
• 16 Қаңтар, 2019
Нөмір сатудан 4 миллиард теңге табыс түсті
Қазақстандық автобизнес қауымдастығының хабарлауынша, 2018 жылы жоғары сұранысқа ие 15 мыңнан астам мемлекеттік «әдемі» нөмірлер сатылған.
• 16 Қаңтар, 2019
Электронды қызмет – заманауи міндет
Кеше Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Электронды үкімет» және мемлекеттік қызметтер көрсетуді дамыту мәселесі қаралды. Елбасы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында мемлекеттік қызметтердің 2020 жылы кемінде 90 пайызын электронды форматқа көшіру туралы тапсырма берген болатын.
• 16 Қаңтар, 2019
Қаншама ұзақ ғұмыр кешкенімен өмірдің соңына қарай қамшының сабындай болып шолтаң ете қалатын, көрген түстей жалт етіп өте шығатын жарық дүниені ата-бабаларымыз «жалған» деген бір-ақ ауыз сөзбен түйіндепті. Күні кеше ғана ортамызда жүрген Есенқұл ақын айтқандай «Біздермен жерді бір басқан, сүйгізген, сүйген, мұңдасқан» Абай Сәдуақасұлының өмірден өткенін ойлағанда бұл тұжырымның ақиқаттығына көзің тағы бір жете түсетіндей...
• 16 Қаңтар, 2019
Қазақстанда баспасөздің міндеті
1925 жылы «Еңбекші қазақ» газетінің №407 санында жарияланған Смағұл Сәдуақасұлының бұл мақаласы сол кездегі газеттің шыққанына 4 жыл толуына байланысты есептік, бағыт-бағдарлық сипатта жазылыпты. Онда газеттегі сыни мақалалар жөнінде де айта келіп, «Мағжанның өлеңдерін басуымыз керек пе, жоқ па?» деген сауалға да қисынды жауап бере кетеді.
• 16 Қаңтар, 2019
Теңге бағамының тұрақтылығы сақтала ма?
Ұлттық банк өткен жылдың соңында 2018 жылғы IV тоқсан мен 2020 жылғы II тоқсан аралығындағы инфляцияға болжам жасап, Мемлекет басшысының инфляцияны біртіндеп азайту туралы тапсырмасы аясында 2018 жылы инфляцияны 5-7 пайыз аралығында болады деп белгіледі. Жыл қорытындысы бойынша ұлттық валютаның құнсыздануы 5,3 пайызды құрады. Ал 2019 жылы инфляцияны Ұлттық банк 4-6 пайыз аралығында сақтаймыз деп жоспарлап отыр.
• 16 Қаңтар, 2019
Дуал дауы саяси текетіреске ұласты
Уақытша бюджет тапшылығынан АҚШ-та үкімет пен бірқатар федералдық мемлекеттік органдардың жұмысы тоқтағанына 25 күн толды. IT саласында есептеу жүйесінің апатты және мерзімдік жабылуын білдіретін «шатдаун» (shutdown) термині Америкада Үкіметтегі осындай дағдарысқа байланысты қолданылып келеді.
• 15 Қаңтар, 2019
Зарина Дияс Australian Open турнирінің алғашқы кезеңінде сүрінді
Қазақстандық теннисші Зарина Дияс «Үлкен Дулыға» санатына жататын Australian Open турнирінде жеңіліс тапты деп жазады Olympic.kz.
• 15 Қаңтар, 2019
ҚР ҰЭМ: 2018 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның ІЖӨ өсімі 4,1% құрады
Алдын ала деректер бойынша, 2018 жылы ІЖӨ өсімі 4,1%-ды құрағаны белгілі болды. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
• 15 Қаңтар, 2019
Артем Захаров: Азия чемпионатында күтпеген жайттар болды
Велотректен Қазақстан ұлттық құрамасының үздігі Артем Захаров Олимпиада жолдамасы сарапқа салынатын жарыстар тізбегін бастады. Өткен аптада Джакартадағы Азия чемпионатының екі медалін иеленген ол бұл күндері «Астана» командасы сапында Австралияда жүр. Захаровтың Азия чемпионатындағы көрсеткіші оның рейтингтегі ұпайын толықтыра түспек.
• 15 Қаңтар, 2019
Қазақстан жастар құрамасы шаңғымен жарысудан әлем чемпионатына аттанады
Финляндияның Лахти қаласында шаңғы жарысынан жасөспірімдер мен жастар арасындағы әлем чемпионаты өтеді. 21-28 қаңтар аралығындағы додаға қатысатын Қазақстан командасының құрамы белгілі болды деп хабарлайды Olympic.kz.