Ең қысқа әңгіме • 03 Мамыр, 2021
Кеңес заманында қажыға барған...
Кеңес өкіметі орнағанға дейін Торғай өңірінде 54 мешіт болыпты. Сол кезде Алланың үйі имандылықтың ұясы ғана емес, балалар сауатын ашқан мектептің рөлін атқарды десек артық айтқандық болмас. Қызылдар билікке келгеннен кейін елдегі аузы дуалы, дәулетті азаматтармен бірге діни қайраткерлерді де қуғындады. Соның кесірінен білікті имамдар мен молдалар сырт жерге бой тасалап кетті.