
Қазақстан • 31 Қаңтар, 2019
Ерлан Қарин: Ұлттық арна – ұлт мәдениетінің ұйытқысы
Ұлт мәдениетінің іргелі ордасы һәм қазақ тележурналистикасының ошағы – «Qazaqstan» ұлттық арнасы еліміздің рухани-ақпараттық кеңістігінде айрықша орны бар құрылым. Аталмыш мекеме өткен жылы 60 жылдық мерейлі мерекесін атап өтумен қатар, қазіргі таңда Елбасы саясатын насихаттауда, елішілік тұрақтылық пен қоғамдық сананы қалыптастыруда елеулі рөл атқарып отыр. Осы орайда, мекеменің қазіргі тыныс-тіршілігімен оқырмандарымызды хабардар ету үшін «Қазақстан» РТРК АҚ Басқарма төрағасы Ерлан ҚАРИН мырзамен жүргізген сұхбатты ұсынып отырмыз.
Қазақстан • 31 Қаңтар, 2019
«Zhas projekt» форумында «Алтын жұмыртқа» мен «Ешкі сүтінің пайдасы» жобалары зор қолдауға ие болды
Бұған дейін Қостанай, Қызылорда, Ақтөбе, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облыстарының аумағында Дүниежүзілік банк пен Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылған қанатқақты жоба міне, Семей қаласына да келіп жетті. Бұл жобаны Үйлестіру агенттігі Жастар корпусын дамытушы «Zhas projekt» деп атап отыр. Жобаның басты мақсаты әсіресе, ауыл жастарын нәтижелі жұмыспен қамту және олардың қажетті дағдыларын дамыту арқылы, қоғамдық пайдалы қызметке тарту болып табылады.
Қазақстан • 31 Қаңтар, 2019
Көкбөріше қиындықпен қидаласып...
Қамқорлықтың жоқтығынан көсегесі көгермей тұрған ұлттық спорттық ойынның бірі – көкпар. Өзге спорт түрлерінің мұрты майланып жатқанымен, өз өнеріміз өгей баланың санатында. Мемлекет тарапынан көк тиын қаражат бөлінбейді. Көкпаршылар өз ынтасы мен сүйіспеншілігін серік етіп сынықсүйем алға жылжытуға тырысуда.
Қазақстан • 31 Қаңтар, 2019
Қазынашылық жүйе, қаражатты тиімді басқарады
Биыл Қазақстанның қазынашылық жүйесінің құрылғанына 25 жыл толады. Атаулы мерейлі күн жақындаған сайын қызығы мен қиындығы мол жолымызды ой елегінен өткізіп, межелеген болашағымызды ойша пайымдаймыз.
Қазақстан • 31 Қаңтар, 2019
Президент жастардың бүгіні мен болашағына қамқорлық жасауды өз саясатының негізгі мәні деп санайды. Ол жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауларында жастар саясатын жетілдіру бойынша іргелі тапсырмалар беріп жүргені белгілі, өйткені жастар қоғамның бір бөлігі ретінде мемлекетте маңызды рөл атқарады.
Қазақстан • 31 Қаңтар, 2019
Ақтөбелік кәсіпкерлерге Салық заңнамаларындағы өзгерістер туралы түсіндірілді
Ақтөбелік кәсіпкерлерге салық заңнамаларындағы жаңа өзгерістер туралы ақпарат берілді. «Салық туралы қарапайым түсінік: Салық-2019» конференциясын Республикалық кәсіпкерлерге көмек орталығы «Атамекен» ҚР ҰКП қолдауымен ұйымдастырылды. Жиынға 600-ге жуық кәсіпкер қатысты.
Қазақстан • 31 Қаңтар, 2019
Шетелге кетудің негізгі себептері неде?
Қазіргі таңда шетел асып, білім алу, жұмыс істеу оңайға айналды. Сондықтан шығар, кейінгі жылдары сыртқы көші-қон толастамай тұр. Әсіресе жайлы өмір іздеген жастар жат жұрттан «жұмақ» іздеп, мұхит асып жатады. Статистика комитетінің деректеріне сүйенсек, жыл сайын 14-28 жас аралығындағы 8 мыңға жуық жас шетел асады екен. Сарапшылардың айтуынша, мұның бірнеше себебі бар. Тұрақты жұмыстың болмауы, болған күннің өзінде жалақысының мардымсыздығы, ең өзектісі – баспана мәселесі жастардың «жайлы өмір» іздеп шетел асуына өз «септігін» тигізіп отырған.
Қазақстан • 31 Қаңтар, 2019
Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында қоғам мүшелерінің екі мәселеге назар аударуын атап өткен еді. Оның біріншісі, ұлттық кодты сақтау, екіншісі, қоғамның кертартпа құбылыстарынан арылу. Ұлттық кодты сақтау дегенде, ең бірінші, біздің қазақ екенімізді анықтайтын, жан дүниеміздің айнасы – ана тілімізді сақтау керек. «Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады», деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқан. Ұлан-байтақ жері бар қазақ елі мәңгілік жасасын десек тілімізді, ұлттық болмысымызды, салт-дәстүрімізді сақтауымыз керек.
• 31 Қаңтар, 2019
Алматы облысында «Салбурын – 2019» құсбегілер сайысы өтті
Алматы облысы Ақсу ауданының Қызылағаш ауылында республикалық «Қыран» федерациясы мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен «Салбурын – 2019» құсбегілер сайысы өтті.
Қазақстан • 31 Қаңтар, 2019
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында ұлтымызды сақтау мен өркендету үшін, біздің ойымызша, екі үлкен дәуірлік мәселе көтерген десек, біріншісі – төл дәстүріміздің өміршең тұстарын заманауи сұраныстармен сабақтастыру, екіншісі – бүкіл адамзат баласына ортақ жаһандану үдерісінің өзіміз үшін тиімді тұстарын игеру.