Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
61172 материал табылды

09 Қаңтар, 2019

Қатерлі дерттің емі – инновация

Адамзаттың өркениет игілік­теріне ұмтылуын ғылыми ізде­ністерсіз көзге елестету әсте мүм­кін емес.

09 Қаңтар, 2019

Геометрияны ескірген пайымдардан қашан арылтамыз?

Мектеп оқулықтарының сапасы туралы сыни әңгімелер аз айтылып жүрген жоқ. Біз де бұл жерде 7-8-сыныптарға арналған геометрия оқулықтарындағы көптеген ұғымның жаңылыс, бұдан мыңдаған жылдар бұрынғы түсінікпен оқытылып келе жатқанын айтпақпыз. 

09 Қаңтар, 2019

Ерекше балаларға – ерекше назар

Кешкі уақыт. Орталық алдында жүзі сынық ананы кездестірдік. Ғимарат ішіндегі балалардың ойын-күлкісіне құлақ түрген оның назарын аудартып, әңгімеге тартпақ болдық. Сұхбаттасуды қаламады... Одан ары біздің жанарымыз жарық бөлме ішіндегі жас өскіндерге ауысты. Олар да ойын алаңшаларында асыр салып ойнағысы, жасыл алаңқайда құйғытып жүгіргісі келеді. Бірақ санасы сүттен тұнық жас өскіндердің жағдайы мұндай әрекеттерге мүмкіндік бере бермейді. Дегенмен тағдырдың тәнге салған сынағына мойынсұнар олар емес. Көздері шырадай жанған балдырғандардың шетінен арманы асқақ, мақсат-мұраты биікте.  

09 Қаңтар, 2019

«Қазпошта» ішкі нарықтағы Amazon мен Alibaba-ға айналады

Соңғы онжылдықта электронды сауданың қарқын алуы тауар бағасының арзандауына айтарлықтай ықпал етті. «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Сәкен Сәрсеновтің айтуынша, Қазақстан азаматтарының дүкен мен базарлардан алып келген өнімдерін онлайн дүкендерден 2-2,5 есеге арзанға алуға мүмкіндігі бар. Халықтың электронды сауда мен оның артықшылықтары туралы сауатының ашылуы соңғы бірнеше жылда елімізде онлайн тұтынушылар санының геометриялық прогрессиямен өсуіне сеп болған. «Егемен Қазақстан» газетіне берген эксклюзивті сұхбатында «Қазпошта» басшысы елдегі электронды сауданың қазіргі тенденциясы мен болашақ әлеуеті туралы кеңінен әңгімеледі. 

09 Қаңтар, 2019

Таиланд туристерді тартуды жалғастырып жатыр

«Таиланд үкіметі 20 елден, соның ішінде Қазақстаннан келген туристерге тегін виза беру мерзімін 2019 жылдың 30 сәуіріне дейін ұзарту туралы шешім қабылдады» деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігі.   

08 Қаңтар, 2019

Аттан жығылған бала

Жаңа бастаған жылда­ да қызыл­ордалық ба­йы­р­ғы фо­то­тілші Болат Омар­әлиев­­пен шығарма­шылық бай­­ла­нысымыз баянды болсын дей отырып, селт еткізер сәт­тер, сирек суреттерді сөйлете бер­мекпіз. 

08 Қаңтар, 2019

Хан Кененің қаруы

Елорда төрінде орын тепкен Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Әскери-тарихи музейінің ауыспалы экспозициялық жәдігерлер көрмесі орналасқан төменгі залында, қазақ халқы үшін құнды заттың бірі – Кенесары Қасымұлының мылтығы тұр. ХІХ ғасырдың ортасында Ұлы  далада өрістеген ұлт-азаттық  қозғалыстың көсемі, атақты Абылай ханның немересі Кенекең осы мылтықпен жау түсірген.

08 Қаңтар, 2019

Музыкалық туризмді дамыту - өзекті мәселе

Музыкалық туризмді дәл қазір Қазақстанда дамыту – өзекті мәселе. Өр­ке­ниетті елдерде туризмнің бұл түрі бүгінде де алтын кілті табыл­ған табысты салаға айналып отыр. 

08 Қаңтар, 2019

Мәңгілік өмір симфониясы

Аманат Назарқұл − Қазақстан монументалды өнер саласына айрықша үлес қосып жүрген суретшілердің бірі. Жуырда өткен «Мәңгілік өмір симфониясы» атты жеке көрмесінде монументалистің қырыққа тарта шығармашылық туындысы қойылды.