
Парламент • 20 Наурыз, 2018
Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Сенат бюросының отырысы өтті
Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты бюросының отырысы болды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Қазақстан • 20 Наурыз, 2018
Алматыда Елбасы Үндеуін талқылауға арналған республикалық кеңес өтті
Алматыдағы Достық үйінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуін талқылауға арналған Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық кеңесі өтті. Іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Леонид Прокопенко бастаған Ассамблея мүшелері мен этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, сондай-ақ бірқатар зиялы қауым өкілдері қатысты.
Үкімет • 20 Наурыз, 2018
Үкіметте білім саласын цифрландыру мәселесі қаралды
Мәжіліс Төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаеваның төрағалығымен «Білім беру саласындағы цифрландыру» тақырыбына арналған Үкімет сағаты өтті.
Парламент • 20 Наурыз, 2018
Сенатта съезге әзірлік мәселелері пысықталды
Парламент Сенатының Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI съезіне әзірлік жөніндегі мемлекеттік комиссияның алғашқы отырысы болды. VI Съезд 2018 жылғы 10-11 қазанда Астанада өтеді, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Қазақстан • 20 Наурыз, 2018
Жамбыл облысы. Шайынды судың шырғалаңы
Экология мәселесі бүгін шешілмесе, ертең әлеуметтік-экономикалық шығындарға ұрындыратын ауқымды проблемаға айналуы мүмкін. Бұған әлемде де, өз елімізде де мысалдар жетерлік. Өндіріс орындарынан шығарылатын зиянды заттар, тұрмыстық қатты қалдықтар мен қоғамдық көліктерден бөлінетін түтін де бүгінде осы экологиялық ахуалды күрделендіре түсетін, тиімді шешімін табуы тиіс түйткілдердің қатарында. Мұндай мәселелер Жамбыл облысында да жоқ емес.
Қазақстан • 20 Наурыз, 2018
Қара алтын нарығын қандай өзгерістер күтеді?
Әлемдегі мұнай нарығы биылғы жылы да басты назардағы тақырыптардың бірі болып тұр. Brent маркалы мұнай бағасы 60 доллардан жоғарылай ма, әлде арзандай ма? Болжамдар сан түрлі.
Парламент • 19 Наурыз, 2018
Діни лидерлердің VI Съезіне әзірлік жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы болды
Бүгін Парламент Сенатының Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI Съезіне әзірлік жөніндегі мемлекеттік комиссияның алғашқы отырысы болды. VI Съезд 2018 жылғы 10-11 қазанда Астанада өтеді, деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.
• 19 Наурыз, 2018
Назарбаев мектептерінің наурыз кездесулері Астана сәулетіне арналды
Биыл Назарбаев зияткерлік мектептерінің дәстүрлі наурыз кездесулері Астана қаласының айшықты сәулетіне арналып отыр. Яғни, сегізінші мәрте өткен наурыз кездесулері елорданың 20 жылдығы мен Назарбаев зияткерлік мектептерінің құрылғанына 10 жыл толуы аясында ұйымдастырылды.
• 19 Наурыз, 2018
Тіл мәдениетін зерделеген Мырзатай Серғалиев
Белгілі ғалым, Ұлттық ғылым академиясының академигі Мырзатай Серғалиев – қақ-соқтан аулақ, жастардың көңілін жықпай, тілегін қабыл алып жүретін қарапайым қазақ еді.