
Қазақстан • 20 Наурыз, 2018
Кітап қолыңызға тиді, аңсар аударған бұл Шейх Ахмет Құдайдад Таразидың 1436-1437 жылдары жазып, мұра етіп қалдырған «Көркем сөз өнері» – әдебиеттану, әдебиет теориясы саласындағы түркі тіліндегі тұңғыш туынды. Еңбекте автор поэзияның көркемдік заңдылықтарын, жеке сөздің өлең құрылысындағы рөлін анықтайды.
Аймақтар • 20 Наурыз, 2018
Ақмолада су тасқынының алдын алу үшін дайындық жұмыстары жүріп жатыр
Қазіргі таңда еліміздің кейбір өңірлерінде көктемгі су тасқынының алдын алу үшін қауырт шаралар қолға алынуда. Бұл ретте Ақмола облысында да қызу дайындық жұмыстары жүргізілуде. Бұған көз жеткізу үшін облыстық төтенше жағдайлар департаменті өткен аптада су қаупі басым Атбасар ауданындағы жағдаймен жіті таныстыру үшін бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне баспасөз турын өткізген болатын. Бұл жолы журналистер Зеренді мен Сандықтау аудандарындағы жағдаймен танысты.
Аймақтар • 20 Наурыз, 2018
Батыс Қазақстанда тасқын қаупі бар
Биыл Батыс Қазақстан облысында топырақ қабатындағы тоң жылдағыдан 2-3 есе қалың қатқан. Күн күрт жылынып, жаңбыр жауатын болса, еріген қар жерге сіңе алмай, көл-дария болуы мүмкін. Ал ауа райын болжаушылар наурыз мейрамынан соң өңірде күн райы жылынуы мүмкін деп отыр.
Қазақстан • 20 Наурыз, 2018
2018 жылдың жарты жылдығына арналған ауа райы айқындалды
Қазақстан бойынша 2018 жылдың жарты жылдығына арналған ауа райы болжамына байланысты Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында сәуір айының жылы әрі жауын-шашынды болатыны айтылды. Оған «Қазгидромет» РМК Гидромет орталығының директоры Марина Шмидт, Aуа райының ұзақ мерзiмдi болжамдар басқармасының басшысы Гүлмира Ақышева және Гидрология департаментінің директоры Дидар Жәнібекұлы қатысты.
Аймақтар • 20 Наурыз, 2018
Арқада апаттың алдын алу жұмыстары пысықталды
Ерте көктем туа Арқада алдымен өкпек жел соқты. Мұнысы даланы қымтап жатқан қасат қарды тесуге таптырмайтын тегеурінді күш. Көктемнің кәдімгі қара суығы. Одан кейін облыстың кей жерлерінде сіркіреп жаңбыр жауды. Бұның да өз хәлінше қар көбесін сөгерлік қауқары бар-ды. Енді, міне, қылышын сүйреткен қыс қыр аса бере, шағырмақ күндер басталды. Қардың шеті жіпсіп, жіңішке жүлгелерді қуалап су аға бастады.
Қазақстан • 20 Наурыз, 2018
Әнес Сарай: Алаштың табаны – Торғай, өзегі – Семей, жұлыны – Жымпиты
Уақытша үкіметтің басқару органы «Учредительное собрание» («Комуч») мүшелерімен кездесуге Алашорда атынан 1918 жылдың шілде айында Семейден Ә.Бөкейханов пен Ә.Ермеков, Түркістаннан М.Шоқай, Батыстан У.Танашев төртеуі Самарада бас қосады. Бұлар «Комичпен» келіссөз жүргізді. Нәтижесінде, 20-қыркүйекте Уфада Уақытша үкімет жанынан Алашорда Кеңесі ашылды.
• 20 Наурыз, 2018
Жазу мәселесі туралы соңғы сөз
Әліпби ауыстырудай күрделі іс Алаш арыстары тұсында да өткір мәселе болған-ды. Талай тартыс, дау-дамай болғанын сол кездегі газеттің сарғайған беттерінен көреміз. Авторы «Жүсіпбек» деп жазылып (Аймауытов – ред.), «Еңбекшіл қазақ» газетінің 1924 жылғы №208-209 нөмірлерінде жарық көрген «Жазу мәселесі туралы соңғы сөз» атты мақаланың алғашқы бөлімін ұсынып отырмыз.
• 20 Наурыз, 2018
Жас педиатрлардың тұңғыш басқосуы
«Білім-ғылым үйренбекке талап қылушыларға әуелі білмек керек. Екінші – ғылымды үйренгенде, ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек» деген Абайдың 32-қарасөзімен тұңғыш рет ел педиатрларының ғылыми мәжілісі өтті. «Педиатрлар одағы» қоғамдық бірлестігі мен С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың балалар аурулары кафедрасы ұйымдастырған жиын педиатрия және балалар хирургиясының бүгінгі өзекті мәселелері тақырыбына арналды.
Қазақстан • 20 Наурыз, 2018
Кесарь тілігі – амалсыздан жүгінетін тәсіл
Кесарь тілігі – ғасырлар бойы жасалып келе жатқан хирургиялық тәсіл. Небір жансыздандыру әдістері мен антибиотик дәрілер көбейген сайын жатырды тілу арқылы босандыру әлемде қалыпты құбылысқа айналды. Бүгінде Америка, Батыс Еуропа мемлекеттері ешқандай медициналық көрсеткіштерсіз-ақ, тек әйелдің қалауымен бұл отаны оп-оңай жасай беретін болды. Ал Қазақстандағы жағдай қандай? Жалпы, іштегі шарананы кесарь жолымен алу міндетті әдіс пе, әлде ана мен бала өмірін сақтаудың жалғыз жолы ма? Бұл туралы Астана қаласының №3 перинаталды орталығы қабылдау-диагностикалық бөлімшесінің меңгерушісі, 25 жыл бойы талай сәбидің кіндігін кескен жоғары санатты дәрігер Гүлшат СЕРІКБАЕВАМЕН әңгімелескен едік.
Қазақстан • 20 Наурыз, 2018
Медицинада сирек кездесетін сырқатты орфандық аурулар деп атайды. Ресми деректерге жүгінетін болсақ, Жер шарындағы адамдардың шамамен – 3, кейбір деректерде 6-8 пайызы осы ауруға шалдығады екен.