Азамат ЕСЕНЖОЛ
Азамат ЕСЕНЖОЛ«Egemen Qazaqstan»
505 материал табылды

Руханият • 08 Қараша, 2022

Қаламгерді еске алу

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде белгілі журналист, ақын Смағұл Рахымбекті еске алу кеші өтті. Онда қаламгердің замандастары мен жерлестері сөз алып, тағылымды естелік өрбітті.

Қоғам • 07 Қараша, 2022

Ұлт ұстазына жолданған хат

Астанадағы Ақселеу Сейдімбек атын­дағы №54 мектеп-лицейде «Қара­ ша­­ңырақ» ұлттық тәрбие беру мек­тебінің ұйымдастыруымен Ахмет Бай­тұрсынұлының 150 жылдығына орай елордалық мектеп оқушылары арасында «Ел – бүгіншіл, менікі ертең үшін» атты шығармашылық сайыс өтті.

Қазақстан • 04 Қараша, 2022

Қонаевтанушы – құрметті азамат

Белгілі қаламгер, қонаевтанушы Ораз Қауғабай «Алматы облысының құрметті азаматы» атанды. Оны танымал публициске Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қонаев қаласында тапсырды.

Өнер • 03 Қараша, 2022

Ұлттық бояуы қанық туындылар

Жақында елордадағы Мемлекеттік Әскери-тарихи музейде Суретшілер одағының мүшесі, белгілі қылқалам шебері Аманат Назарқұлдың «Елім менің» атты жеке көрмесі өтті. Мазмұнды іс-шара Респуб­лика күні­мен бір­ге Қазақстан мен Германия Федера­тив­тік Респуб­лика­­сының дипломатиялық қарым-қаты­насының 30 жыл­­дығына арналды.

Қоғам • 02 Қараша, 2022

Тұлға тағылымы

Астанадағы Мұстафа Шоқай атындағы №51 мектеп-гимназиясында «Ұлты үшін туған ұлы тұлға – Мұстафа» атты тағылымды кеш өтті. Оған Парламент депутаттары Нұртөре Жүсіп, Қазыбек Иса, Түркиядағы Мимар Синан көркем өнер университетінің профессоры Әбдуақап Қара, саяси ғылымдар докторы, профессор Әбдіжәлел Бәкір қатысты.

Руханият • 01 Қараша, 2022

Тарихты ғылыммен де, көркем әдебиетпен де зерделеген

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде тарих ғылым­дарының докторы, профессор, жазушы Тұрсынхан Зәкенұлының ғылыми шығармашылығына арналған «Шығыс өркениетін зерттеудің дәстүрі мен жаңа парадигмалары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Кино • 01 Қараша, 2022

Алғашқы Абай фильмі

1945 жылы хакім Абай­дың туғанына 100 жыл толды. Дәл осы айтулы датаға байланысты Ал­маты көркем және хроно­логиялық фильмдер студия­сы «Абай әндері» фильмін түсіруді қолға алды. Бұл туындыны соғыс жылдарында Қазақстанға келген, сол кездегі Одаққа та­нымал режиссерлер – Григорий Рошаль мен Ефим Арон түсірді. Сце­нарийін заңғар жазушы Мұхтар Әуезов жазды.

Әдебиет • 31 Қазан, 2022

«Қалғып кетпе, қазақы қағанатым!»

Қазіргі қазақ поэзиясының шоқтығы биік ақындарының бірі, Мұқағали Мақатаев атындағы сыйлықтың екі мәрте лауреаты Жүрсін Ерманның таңғы шықтай мөлдіреген өлеңдері ойшылдығымен, сыршылдығымен бірден баурап, оқырманды елітіп әкетеді. Оны басқа ақындардан даралап тұратын тағы бір қасиеті – шынайылығы болса керек. Ол не айтса да «жүрегінің түбіне кір жасырмай» ақтарылып жазады.

Өнер • 28 Қазан, 2022

Бауырластық бастауы

Елордадағы Ұлттық музейде Қазақстандағы Қыр­ғыз Респуб­ликасының мә­дениет күндері аясында қыр­ғыз суретшілерінің «Бас­тау» атты көрмесі ашылды.

Сұхбат • 27 Қазан, 2022

Талант Мауқанұлы: Қазақстан секілді асқақ Отаны бар біз бақыттымыз!

Түркітілдес халықтардың тамыры бір болғанымен тілдік ерекшеліктері әр түрлі. Осы саланы жан-жақты зерттеп жүрген ғалымдар аз емес. Солардың бірі – Вашингтон университетінің профессоры, қандасымыз Талант Мауқанұлы. Бұл кісі түркі тілдері лингвистикасы мен мәдени антропология саласының маманы. Жақында сонау Америкадан атажұртына сапарлап келген ғалыммен кездесіп, өзі зерттеген бағыт бойынша біраз әңгіме өрбіттік.