Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90811 материал табылды

Елбасы • 06 Қаңтар, 2010

РОЖДЕСТВО МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев православиелік христиандарды және барша қазақстандықтарды жарқын мейрам – Рождество мерекесімен құттықтады. Бұл мереке – адамзаттың жақсылық, мейірімділік, есіркеу және сүйіспеншілік сияқты айнымас асыл құндылықтарының белгісі, делінген Елбасы құттықтауында.

Тұлға • 06 Қаңтар, 2010

ҚҰБЫЛЫС

Заманымыздың заңғар ақыны, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қадыр Мырза Әлімен әңгіме Қазақ әдебиетінің киелі әлемінде қазірде әрбір қазақ үшін қадірменді Қадыр ақын есімінің орнығып, жасап келе жатқанына жарты ғасыр бедерінен асып барады.

Пікір • 06 Қаңтар, 2010

ЕРЕКШЕ ЕЛ

Еліміздің дәйім әлем наза­рында тұ­ратындығы көз қуантып, көңіл сүй­сін­теді. Жылдың алғаш­қы жұмыс күнінде бізге Сыртқы істер министр­лігінен жолданған мына мақала соның бір айғағы. Америка Құрама Штат­тарының Қазақстан Респуб­лика­сын­дағы Елшісі қызметін бірнеше жыл же­місті атқарған­дығымен ел халқы­ның есінде қалған қайраткер – Джон Ордвей өткен жылдың соң­ғы айында “Еуропа 2001” жур­налында жа­рия­ланған мақала­сын­да Қазақ­стан­ның өз өмірінде алар орны жө­нінде ой тол­ғайды.

Елбасы • 06 Қаңтар, 2010

БІРТУАР

Нұрсұлтан Назарбаев феномені қазір әлем мемлекеттері тарихын зерттеуші­лер­дің назарын өзіне аударып отыр.

Талбесік • 06 Қаңтар, 2010

ТӨРЕ ТҮЛІК ТӨРГЕ ОЗСЫН ДЕСЕК...

Қазақ үшін жылқының орны бөлек. Қазақ пен жылқы егіз ұғым десе де болғандай. Қаншама ғылым мен техника жетістіктерін игердік, өркениетке жеттік дегенмен төре түлік біздің ұлттық брендіміз болуы керек-ақ. Жылқы өсіру тек қазақтығымызды көрсету үшін емес, нарықтық жағдайда пайданың да көзі болғалы тұрғанын ескеретін кез келді.

Құқық • 06 Қаңтар, 2010

СОТ ПЕН БАҚ: СЫНДАРЛЫ ДИАЛОГ

Солтүстік Қазақстан облыстық соты­ның журналистермен өткізген дөңгелек үстеліне сот пен БАҚ арасындағы сын­дар­лы байланыс басты тақырып арқауы­на айналып, жан-жақты пікірлер алма­сылды, орнықты ойлар айтылды.

Тұлға • 06 Қаңтар, 2010

“АТАНЫҢ ЕМЕС, АДАМНЫҢ ҰЛЫ БОЛУҒА ТЫРЫСТЫМ”

“Жігіттік дәурен өткен соң, кісілік дәурен келеді” деп Майлықожа бабамыз айтқандай, сол кісілік дәурен адамның өткен ғұмырының маңыздылығымен, артына қалдырған үлгі-өнегесімен, өзі өмір сүрген дәуірдің белгілі бір кезеңінің жүгін зейінмен зерделеп, пейілмен пернелей көтерген білігімен, парасат-пайымымен өлшенсе керек.

Қоғам • 06 Қаңтар, 2010

ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ МОДЕЛЬ ТӘЖІРИБЕСІ

Әлемдік жаһанданудың пайда болып, оның одан әрі дамуында Еуропаның айтарлықтай үлес қосқандығы күмәнсіз. Бұл орайда атап айтарлығы, әлемдегі белгілі ондаған интеграциялық модельдер­дің арасындағы ең табысты әрі шарықтап дамығаны Еуроодақ болып табылатындығы да ешкімді шүбәландырмаса керек.

Қоғам • 06 Қаңтар, 2010

МҰХТАР МАҒАУИНГЕ АРНАЛДЫ

Екі жылдан бері елордадан шы­ғып келе жатқан “Алтын тамыр” әдеби журналының кезекті саны жарық көрді.

Ауа райы • 06 Қаңтар, 2010

ҚАҢТАРДАҒЫ АЯЗ БЕН ЖАҢБЫР

Қысқы шілдеде Қостанайдың ауа райы құбылып берсін. Өңірде қыс биыл да кеш түс­кен. Қарды қостанайлықтар жел­тоқ­санның ортасы ауа көрді. Қар­мен бірге аяз келді, сынап баға­на­сы 40-қа дейін төмен түсіп кет­кен­де жұрт таби­ғат­тың тамаша құбы­лысын қызық­тады – таяқ тастам жер көрінбес ақ тұман тұрып ал­ған.