
Руханият • 26 Қазан, 2022
Елорда іргесіндегі көне Бозоқ қалашығын қайта құру және археология ескерткішінің түпнұсқасын сақтап ботай, сақ, ғұн, түркі тарихи кешендерін қалпына келтіруге бағытталған ауқымды жоба – «Бозоқ» ұлттық паркінің құрылысы басталды. Мазмұнды шара аясында игілікті істің басталғанын бейнелейтін «Уақыт капсуласына» естелік жазба қалдырылды. Оған Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов, Мемлекет тарихы иинстиутының директоры Еркін Әбіл, белгілі археолог Зейнолла Самашев т.б. зиялы қауым өкілдері қатысты.
Руханият • 21 Қазан, 2022
Деректерді түпнұсқадан сөйлеткен
Ұлттық академиялық кітапханада шығыстанушы, Мысырдағы мәмлүктер тарихын зерттеуші Қайрат Сәкидің «Сұлтан Байбарыс», «Ер қаруы – бес қару» және «Юрта на вершине пирамиды» атты үш кітабы таныстырылды.
Елорда • 21 Қазан, 2022
Елордада ақын, аудармашы, Мәдениет қайраткері Марфуға Бектемірованың тұрған үйіне ескерткіш тақта қойылды. Мазмұнды іс-шараға Астана қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғалары, ақынның туған жері – Ақмола облысынан келген жерлестері мен зиялы қауым өкілдері қатысты.
Театр • 20 Қазан, 2022
Жақында «Астана Балет» театрында ХХ ғасырдағы балет өнерінің жауһарына айналған Альберто Алонсоның «Кармен-сюита» балетінің премьерасы өтті. Айтулы туындыны елордалық театр сахнасына белгілі хореограф Тимофей Лавренюк лайықтап қойды. Премьераны Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев тамашалады.
Руханият • 18 Қазан, 2022
Таяуда елордада Ғылым және жоғары білім министрлігінің Мемлекет тарихы институты «Ұлт тарихындағы тұлғатану және оны зерттеудің ғылыми өзектілігі» атты дөңгелек үстел мәжілісін өткізіп, соның аясында «Сабыр Ниязбеков» атты ғылыми басылымды таныстырды.
Руханият • 16 Қазан, 2022
Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада көрнекті жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Дүкенбай Досжанның туғанына 80 жыл толуына орай «Дүкенбай Досжан әлемі: жазушылық зертханасы және ұлт тағдыры» атты дөңгелек үстел мәжілісі өтті.
Сұхбат • 12 Қазан, 2022
Нағашыбай Алпысов, жыршы: «Қаншеңгелді» қақпақылға салмайық...
Жақында редакцияда Қостанайдан Астанаға ат арытып келген жыршы Нағашыбай Алпысов қонақта болып, биыл туғанына 150 жыл толған Ахмет Байтұрсынұлының өмір жолы мен шығармашылығы және жалпы Торғайдағы ақындық мектеп туралы әсерлі әңгіме өрбітті. Сондай-ақ жыршы Ахмет Байтұрсынұлының туындысы деп телініп жүрген белгілі ақын Хамитбек Мұсабаевтың «Қаншеңгел» поэмасы туралы да айтты. Біз сұхбатты осы шығармадан бастадық.
Қоғам • 11 Қазан, 2022
Астана қаласы әкімдігінің Орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Балалар және жасөспірімдер кітапханасында «Оқитын ұлт» жобасы аясында «Ай сәулесімен кітап оқиық» атты қызыққа толы кітапхана түні өтті.
Әдебиет • 10 Қазан, 2022
Әрбір талантты жазушының «ә» дегеннен әдебиетке келгенде оқырманды жалт қаратып, есімін әйгілеп, қолтаңбасын танытқан бірегей шығармасы болады. Көрнекті жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Дүкенбай Досжанның (1942-2013) дәл сондай төлбасы туындысы – «Жібек жолы» романы. Қабырғалы қаламгер бұл романды 27 жасында жазып, ол 1973 жылы «Жазушы» баспасынан 60 мың таралыммен жарық көрген. Сондай-ақ 1983 жылы «Дружба народов» журналының қосымша жазылымы жүйесінде 300 мың данамен басылып, іле-шала шығарма мадияр, украин, неміс, түрік, моңғол, пұштын тілдеріне аударылған. Тарихи туынды туралы сол кезде тәжік Зұлфықаров, әзербайжан Анар, қырғыз Қасымбеков, армян Грант Матевосян, молдаван Ион Друцэ, орыс Иван Уханов секілді белгілі жазушылар жылы лебізін білдіріпті.
Таным • 10 Қазан, 2022
Әдебиетімізде «Көшпенділер» және «Алтын Орда» атты трилогияларымен тарихи тақырыпқа алғаш түрен салып, тұтас бір мектеп қалыптастырған Ілияс Есенберлиннің орны бөлек. Ақмола облысындағы Атбасар қаласында көрнекті жазушы атындағы әдеби музей жұмыс істейді, онда айтулы тұлғаның өзі тұтынған біраз жеке заттары сақталған. Соның ішінен қаламгердің ұнатып, үнемі киіп жүрген плащына тоқталсақ дейміз.