Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
61159 материал табылды

19 Наурыз, 2018

Ақтөбе облысының имамы жамағатқа жаңа үлгіде дәріс жүргізді

Ақтөбе облысының өкіл имамы Төлеби қажы Оспан Наурыз мерекесі қарсаңында ақтөбелік жамағатқа жаңа үлгіде дәріс жүргізді. Бұл дәріс Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында қамтылған «Қазақстанның эволюциялық дамуы» тақырыбына арналды.

19 Наурыз, 2018

Қызылорда облысының әкімі Арал қаласындағы апатты үй тұрғындарымен кездесті

Тұрғындармен кездесу барысында Қырымбек Көшербаев олардың жаңа тұрғын үймен қамтылатынын айтты, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

19 Наурыз, 2018

БҒМ жалған ақпарат тарату дерегі бойынша мәлімдеме жасады

БҒМ жалған ақпарат тарату дерегі бойынша мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Білім және Ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

19 Наурыз, 2018

Ерлан Сағадиев: Елімізде информатика пәні бірінші сыныптан бастап оқытылуы мүмкін

Мектептерде информатика пәнін бірінші сыныптан бастап оқыту мәселесі қарастырылып жатыр, деді Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Мәжілістегі үкімет сағатында.

19 Наурыз, 2018

Солтүстік Қазақстанда Сегіз серіге арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында Қызылжардың қасиетті жерінде Мұхамедқанапия Баhрамұлы Шақшақовтың /Сегіз сері/200 жылдығына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Спорт • 19 Наурыз, 2018

Ақтөбеде футбол-жаттығу кешені ашылды

Ақтөбе аймағында футболға бейімі бар, спорттың осы түрі бойынша болашағынан үлкен үміт келтіретін жас дарындарды қолдау бағытында тағы бір іргелі қадам жасалды. Оның басты бір көрінісі «Бақытты бала» жобасы аясында пайдалануға берілген футбол-жаттығу кешені болып отыр. Осылайша жиырма жылдан астам уақыттан бері қаңырап бос тұрып қалған ескі фабрика ғимараты күрделі жөндеу жүргізілген соң адам танымастай болып қайта жаңғырды. Нысанның екінші тынысы – мемлекет-жекеменшік әріптестік аясында ашылған.

19 Наурыз, 2018

Жүрегінің жарығымен жол бастаған Қасымбек Медиұлы

Адамның өмірде абыройлы болмағы алдымен Алладан, одан кейін өзінен шығар. Жаратушы біреуді еңіске, біреуді тегіске салып сынайды. Сол сында сынып кетпегеннің маңдайы жарық, мерейі үстем. Ол ол ма, асыл туған, асып туған кей тұлғалар өзгелердің алдына түсіп, көне грек аңызындағы Данко құсап, өз кеудесінен жұлып алған жүрегінің жарығымен жол бастайды. Бір қауым елдің тағдырын осы жол шешеді. Бұл күнде сексенге келіп, халқының құрмет төрінде отырған Қасымбек ақсақалдың маңдайына жол бастау мен ел басқаруды жазған екен. «Өткен күнде белгі жоқ» деген, патша уақыт адам жадында қиын-қыстау кездерді ұмыттырып, қы­зық-қуанышты ғана қалдыруға шебер. Әйтпесе шаруашылық істер мен қо­ғамдық-саяси қарбаластарға толы ғұмыр жолы тақтайдай тегіс болуы мүмкін бе?!  

19 Наурыз, 2018

Станимир Стойлов: Талабымды орындайтын футболшыларға сенім артамын

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станимир Стойлов алдағы жолдастық кездесулер алдында өзінің алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді. Естеріңізге сала кетейік, ұлттық құрама 23 және 26 наурыз күндері Венгрия және Болгария құрамаларына қарсы ойнайды. Станимир Стойлов журналистердің маңызды деген бірқатар сұрақтарына жауап берді.

19 Наурыз, 2018

Елі құрметтеген Қожықов еді

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақтың әйгілі «Қыз Жібек» фильмін дүниеге әкелген көрнекті кинорежиссер, Қазақ КСР мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сұлтанахмет Қожықовтың 95 жылдық мерейтойына орай, Алматы қаласының орта білім беру мекемелерінде режиссер шығармаларын насихаттауға бағытталған мәдени іс-шаралар өтуде.