
Руханият • 30 Сәуір, 2019
Жаратқан Иеге шексіз құштарлықты жырлап, адам баласының рухани кемелденуіне, ізгілік пен мейірбандылықтың салтанат құруына әлем әдебиетінде сопылық бағытты ұстанған шайырлардың қосқан үлесі зор. Жаратылыстың түпкі мәнін жүрек көзімен танып, ақиқатпен тұтасып, сырдың шәрбатына қанып, тұңғиық танымдарды халыққа түсінікті тілмен жеткізе жырлаған шерлі шайырлардың орны түркі елдері арасында ғасырлар керуенінде қашанда жоғары болған.