Әли БИТӨРЕ
Әли БИТӨРЕ«Egemen Qazaqstan»
2666 материал табылды

Теннис • 06 Шілде, 2022

Тұңғыш рет ширек финалда ойнайды

Ұлыбританияның астанасы – Лондонда өтіп жатқан «Үлкен дулыға» санатындағы ең маңызды төрт жарыстың бірі – «Уимблдон» турнирінде бақ сынап жатқан Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Елена Рыбакина алғаш рет аталған бәсекенің ширек финалына шығып, өз жанкүйерлерін қуантты.

Спорт • 06 Шілде, 2022

Іріктеудің екінші кезеңіне өтті

Баскетболдан Қазақстан ерлер құра­масы 2023 жылы өтетін Әлем кубо­гының бірінші іріктеу кезеңінде сәтті өнер көрсетіп, екінші айналымға жолдама алды.

Хоккей • 05 Шілде, 2022

«Барыс» жаңа ойыншымен толықты

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) өнер көрсететін елорданың «Барысы» тұрақты біріншіліктің жаңа маусымы алдында алғашқы трансферін жасады.

Спорт • 05 Шілде, 2022

Көшбасшы өзгерген жоқ

«Тур де Франс» көпкүндігінің үшінші кезеңі Данияның Вайле қаласынан бастау алып, солтүстіктегі Сённерборг қаласында мәресіне жетті. Тегіс жолда өткен жарыста нидерландтық Дилан Гроневеген топ жарды.

Спорт • 05 Шілде, 2022

Қала күніндегі бәйге жарысы

Ертең елордадағы «Қазанат» атшабарында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен Қала күніне орай бәй­ге түрлерінен «Елорда бәйгесі» рес­публикалық турнирі өтеді.  

Теннис • 05 Шілде, 2022

Испанияда олжалы болды

Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Испанияның Малага қаласын­да ұйымдастырылған челленджер тур­нирінің жұптық бәсекесінде бас жүлде жеңіп алды.

Күрес • 04 Шілде, 2022

Биылғы жылдың «Барысы» – Исағабылов

Өткен жексенбіде Нұр-Сұлтандағы «Барыс Арена» спорт кешенінде Қа­ла күніне орайластырып ұйымдас­ты­рылған қазақ күресінен 11-ші «Қа­­зақстан барысы» турнирінің фи­нал­дық кезеңі мәресіне жетті. Еңсе­лі елорда төрінде өткізілген балуандар бәсекесінде әр өңірдегі іріктеу кезең­дерінде оза шапқан 36 балуан бақ сынады.

Спорт • 04 Шілде, 2022

Әнұран ең көп шырқалған күн

Қазақтың даңқты балуаны, күрестен Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің есімі берілген елордадағы «Жекпе-жек» спорт кешенінде бокс­тан тұңғыш рет ұйымдастырылған халықаралық «Елорда кубогы» мәресіне жетті. Турнирде Қазақстанның былғары қолғап шеберлерінен бөлек, Куба, Өзбекстан, Үндістан, Моңғолия, Жапония, Қытай және тағы басқа алыс-жақын шетелден келген 10 елдің 250-ге жуық боксшысы бақ сынады. Боксшылар 13 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салды.

Футбол • 04 Шілде, 2022

«Ақтөбе» көш бастады

Футболдан Қазақстан чемпионатының 16-турында Қарағандының «Шахтері» өз алаңында «Ақтөбені» қабылдады.

Спорт • 04 Шілде, 2022

Ваут ван Арт бірінші орында келеді

Данияның бас шаһары – Копенгагенде басталған «Тур де Франс» көпкүндігінің алғашқы екі кезеңі артта қалды.