүгінгі алтыншы матчта жерлестеріміз тарихи жеңіске қол жеткізе ала ма?
Футбол • 22 Қыркүйек, 2022
Ақтауда Әзербайжан футзалшыларымен жолдастық матч өткізген Қазақстан құрамасы екінші ойында да жеңіс туын желбіретті.
Хоккей • 22 Қыркүйек, 2022
Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) бақ сынап жатқан елорданың «Барысы» өз айдынындағы ойындар сериясын жеңіспен түйіндеді. Екатеринбургтің «Автомобилисін» қабылдаған Андрей Скабелка шәкірттері 2:0 есебімен жеңіске жетті.
Бокс • 21 Қыркүйек, 2022
Бокс жанкүйерлері 2028 жылы АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында ұйымдастырылатын төрт жылдықтың басты додасында былғары қолғап шеберлерінің өнерін тамашалай алмауы мүмкін. Себебі Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) аталған спорт түрін алты жылдан кейін мұхиттың арғы бетінде жалауы желбірейтін Олимпиада бағдарламасына енгізген жоқ.
Футбол • 21 Қыркүйек, 2022
Астанада Қазақстан футбол федерациясының кезекті конференциясы өтіп, онда балалар футболы мен бұқаралық футболды дамыту, осы салаға маман даярлау мәселелері талқыланды. Жиынға Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, amanat партиясының хатшысы Эльдар Жұмағазиев, ФИФА-ның еуропалық ұлттық қауымдастықтар бойынша директоры Эльхан Мамадов, УЕФА президентінің ұлттық қауымдастықтар бойынша кеңесшісі Йозеф Климент қатысты.
Спорт • 21 Қыркүйек, 2022
Бұл күндері Алматыдағы «Ақбұлақ» олимпиада даярлығы орталығында бессайыстан Сары құрлық чемпионаты өтіп жатыр.
Футбол • 21 Қыркүйек, 2022
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2024 жылы өтетін әлем чемпионатының негізгі іріктеу кезеңінің ойындары алдында Ақтауда Әзербайжан құрамасымен жолдастық матч өткізіп, 5:3 есебімен жеңіске жетті.
Теннис • 21 Қыркүйек, 2022
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Италияда өткен ITF W25 турнирінің жұптық бәсекесінде өнер көрсетіп, жарыс жеңімпазы атанды.
Футбол • 21 Қыркүйек, 2022
Ұлттар лигасында үмітіміз ақтала ма?
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы УЕФА құрамына енген 20 жылдың ішінде әлем, Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңдерінде ешқашан өз тобында жоғары орындарға көтеріліп көрмеген. Ұлттық құраманың топтық кезеңдегі тұрақты мекені соңғы орындар болатын. Ал биыл сол олқылықтың орнын толтыратын зор мүмкіндік туып тұр. Ертең маусымда жалауы желбіреген Ұлттар лигасының ойындары қайта жалғасады.