
• 10 Қаңтар, 2019
Ұлуды бейнелегендер ұлы мүсінші ме?..
Аяқ алып жүре алмайтындай антикварлық мүсіндерімен, мыңдаған турист арнайы келіп тамашалайтын ашық аспан астындағы самсаған мәрмәр мүсіндердің музейлерімен мақтана алмаса да, Алматы өз бойына лайық, ажарын ашатын қолданбалы-кескіндемелік өнердің құнды туындыларынан кенде емес.
• 10 Қаңтар, 2019
Баспаналы болудың мүмкіндігі зор
Елбасының өткен жылы жарияланған бес әлеуметтік бастамасында халықтың нағыз көкейкесті мәселелері қозғалғаны белгілі. Осы бастама бойынша Ақмола облысында да атқарылған және жаңа жылда атқарылуға тиісті біраз игі істер бар. Соның ішінде Мемлекет басшысының бастамасында бірінші бастама болып белгіленген «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» бағыты бойынша оңды шаруаларды алдымен ауызға алуға болады.
• 10 Қаңтар, 2019
Көкшетаулық «Арлан» хоккейшілері құрлықаралық жарысқа қатысады
Хоккейшілер Ирландияда өтетін құрлықаралық кубоктің финалдық ойнына қатысады.
• 10 Қаңтар, 2019
• 10 Қаңтар, 2019
• 09 Қаңтар, 2019
«Жастар жылында» Маңғыстауда ірі шаралар қолға алынбақ
Әлеуметтік грант әлеуметтік жобаны іске асыруды көздеген жастарға Бүкіләлемдік банк 1 млн теңгеге дейін қаржы бөлмек. Олар өндірген өнім сатылымға емес, балалар үйіне, аз қамтылған отбасыларға беріледі. Өңірдің жас ғалымдарын инвесторлармен таныстыру, оларды халықаралық көрмелерге қатыстыру және еңбегін таныту мақсатында «Жас ғалымдар» форумы өтеді. Сондай-ақ, жастардың сапалы білім алуы үшін облыс әкімінің арнайы грантын бөлінеді.
• 09 Қаңтар, 2019
Батыс Қазақстан облысында медициналық сақтандыру қорына 4,2 млрд теңге жиналған
Батыс Қазақстан облысынан 2018 жылы Медициналық сақтандыру қорына түскен жарна көлемі 4,2 млрд теңгені құрады. Бұл жөнінде «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ БҚО бойынша филиалы баспасөз қызметі хабарлады.
• 09 Қаңтар, 2019
Учаскелік дәрігерлердің жалақысы көбейеді
Астанадағы Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты директорының клиникалық жұмыс жөніндегі орынбасары Шалғынбай Баймағамбетов Мемлекет басшысы Жолдауының басты мақсаты – қазақстандықтардың өмір сапасын жақсарту екендігін айтады.
• 09 Қаңтар, 2019
«Құлқынның құлы» - Талдықорғанда
Бикен Римова атындағы Талдықорған театрында драматург Тұрлыбек Мәмесейіттің «Құлқынның құлы» атты драмасы сахналанды. Бүгінгі қоғамның өзекті мәселесін көтерген уытты шығарма актерлер құрамының шеберлігімен әдіптеліп, көрермендер тарапынан ілтипатқа ие болды.
• 09 Қаңтар, 2019
Сусамыры бар сырқаттардың сабыры таусылды
Соңғы уақытта сусамырдың 1-түріне шалдыққан балаларды дәрі-дәрмекпен қамту біраз қиындық туғызып отыр. Басына түскен адам ғана біледі. Қант диабетінің 1-түріне шалдыққан адамның өмірі қандағы глюкоза деңгейін бақылап, ұстап отыруға тәуелді. Ешқандай демалыс күндерінсіз, аптаның 7 күнінде және жылдың 365 тәулігінде өмір үшін күрес жалғаса береді. Қант диабетінің осы түріне шалдыққандардың қанындағы глюкозаны жүйелі түрде реттеп, ем-домы үзілмеген жағдайда ғана оның ауыр салдары мен асқынуларынан сақтануға болады. Мұны баласы дертті әке-шеше ғана жақсы біледі.